Бастауыш сынып оқушыларына арналған тренинг жаттығулар
Нургалиева Еркетай Рысбаевна
КГУ СОШЛ №38, г. Семей
Учитель начальных классов
Жаңа заман талабы жеке тұлғаны дамыту мен танымдық ауқымын кеңейту деңгейінде әр түрлі технологияларды және әдістерді қолдануды қажет етеді. Бастауыш сынып сатысында бала педагогикалық экологияны сақтаған, жағымды микроахуалда, табысқа жетуін қамтамасыз ететін жағдайда тәрбиеленгені жөн.
Оқушының қабілеттілігінің дамуы белсенді еңбек пен оқу үрдісінде игеріледі. Бала- шығармашылықтың қайнар көзі. Табиғаттың берген сыйы. Ендеше, балалардың шығармашылығын дамыту, белсенділігін, іскерлігін арттыру мақсатында жүргізілетін жаттығу-тренингтерді ұсынамын.
- «Бәріміз бірге».
Мақсаты: балалардың бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану.
Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды(әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс). Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолдарынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау.
- «Керісіншелер елі».
Мақсаты: Ойша әрекет ету қабілетін жаттықтыру.
Жаттығудың жүргізілуі: балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты.
- «Ормандағы ағаштар» ойыны.
Мақсаты: Балаларға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру. Музыка ойналады.
Мәтін: Сендер ағашқа айналуға дайынсыңдар ма?
Бір-біріңнің артына тұрыңдар. Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды. Саусақ-жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жәй ғана тербеледі. Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді.
Алдыңғы тұрған ттұрған баланың арқасын саусақтарыңмен жауын тамшыларындай тырсылдат. Кәдімгі майда жаңбыр жауып жауып тұрғандай қимыл жеңіл болу қажет.
Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады… Талдар бір-біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қорғапр, сипалай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды, олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалады.
- “Ондай болуы мүмкін емес”
Қазақ халқының салт-дәстүрінде өтірікшілер сайысы кең тараған шығармашылықтың түрі болған. Сол өнердің элементтерін бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамытуға кеңінен пайдалануға болады.
Топтағы оқушылардың біреуі ешқандай болуы мүмкін емес өтірік нәрсені айтады: ақиқатта болмайтын заттар, олармен болған оқиғаларды,болуы мүмкін емес табиғат құбылыстары мен ол жағдайдағы өзінің әрекеттері,табиғатта кездеспейтін жануарлар және олардың хикаялары туралы оқиғаларды айтып береді. Бес өтірік сюжетті қатарынан қисынын келтіріп айтып берген кезде ешкім “ондай болуы мүмкін емес” деп айтпаса, сол ұтады. Олардың барлығы мараппатталады.
- “Егер осылай болса…”
Балалардың біреуі фантастикалық жағдайды ойлап табады, ал басқалары оның шешімін табуы керек. Мысалы:
– егер әр адам труғаннан бастап барлық басқа адамдардың ойлаған ойларын оқуға қабілеті болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
– егер жер бетіндегі адамдардың әрқайсысы өзіне ғана түсінікті тілде ғанасөйлейтін болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
– егер жануарлар тілін адамдар түсіне алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
– егер адамдар құс сияқты ұша алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
– егер оймен барлық өсімдіктер өмірін басқаруға болатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
– егер адамдар жер астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
– егер адамдар су астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? т.с.с.
Фантазиялық әңгімелерге үлесін қосқандардың барлығы марапатталынады.
- “Сиқырлы қалам”
Жаттығуды жүргізу үшін қалам мен қағаз керек. Жүргізуші барлық қатысушыларға жаттығуды орындау шартын түсіндіреді. Ойынға қатысушы қаламды қолына алмастан, оны төрт түрлі бұйрық беріп (“Жоғары!”, “Төмен!”, “Оңға!”, “Солға!” деген бұйрықтар беріледі.) қашықтықтан басқарып отырады. Бұйрық бойынша қалам қағаз бетімен жоғары, төмен, оңға, солға жылжып, сынық сызықтар ретінде із қалдырады. Қаламның барлық қадымдары бірдей болуы керек.
Жаттығуды орындаудың бастапқы кезеңінде ойынға қатысушылар кезекпен бұйрық береді, ал жүргізуші қаламға ол бұйрықтарды орындауға “көмектеседі”. барлық қатысушылар ойын ережесін меңгергеніне жүргізушінің көзі жеткеннен соң балаларға тапсырманы қиялымен орындау тапсырылады. Өздерінің ойындағы қаламдарымен көз алдына елестеткен қағазға жорамалдағы сызықтарды түсіру үшін қатысушылар бірінен кейін бірі қаламға бұйрық беріп отырады. Ең бірінші қарапайым фигуралар (квадрат,үшбұрыш т.с.с.) салынады. Кімнің бұйрық беретіні отырған ретімен шеңбер бойынша анықталады.
