Төтенше жағдайлар кезіндегі медиасауаттылық: экстремалды оқиғаларда ақпараттық хаосты болдырмаудағы фактчекингтің рөлі

Аманова Қазына Жеңісқызы

Алматы қаласы «Тұран» университетінің 1-курс студенті

Гуманитарлық-заң факультеті

Медиа және мәдениетаралық коммуникация жоғары мектебі журналистика бөлімі

Аңдатпа. Мақала төтенше жағдайлар кезіндегі ақпараттық хаостың механизмдерін және фактчекингтің осы хаосты болдырмаудағы рөлін зерттейді. Контент-талдау, салыстырмалы талдау және кейс-стади әдістері қолданылды. Нәтижелер көрсеткендей, дағдарыс кезінде адамдардың фактчекинг құралдарын пайдалану ниеті медиа сенімділігі мен жеке қатысу деңгейіне байланысты, ал жалған ақпарат таралғаннан кейін ғана әрекет ететін «реактивті» фактчекинг төтенше жағдайларда жеткіліксіз [1, 1-б]. Қазақстанда Factcheck.kz, Stopfake.kz және 2025 жылы құрылған Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы институционалдық инфрақұрылымды құрды [8, 3-б ; 9], бірақ төтенше жағдайларға арналған арнайы хаттамалар жоқ. 2023–2025 жылдары Қазақстандық әлеуметтік медиада AI генерациялаған жалған ақпараттың таралуы айтарлықтай өсті: deepfake бейнелері мен генеративті мәтіндер қысқа уақыт ішінде жүздеген мың қаралым жинады[6, 1-б.; 6, 3-б] . Мақала проактивті мониторинг пен prebunking стратегиясын енгізуді, сондай-ақ ресми ақпараттың уақтылы жариялану механизмін жетілдіруді ұсынады.

Түйін сөздер: фактчекинг, медиасауаттылық, төтенше жағдайлар, ақпараттық хаос, дезинформация, Қазақстан

Аннотация. Статья исследует механизмы информационного хаоса при чрезвычайных ситуациях и роль фактчекинга в его предотвращении. Использованы контент-анализ, сравнительный анализ и кейс-стади. Результаты показывают, что намерение использовать инструменты фактчекинга в кризисных ситуациях зависит от доверия к медиа и личной вовлечённости, а «реактивный» фактчекинг, срабатывающий только после распространения ложной информации, недостаточен при ЧС [1, 1-б]. В Казахстане создана институциональная инфраструктура (Factcheck.kz, Stopfake.kz, Центр по борьбе с дезинформацией, 2025 г.) [8, 3-б ; 9], однако специализированные протоколы для ЧС отсутствуют. В 2023–2025 гг. распространение AI-сгенерированной дезинформации в казахстанских соцсетях значительно возросло; дипфейк-видео и генеративные тексты за несколько дней набирали сотни тысяч просмотров [6, 1-б.; 6, 3-б]. Предлагается внедрение проактивного мониторинга, стратегии prebunking и совершенствование механизмов своевременного обнародования официальной информации.

Ключевые слова: фактчекинг, медиаграмотность, чрезвычайные ситуации, информационный хаос, дезинформация, Казахстан

Abstract. This article examines the mechanisms of information chaos during emergencies and the role of fact-checking in preventing such chaos. Content analysis, comparative analysis, and case study methods were employed. Findings indicate that the intention to use fact-checking tools during crises depends on media credibility and personal involvement, and “reactive” fact-checking—activated only after false information has spread—is insufficient in emergencies [1, 1-б]. Kazakhstan has established institutional infrastructure (Factcheck.kz, Stopfake.kz, and the Center for Combating Disinformation launched in 2025) [8, 3-б ; 9], yet specialized protocols for emergencies are absent. In 2023–2025, the spread of AI-generated disinformation in Kazakh social media increased significantly; deepfake videos and generative texts garnered hundreds of thousands of views within days [6, 1-б.; 6, 3-б]. The article recommends proactive monitoring, prebunking strategies, and improved mechanisms for timely release of official information.

