АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕРДЕГІ ЕСІМДЕРДІҢ АУДАРМАСЫНЫҢ БАЛАЛАРДЫҢ КЕЙІПКЕРДІ ТҮСІНУДЕГІ ӘСЕРІ

Алшынбаева Молдир Айдосовна

старший преподаватель кафедры теории и практики перевода, Карагандинский исследовательский университет им.Е.А.Букетова

Махади Медина Ыбырайқызы

студентка 4 курса Карагандинского исследовательского университета им.Е.А.Букетова

    Аңдатпа

    Анимациялық фильмдер балалар мәдениетінде өте маңызды рөл атқарады, ал анимациялық фильмдердегі кейіпкерлердің есімдеріде айтарлықтай маңызды болып табылады. Анимациялық фильмдерді аударғанда кейіпкердердің есімі көп өзгеріп, бейімделенеді. Бұндай өзгерістердің баланың түсінігіне әсер етеме? Бұл мақалада балалардың кейіпкерді түсініп және қабылдау жолындағы аударманың ықпалын қарастырады. 

    Кілт сөздер: Мультфильм, антропонимдер, анимациялық фильмдер.

    Аннотация

    Мультфильмы играют важную роль в детской культуре, и имена персонажей в них имеют значительное значение. При переводе мультфильмов с английского на русский имена персонажей часто изменяются или адаптируются. Влияет ли это на понимание ребенком персонажа?Эта статья исследует влияние перевода имен в мультипликационных фильмах на восприятие и понимание персонажей детьми.

    Ключевые слова: Мультфильмы, антропонимы, анимационный фильм.

    Annotation

    Cartoons play an important role in children’s culture, and the names of characters in them carry significant weight. When cartoons are translated from English to Russian, the names of characters are often changed or adapted. Does this affect children’s understanding of the character? This article explores the influence of translating names in cartoons on children’s perception and understanding of the characters.

    Key words: Cartoons, anthroponyms, animated film.

    Мультфильмдер немесе Анимациялық фильмдер балалар әдебиетінің ажырамас бөлігі және мультфильмдердегі кейіпкерлердің есімі олардың негізгі элементі болып табылады. Мультфильмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару барысында кейіпкерлердің есімі бейімделенеді. Бұл балалардың кейіпкерлердің мінездемелері мен ерекшеліктерін түсінуіне әсер етеуі мүмкін.

    Мультфильмдерде кездесетін кейіпкерлер есімдерінің жалпы атауы – анторопонимдер. Антропонимика – адамдардың өзіне меншікті есімдер аты-жөнін, жалған, бүркеншік, жасырын аттарын, ру аттарын — антропонимді зерттейтін ономастиканың тармағы [1]. Атап айтқанда кейіпкерлер есімі, ол жалқы есімдер, ол бізде антропонимдер. 

    Антропонимдердің барлық түрлерін ортақ функционалдық белгілер біріктіреді – адамның атын атай білу және оған жүгінген кезде қолданылуы. Бұлардың ішінде тек жалқы есімде денотацияның даралану дәрежесі жоғары: ол әр адамда болады. Антропонимдерге жалқы есімнен басқа: тегі, әкесінің аты, андронимдер, мононимдер, лақап аттар, бүркеншік аттар, лақап аттар, криптонимдер, этнонимдер жатады [2].

    Қазір Pixar Animation Studios компаниясының анимациялық фильмдерін мысал ретінде қарастырып өтсем. Осы сәтте аударма жолындағы кездесетін аудармаларды тарауларға бөлдім:

    Өзгерістерді қажет етпейді: Бұл тарауға Бас бөлігіндегі шытырман(Inside Out 2015) атты мультфильмді алуға болады. Себебі мультфильмнің басты кейіпкерлері бізде адам сезімдері, яғни эмоциялары. Басты кейіпкерлер(эмоциялар): Мұң – sadness, Қуаныш – joy, Қорқыныш – fear, Жиіркеніш – disgust, Ащу – anger. Бұндай аудармаларға ешқандай ерекше тәсілдер қажет емес. Тура аударма арқылы кейіпкерлердің мінезі, атқаратын рөлі ашылады. Бұндай аударма арқылы балалар кейіпкер өзін көрсетпей тұрып оның мінезін түсіне алады.

    Мәдениет ерекшелігі: Мультфильмдер қазақ тіліне сударылатын болғандықтан, қазақ елінің мәдени ерекшеліктері еске алынуы керек. Бұндай ерекшелікке мысал ретінде Аңдар шаһары(Zootopia 2016) және Ойыншықтар хикаясы(Toy Story 1995) атты мультфильмдерді ала аламын. Аңдар шаһарында басты жағымсыз кейіпкердің есімі Dawn Bellwether, ал қазақша аударғанды оның есімін Қойғайша Ханым деп алған. Оның есімі аудармада бір сөзбен бір сөз тіркесінен құралған. –Қой себебі ол қой және –ғайша, бұл қазақ қыздарының есімдерінің сонында көп кездесетін сөз тіркесі. Мысалы: Күлғайша. 

    Ойыншықтар хикаясында Эндидің ойыншықтарының арасында сурет салатын тақта ойыншық бар жіне де оның есімін қазақ тіліне Суретбек деп бейімделінген. Оның түпнұсқадағы есімі Etch. Оның есімін аударғанда Сурет және бек сөз тіркесінің қосындысынан алған. Сурет деп оның басты сипаттамасын көрсету жолында қолданған, ал –бек деген сөз тіркесе көп ерлердің есімінің жалғауында кездеседі. Мысалыға: Айбек.

    Әртүрлі қабылдаулар: Кейде түпнұсқалық есімді аудару жолында аудармашы кейіпкерді басқаша қабылдауы мүмкін. Мысалға: Монстрлар университеті(Monsters University 2013) мультфильмінде басты кейіпкерлермен бір топта болатын Скотт Домалағин атты кейіпкер бар. Оның есімі ағылшын тілінде Scott Squishy. Есімнің екі нұсөасыда кейіпкердің сырт-келбетіне қарай қойылған. Ағылшынша нұсқасында кейіпкердің жұмсақтығы және жұмсақ мінезіне қарай «Squishy» деп алынған, аударғанда бұл сөз жұмсақ деген сөзді білдіреді. Ал қазақша аудармасында оның есімі «Домалағин» деп бейімделінген. Себебі оның сырт пішіні домалақ. Қай нұсқаны алсақиа балаларға бұл кейіпкердің есімі дұрыс.

    Тапқырлық немесе сатира: Кейде аударма сөйлемге жақсы ену үшін әр-түрлі тапқырлықтарға жүгінуге тура келеді. Мысалға: Аңдар шаһары мультфилімінде Flash атты жұмыскер бар. Ол жалқау. Ал қазақша аудармада оның есімі «Көзілеспес». Бұл жерде оның табиғатына қарамастан онда ешқашан бола алмайтын затпен кейіпкерді атаған.

    Қорытындылай келсем, анимациялық фильмдердегі есімдерді аударудың балалардың кейіпкерлерді түсінуіне әсері есімнің мағынасы мен түпнұсқа идеясының қаншалықты жақсы сақталғанына байланысты. Дұрыс аударма балаларға кейіпкерлерді жақсы түсінуге және жақсы көріп кетуге көмектеседі, ал қате аударма, керісінше, шатасу мен түсінбеушілік тууы мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. https://kk.m.wikipedia.org/wiki/Антропонимика

2. Юлия Привалова. Межкультурная музейная коммуникация.