Ешкім ешкіммен қандай фигура салатыны туралы алдын ала келіспейтіні туралы жүргізуші ойынға қатысып отырған балаларға түсіндіріп береді. Сондықтан қатысушылардың барлығы өзінен бұрынғылардың бұйрықтарын зейін салып тыңдап отыруы керек. Біртіндеп салған фигуралары күрделі бола бастайды.
Өзара қабылдау және түсіну тренингі.
«Егер құс болса, ол қандай?» ойыны. Қатысушылардың біреуі есіктің ары жағына шығып кетеді, ал топ өз іштерінен ол табатын бір адамды дайындайды, ол бөлмеге қайтып келген соң, топқа олар ойлаған адамды табу үшін сұрақтар қоя бастайды. Олар мынадай болуы мүмкін: белгісіз адамды белгілі бір құспен, аңдармен, жыл мезгілдерімен, мемлекеттермен, балықтармен т.б. салыстырады. Белгісіз адам туралы топ қандай ассоциация береді, табушы адамда белгілі бір образ қалыптаса бастайды. Тапқан соң сол адамның есімін айтады. Топқа он бес кісіден аз болса, жаттығуды бір рет өткізген дұрыс. Мынадай ассоциация сұрақтарын ойын барысында қолдануға болады:
- егер гүл болса, ол қандай?
- егер аң болса, ол қандай?
- егер жәндік болса, ол қандай?
- егер киімнің бір түрі болса, ол қандай?
Ойынды алғашқы рет өткізген болса, онда жетекшінің ролі маңызды және ол белсене көмектесіп, қатысу керек, мысалы табушы адамға ассоциация- сұрақтарын дайындауға немесе қоюға еөмектеседі. Бірақ белгісіз адамды табуға көмектеспеуі керек. Сонымен қатар, жетекші ойын барысында «қауіпсіздік техникасын» сақтап отыру тиіс, яғни ренжітетін, мазақ болатын ассоциацияларды айтқызбауы керек. Әрине, бұл ойында басты рольде сұрақ қойып, образ жасайтын емес, сол образдағы, яғни (тапқан) жасырын белгісіз адам басты рольде. Егер таба алмаған жағдайда жетекші айтылған ассоциациялардың барлығы кімге айтылғанын топ алдында білу керек. Жалпы барлығынан не сезінгендерін, не қуантты, не ренжіткендерін сұрап, қатысушылармен бірге талдау жасау керек.
«Сыйлықтар» ойыны.
Вариант 1.
Барлық қтысушылар бір- бірлеріне үнсіз (көрсетіп) сыйлықтар сыйлайды. Бұл үшін қатысушылар бір бет қағаз алады. Содан кейін жетекші А деген адамға сыйлықтар жинағы басталады деп айтады. Барлығы атын, белгіленуін, сипатын, көлемін т.б. жазады. Сыйлықтар кімнен екенін жазылмайды. Жетекші барлығын жинап алады, берілгенг адамдарға тапсырылады. Одан кейін, әрқайсысы өз қалауынша қандай сыйлықтар алғанын бөліседі, ұнағаны, ұнамағаны, таң қалдырған сыйлықтары бар ма екені талқыланады. Қанша сыйлық алғанын айтады, романтикалық па әлде күнделікті өмірдегі сюрприздер ме екені айтылады.
Вариант 2.
Сыйлықтарды жинау процедурасы жалғасады, бірақ ары қарай ойыншы сыйлығын дауыстап оқып тұрып, берген, сыйлықты берген адамды табуға тырысады.
Вариант 3.
Сыйлығы бар беттерді алып, екі топқа бөліп қояады. Бірінші жағында өзіне ұнаған немесе қатты таң қалдырған сыйлықтарды бағана бойынша, үстіңгі жағына қымбат сыйлықтарын іліп қояды. Ал екінші жағына ұнамаған, жағымсыз сезімдер тудырған сыйлықтарды орналастырады. Қымбат сыйлықтарға жоғары балл беріледі, ұнамсыз сыйлықтарға- нол балл қойылады. Басқа қатысушылармен салыстырады. Қайсысында көп ұпай екенін білуге тырысады.
Бұл процедураның маңыздысы топтың көпшілігінде таң қалу сезімі, қуану, т.б. жағымды сезімдер болады, әр қатысушы өз ойларын білдіреді.
«Мен сен үшін жауап беремін» ойыны.Өз қалауымен бір кісі шығады. Ол топ ішінен өзіне ең жақын адамды таңдайды. Бір- біріне жақын отырып, қайсысы ол үшін жауап беретінін келісіп алады. Бұл ойында топтағы қатысушылар (топ) екеуіне сұрақ қояды, бірақ екіншісіне қойылған сұраққа біріншісі жауап береді, жанындағы үндемейді, тыңдап отырады, оның атынан жанындағысы жауап берген кездерде қай жері дұрыс, қай жауабы қате болғанын ескеріп отырады. Сұрақтар кез- келген тақырыпта қойылады. Одан кейін өз ойларын білдіреді. Бұл ойында басқа қатысушылар жалғастыра береді.