Keywords: fact-checking, media literacy, emergencies, information chaos, disinformation, Kazakhstan

Кіріспе

Төтенше жағдайлар кезінде ақпараттық ортаның сипаты түбегейлі өзгереді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «инфодемия» ұғымын енгізіп, эпидемия кезінде артық ақпараттың – дәл және жалған ақпараттың араласуының – қоғамдық денсаулыққа төнетін қауіп екенін атап көрсетті [12, 8-б.; 12, 11-б ]. Уордл мен Дерахшан ақпараттық бұзылуды үш санатқа бөледі: mis-information (қате ақпарат), dis-information (әдейі жалған) және mal-information (зиянды ақпарат) [10, 6-б ]. Бұл жіктеу төтенше жағдайлардағы ақпараттық хаостың табиғатын түсінуге әдіснамалық негіз болады.

Қазақстан үшін бұл мәселенің өзектілігі нақты эмпирикалық деректермен расталады. 2023–2025 жылдары Қазақстандық әлеуметтік медиада AI генерациялаған жалған ақпараттың таралуы айтарлықтай өсті: deepfake бейнелері мен генеративті мәтіндер қысқа уақыт ішінде жүздеген мың қаралым жинады, бұл дәстүрлі ақпарат көздерінен әлдеқайда жылдам таралатынын көрсетеді  [6, 3-б.] . 2025 жылы Қазақстанда Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы құрылды [9], алайда төтенше жағдайларға арналған арнайы жедел әрекет ету хаттамалары әлі де жоқ.

Отандық зерттеулерде Қантбек Factcheck.kz және Stopfake.kz платформаларының қызметін талдап, олардың жалған ақпаратты анықтаудағы тиімділігін бағалады, бірақ зерттеу төтенше жағдайлар контекстіндегі фактчекингтің ерекшеліктерін қамтымайды [13]. Халықаралық деңгейде Komendantova және басқалар төтенше жағдайларда фактчекинг құралдарын пайдалану ниетіне әсер ететін факторларды эвристикалық-жүйелік модель арқылы талдады [1, 2-б]. Алайда бұл зерттеу Еуропа контекстіне негізделген.

Осыған байланысты бұл мақаланың мақсаты – төтенше жағдайлар кезіндегі ақпараттық хаостың механизмдерін анықтау және фактчекингтің рөлін Қазақстан тәжірибесі негізінде талдау. Міндеттері: (1) төтенше жағдайлардағы дезинформацияның ерекшеліктерін айқындау; (2) фактчекингтің шектеулерін бағалау; (3) Қазақстан инфрақұрылымының дайындығын талдау; (4) проактивті модельдер бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Әдебиеттерге шолу

Фактчекингтің теориялық негіздері тұрғысынан Graves фактчекингті «демократиялық қоғамдағы саяси және әлеуметтік мәлімдемелерді жария бақылау механизмі» ретінде анықтайды, ол азаматтардың сенімді ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді [5, 1-б.] . Фактчекингтің іргелі принциптеріне объективтілік, дәлдік, дереккөздерді верификациялау және ашықтық жатады [11].

Дағдарыс коммуникациясы контекстінде Talvitie және басқалар фактчекингтің келесі бағыттарда өзгеруі қажеттігін атап көрсетеді: күмәнді мәлімдемелерді іріктеу процедураларының ашықтығын арттыру, фактчекинг қауымдастығының ынтымақтастығын күшейту және болашақ дағдарыстарға арналған нұсқаулықтар әзірлеу [3, 3-б.] . Бұл ұсыныстар проактивті фактчекинг модельдерінің қажеттілігін көрсетеді.

Lewandowsky мен van der Linden prebunking стратегиясының – манипуляция техникалары туралы алдын ала ақпарат беру арқылы «психологиялық антидене» қалыптастырудың – ұзақ мерзімді тиімділігін дәлелдейді [2 ,1-б]. Бұл тәсіл төтенше жағдайларға дайындық кезеңінде қолданылуы мүмкін.

