Жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, PhD Утебаева Динара Сахибовна
Философия және саясаттану факультетінің, «Дінтану» мамандығының 2-курс докторанты Алимгожинова Мадина Сериккызы
Алматы қаласының «АдилМед» медициналық колледжінде Тұрақты даму мақсаттарының №16 бағыты – «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» тақырыбында 5 қараша күні ақпараттық дәріс өткізілді. Сонымен қатар колледжде талапкерлерге бағытталған профориентациялық жұмыс жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, адам құқықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттік институттардың тиімді қызмет атқаруының маңыздылығы туралы түсінігін кеңейту.

Дәрісті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (https://farabi.university) аға оқытушысы, PhD Утебаева Динара Сахибовнамен бірлесе отырып Философия және саясаттану факультетінің, «Дінтану» мамандығының 2-курс докторанты Алимгожинова Мадина жүргізді. Дәріс барысында ТДМ 16-ның негізгі бағыттары, зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтық белсенділік, әлеуметтік әділдіктің рөлі және ашық басқару мәселелері талқыланды. Сонымен қатар медициналық мамандық иелерінің қауіпсіз және толерантты қоғам қалыптастырудағы орны ерекше екені атап өтілді.
Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті, қазіргі қоғамдағы қауіпсіздік пен әділдікке қатысты мәселелерге қызығушылық танытты.
Іс-шара жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға арналған маңызды қадам болды және тұрақты даму күн тәртібінің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
* Партнёрский материал