Komendantova және басқалар эвристикалық-жүйелік модельді қолдана отырып, адамдардың фактчекинг құралдарын пайдалану ниетіне әсер ететін факторларды зерттеді. Нәтижелер медиа көзінің сенімділігі жоғары болғанда және апат адамға жеке әсер еткенде, адамдар фактчекинг мазмұнын жүйелі түрде өңдейтінін көрсетті; медиа сенімділігі төмен болғанда эвристикалық өңдеу басым болады [1, 2,3-б]. Бұл төтенше жағдайларда фактчекингтің тиімділігі аудиторияның сенімі мен танымдық қатысу деңгейіне байланысты екенін білдіреді.

Қазақстандық контексте Tergembay және басқалар AI генерациялаған дезинформацияның қазақстандық қоғамға әсерін зерттеп, 11 нақты жалған ақпарат кейсін талдады. Зерттеу AI жалған ақпаратының таралу жылдамдығы дәстүрлі ақпарат көздерінен айтарлықтай жоғары екенін және Қазақстандық аудиторияның қабылдауына мемлекеттік институттарға деген жоғары сенім, конспирологиялық ойлау бейімділігі және ресейлік медиа ағындарының әсері ықпал ететінін анықтады [6, 1-б.; 6, 3-б.] . Ibrayeva және басқалар Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанда 3000 адамға сауалнама жүргізіп, AI көмегімен верификациялауға дайындықты бағалады және AI технологияларының әлеуетіне қарамастан, AI сауаттылығы төмен ортада олар қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз екенін атап көрсетті [7].

Зерттеу әдістері

Контент-талдау: Factcheck.kz және Stopfake.kz платформаларының 2024–2026 жылдардағы жарияланымдары таңдалып, олардың төтенше жағдайларға қатысты материалдарының тақырыптық құрылымы мен әдіснамалық тәсілдері талданды. Платформалардың жалған ақпаратты жоққа шығару алгоритмдері, қолданылатын технологиялық құралдар (InVID/WeVerify, Google Lens, TinEye) және вердикт критерийлері ескерілді [8, 4-б ; 11].

Салыстырмалы талдау: Еуропалық төтенше жағдайлардағы фактчекинг тәжірибесі (Komendantova және басқалардың зерттеуі [1], Испаниядағы DANA тасқыны кезіндегі фактчекинг агенттіктерінің кейсі [4, 1-б.] ) Қазақстандық тәжірибемен салыстырылды.

Кейс-стади: Tergembay және басқалар жинаған 11 AI генерацияланған жалған ақпарат кейсі  [6, 2-б.; 6, 4-5-б.] төтенше жағдайлардағы дезинформацияның типтік үлгісі ретінде қайта талданды, жалған ақпарат түрлері (AI мәтіні, deepfake бейне, жалған скриншот), таралу арналары (WhatsApp, Telegram, TikTok) және қоғамдық реакция ескерілді.

Зерттеу нәтижелері

Төтенше жағдайлардағы дезинформацияның ерекшеліктері

Tergembay және басқалардың эмпирикалық зерттеуі Қазақстандық AI жалған ақпаратының үш негізгі өлшемін анықтады  [6, 3-4-б.] . Біріншіден, жалған ақпарат түрлері кеңейюде: AI генерациялаған мәтіндер, deepfake бейне және аудио, жалған скриншоттар, жалған үкіметтік беттердің көшірмелері. Екіншіден, таралу арналары платформаға қарай сараланады: WhatsApp-та эмоционалдық хабарламалар, TikTok-та deepfake бейнелер, Telegram-да саяси манипуляциялар, Facebook Ads-те фишингтік мазмұн басым. Үшіншіден, Қазақстандық аудиторияның қабылдауы мемлекеттік институттарға деген жоғары сенім, конспирологиялық ойлау бейімділігі, ресейлік медиа ағындарының әсері және дінге қатысты жалған ақпараттың күшті резонансымен қалыптасады.

Нақты кейс ретінде 2024 жылы тараған «Қазақстан 2024 жылы міндетті вакцинацияны қайта енгізеді» деген AI генерациялаған жалған ақпарат WhatsApp және Telegram арқылы таралып, қоғамдық алаңдаушылық тудырды; «Қазақстан ҰҚШҰ әскерлерін қабылдайды» деген жалған ақпарат AI өңдеген «құжат» үлгісімен Telegram және Facebook арқылы таралып, саяси пікірталасты күшейтті[6, 4-б.] . Бұл кейстер төтенше жағдайлардағы дезинформацияның эмоционалдық қоздырғыштық және визуалды манипуляция ерекшеліктерін көрсетеді.

Фактчекингтің «реактивті» шектеулері

Komendantova және басқалардың эвристикалық-жүйелік модель зерттеуі фактчекингтің реактивті моделінің негізгі шектеуін анықтады: адамдар әлеуметтік медианы төтенше жағдайларда ақпаратты толық, дұрыс және пайдалы деп санағанда және жоғары сенімділік қабылдағанда, фактчекинг жасау ниеті төмен болады; керісінше, эвристикалық өңдеуі жоғары және қабылданған ақпаратқа сенімділігі төмен адамдардың фактчекинг құралдарын пайдалану ниеті жоғары [1, 6-б]. Бұл фактчекингтің «ақпарат таралғаннан кейін жоққа шығару» моделінің төтенше жағдайларда әрқашан тиімді бола бермейтінін білдіреді, өйткені жоғары сенімділік фактчекингті қажет етпейтіндей әсер қалдырады.

Talvitie және басқалар дағдарыс кезіндегі фактчекингтің белгісіздік, ақпараттық шамадан тыс жүктеме және сенім деңгейінің құбылмалылығы сияқты қиындықтарға тап болатынын атап көрсетеді [3, 3-б.] . Бұл факторлар дәстүрлі фактчекинг әдістерінің тиімділігін шектейді.

Қазақстандағы фактчекинг инфрақұрылымының жағдайы

Қазақстанда фактчекингтің институционалдық негізі қалыптасқан: Factcheck.kz (2017 жылдан) – Орталық Азиядағы алғашқы кәсіби ресурс, Stopfake.kz – мемлекеттік қолдаумен жұмыс істейтін платформа [8], 2025 жылы Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы құрылды [9]. Халықаралық фактчекинг желісі (IFCN) әзірлеген «Принциптер кодексі» ашықтық, әдіснамалық айқындық, тәуелсіздік және есеп берушілік принциптерін айқындайды [11], қазақстандық платформалар осы стандарттарға сәйкестенуге ұмтылады.

Алайда бұл инфрақұрылымның төтенше жағдайларға арналған арнайы хаттамалары жоқ. Контент-талдау нәтижелері Factcheck.kz мен Stopfake.kz материалдарының басым бөлігі саяси мәлімдемелерді, әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратты жоққа шығаруға бағытталғанын, төтенше жағдайлар кезіндегі жедел фактчекингке арналған жеке рубрикалар немесе хаттамалар жоқ екенін көрсетеді [8, 4-б ]. Сонымен қатар, Ibrayeva және басқалардың зерттеуі Қазақстандық халықтың едәуір бөлігінің даулы ақпаратты тексеруге ниеті жоқ екенін анықтады, бұл автоматтандырылған анықтау жүйелерінің шектеулерін көрсетеді және AI көмегімен медиа сауаттылық дағдыларын арттырудың маңыздылығын атап көрсетеді [7].

Ресми ақпараттың уақыттық параметрлері

2026 жылы қарашада әлеуметтік желілерде «17 қарашада жаһандық кибершабуыл болады» және «азық-түлік қорын жинау қажет» деген хабарламалар тараған кезде Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі ресми түсініктеме беруге мәжбүр болды: «Бүгінгі күнге дейін Төтенше жағдайлар министрлігі халықтан азық-түлік, су және дәрі-дәрмек қорын шұғыл түрде жинауды талап ететін күтілетін қауіптер немесе төтенше жағдайлар туралы ешқандай ресми ескерту жасаған жоқ» [14]. Бұл мысал жалған ақпараттың таралу жылдамдығы ресми реакциядан асып түсетінін және ресми органдардың ақпараттық вакуумды толтыру стратегиясының реактивті сипатта екенін көрсетеді.

Нәтижелерді талқылау

Алынған нәтижелер фактчекингтің төтенше жағдайлар кезіндегі рөлін екі қырынан қарастыруды талап етеді. Бір жағынан, фактчекинг ақпараттық хаосты болдырмаудың маңызды құралы. Екінші жағынан, Komendantova және басқалардың зерттеуі көрсеткендей, оның тиімділігі аудиторияның сенімі мен танымдық қатысуына байланысты, ал төтенше жағдайларда бұл факторлар құбылмалы [1, 7-б].

Салыстырмалы түрде, Еуропалық тәжірибе фактчекингтің дағдарыс коммуникациясындағы маңыздылығын көрсетеді. Испаниядағы DANA тасқыны кезінде фактчекинг агенттіктері жалған ақпаратты жоққа шығаруда маңызды рөл атқарды, бірақ бұл процесс уақытша кідіріспен жүрді [4, 5-б.; 4, 7-б.] . Бұл Қазақстан үшін де өзекті: Factcheck.kz және Stopfake.kz технологиялық жарақтандыруы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді (InVID/WeVerify, кері сурет іздеу, геолокациялық талдау) [8, 4-б ], бірақ бұл құралдарды төтенше жағдайлар кезінде жедел қолдану алгоритмдері әзірленбеген.

Қазақстанның институционалдық инфрақұрылымы (Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы, Factcheck.kz, Stopfake.kz) проактивті фактчекингке көшу үшін негіз бола алады. Ibrayeva және басқалардың зерттеуі AI көмегімен верификациялау әлеуетті екенін, бірақ AI сауаттылығы төмен ортада тиімсіз екенін көрсетеді [7]. Сондықтан технологиялық шешімдер медиа сауаттылықты арттырумен ұштасуы қажет.

Lewandowsky мен van der Linden ұсынған prebunking стратегиясы [2 ,1-б] төтенше жағдайларға дайындық кезеңінде медиа сауаттылық бағдарламалары арқылы халықтың «психологиялық иммунитетін» қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл фактчекингтің реактивті шектеулерін еңсерудің бір жолы.

Қорытындылар

  1. Төтенше жағдайлар кезіндегі дезинформация AI генерациялаған мәтіндер, deepfake бейнелер, жалған скриншоттар және фишингтік мазмұн арқылы таралады; таралу арналары платформаға қарай сараланады (WhatsApp – эмоционалдық хабарламалар, TikTok – deepfake, Telegram – саяси манипуляция) [6, 1-б.; 6, 3-б.] . Қазақстандық аудиторияның қабылдауына мемлекеттік институттарға деген жоғары сенім, конспирологиялық ойлау және ресейлік медиа ағындары ықпал етеді.
  2. Фактчекингтің «реактивті» моделі төтенше жағдайларда жеткіліксіз: адамдар әлеуметтік медиаға жоғары сенімділік көрсеткенде фактчекинг жасау ниеті төмен болады [1, 7-б]. Бұл проактивті тәсілдерге – prebunking стратегиясына [2 ,1-б] және алдын ала мониторингке көшуді талап етеді.
  3. Қазақстанда фактчекингтің институционалдық инфрақұрылымы (Factcheck.kz, Stopfake.kz, Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы) қалыптасқанымен [8; 9], төтенше жағдайларға арналған арнайы хаттамалар мен жедел әрекет ету алгоритмдері жоқ. Халықтың едәуір бөлігінің даулы ақпаратты тексеруге ниеті жоқ [7].
  4. Ұсыныстар: (а) Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы, Factcheck.kz, Stopfake.kz арасында төтенше жағдайлар кезіндегі жедел фактчекинг бойынша үйлестіру механизмін құру [3, 3-б.; 3, 9-б.] ; (ә) медиа сауаттылық бағдарламаларына prebunking элементтерін қосу [2]; (б) AI көмегімен верификация жүйесін енгізу, бірақ AI сауаттылығын арттырумен ұштастыру [7]; (в) ресми ақпараттың уақтылы жариялану механизмін жетілдіру [14].

Бұл зерттеудің шектеулері – эмпирикалық деректердің Factcheck.kz және Stopfake.kz жариялымдарымен және Tergembay және басқалардың 11 кейсімен шектелуі [6; 8]. Болашақ зерттеулер төтенше жағдайлар кезіндегі фактчекингтің тиімділігін аудиториялық сауалнамалар арқылы өлшеуге бағытталуы мүмкін.


Зерттеуді қаржыландыру көзі: арнайы қаржыландыру жоқ.

Әдебиеттер тізімі:

[1] Komendantova N., Zobeidi T., Yazdanpanah M. Analyzing the use of fact-checking tools in disaster-risk reduction in Europe through the lens of the heuristic-systematic model // Scientific Reports. – 2025. – https://www.nature.com/articles/s41598-025-03099-0

[2] Lewandowsky S., van der Linden S. Countering Misinformation and Fake News Through Inoculation and Prebunking // European Review of Social Psychology. – 2021. – https://www.tandfonline.com/doi/full/10.1080/10463283.2021.1876983

[3] Talvitie C., Hameleers M., Tulin M., de Vreese C. Finding truth amidst turmoil: Evidence-based recommendations for fact-checking in times of crisis. – 2025. – https://scholar.google.com/citations?view_op=view_citation&hl=en&user=dG-DuNwAAAAJ

[4] López-Marcos C., Vicente-Fernández P., Hidalgo-Cobo P. Disinformation in emergency situations: a case study of fact-checking agencies during the DANA in Spain // Mediterranean Journal of Communication. – 2025. – https://dialnet.unirioja.es/servlet/articulo?codigo=10243724

[5] Graves L. Deciding What’s True: The Rise of Political Fact-Checking in American Journalism. – Columbia University Press, 2016. – https://www.degruyterbrill.com/document/doi/10.7312/grav17506/html

[6] Tergembay K., Mamankul A., Irgusaeva A., Tabyldy Zh., Beisembayeva A. Impacts and Risks of Fake Information Generated by Artificial Intelligence in Kazakh Society // Vestnik Kokshetauskogo universiteta imeni Sh. Ualikhanova. – 2025. – https://www.semanticscholar.org/paper/ef9cfcc66a24b85dd6e371f51dffa992c29da216

[7] Ibrayeva G., Tleugazina D., Bodrunova S.S., Rakisheva B. Expanding Media Literacy to Deep Mediatization Competencies: The Role of Artificial Intelligence in Enhancing Resistance to Disinformation in Central Asia // ACM Digital Library. – 2026. – https://dl.acm.org/doi/10.1007/978-3-032-31407-9_31

[8] Tsifrovaya dezinformatsiya v Kazakhstane: vyzovy dosudebnogo rassledovaniya i kompleksnye mekhanizmy neytralizatsii // Zenodo. – 2025. – https://zenodo.org/records/17080786

[9] V Kazakhstane otkryli Tsentr po bor’be s dezinformatsiey // Vlast.kz. – 2025. – https://vlast.kz/kz/novosti/65896-v-kazahstane-otkryli-centr-po-borbe-s-dezinformaciej.html

[10] Wardle C., Derakhshan H. Information Disorder: Toward an interdisciplinary framework for research and policymaking. – Council of Europe, 2017. – https://rm.coe.int/information-disorder-report-version-august-2018/16808c9c77

[11] International Fact-Checking Network. Code of Principles. – Poynter. – https://ifcncodeofprinciples.poynter.org/the-commitments

[12] World Health Organization. Infodemic management. – WHO. – https://www.who.int/publications/b/69990

[13] Kantbek M.S. Qazirgi Qazaqstandagy aqparattyq madeniet: faktcheking zhane mediasauattylyq // Bilimger.kz. – 2025. – https://bilimger.kz/qazirgi-qazaqstandagy-aqparattyq-madeniet-faktcheking-zhane-mediasauattylyq/

[14] Qazaqstannyn Totenshe zhagdailar ministrligi 17 qarashadagy khabarlamalarga zhauap berdi // Ken Zhyloi. – 2026. – https://ken-zhyloi.kz/zhanalyqtar/audan/k-azak-standyk-tar-17-k-arashadagy-khabarlamalardan-dabyl-k-aguda-totenshe-zhagdajlar-ministrligi-ne-dep-zhauap-berdi.html

[15] Factcheck.kz resmi sayty. – https://factcheck.kz/

References:

[1] Komendantova N., Zobeidi T., Yazdanpanah M. Analyzing the use of fact-checking tools in disaster-risk reduction in Europe through the lens of the heuristic-systematic model // Scientific Reports. – 2025. – https://www.nature.com/articles/s41598-025-03099-0 (accessed: 25.11.2026).

[2] Lewandowsky S., van der Linden S. Countering Misinformation and Fake News Through Inoculation and Prebunking // European Review of Social Psychology. – 2021. – https://www.tandfonline.com/doi/full/10.1080/10463283.2021.1876983 (accessed: 25.11.2026).

[3] Talvitie C., Hameleers M., Tulin M., de Vreese C. Finding truth amidst turmoil: Evidence-based recommendations for fact-checking in times of crisis. – 2025. – https://scholar.google.com/citations?view_op=view_citation&hl=en&user=dG-DuNwAAAAJ (accessed: 25.11.2026).

[4] López-Marcos C., Vicente-Fernández P., Hidalgo-Cobo P. Disinformation in emergency situations: a case study of fact-checking agencies during the DANA in Spain // Mediterranean Journal of Communication. – 2025. – https://dialnet.unirioja.es/servlet/articulo?codigo=10243724 (accessed: 25.11.2026).

[5] Graves L. Deciding What’s True: The Rise of Political Fact-Checking in American Journalism. – Columbia University Press, 2016. – https://www.degruyterbrill.com/document/doi/10.7312/grav17506/html (accessed: 25.11.2026).

[6] Tergembay K., Mamankul A., Irgusaeva A., Tabyldy Zh., Beisembayeva A. Impacts and Risks of Fake Information Generated by Artificial Intelligence in Kazakh Society // Bulletin of Sh. Ualikhanov Kokshetau University. – 2025. – https://www.semanticscholar.org/paper/ef9cfcc66a24b85dd6e371f51dffa992c29da216 (accessed: 25.11.2026).

[7] Ibrayeva G., Tleugazina D., Bodrunova S.S., Rakisheva B. Expanding Media Literacy to Deep Mediatization Competencies: The Role of Artificial Intelligence in Enhancing Resistance to Disinformation in Central Asia // ACM Digital Library. – 2026. – https://dl.acm.org/doi/10.1007/978-3-032-31407-9_31 (accessed: 25.11.2026).

[8] Aitmagambetov A.S. Digital disinformation in Kazakhstan: challenges of pre-trial investigation and comprehensive neutralization mechanisms // Zenodo. – 2025. – https://zenodo.org/records/17080786 (accessed: 25.11.2026).

[9] In Kazakhstan, a Center for Combating Disinformation was opened // Vlast.kz. – 2025. – https://vlast.kz/kz/novosti/65896-v-kazahstane-otkryli-centr-po-borbe-s-dezinformaciej.html (accessed: 25.11.2026).

[10] Wardle C., Derakhshan H. Information Disorder: Toward an interdisciplinary framework for research and policymaking. – Council of Europe, 2017. – https://rm.coe.int/information-disorder-report-version-august-2018/16808c9c77 (accessed: 25.11.2026).

[11] International Fact-Checking Network. Code of Principles. – Poynter. – https://ifcncodeofprinciples.poynter.org/the-commitments (accessed: 25.11.2026).

[12] World Health Organization. Impact of the COVID-19 infodemic on frontline workers and health systems: analysis of story-telling approach for infodemic management. – Geneva: WHO, 2024. – https://www.who.int/publications/b/69990 (accessed: 25.11.2026).

[13] Kantbek M.S. Information culture in modern Kazakhstan: fact-checking and media literacy // Bilimger.kz. – 2025. – https://bilimger.kz/qazirgi-qazaqstandagy-aqparattyq-madeniet-faktcheking-zhane-mediasauattylyq/ (accessed: 25.11.2026).

[14] The Ministry of Emergency Situations of Kazakhstan responded to messages dated November 17 // Ken Zhyloi. – 2026. – https://ken-zhyloi.kz/zhanalyqtar/audan/k-azak-standyk-tar-17-k-arashadagy-khabarlamalardan-dabyl-k-aguda-totenshe-zhagdajlar-ministrligi-ne-dep-zhauap-berdi.html (accessed: 25.11.2026).

[15] Factcheck.kz official website. – https://factcheck.kz/ (accessed: 25.11.2026).