TikTok, Instagram және Telegram желілеріндегі дезинформация: таралу ерекшеліктері
Сағадатова Айым
Тұран университеті журналистика мамандығының 1-курс студенті
Аңдатпа
Бұл ғылыми мақалада TikTok, Instagram, Telegram желілеріндегі дезинформацияның таралу ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу барысында әлеуметтік желілердегі бұрмаланған ақпараттардың аудиторияға әсері талданды. Автор TikTok, Instagram, Telegram платформаларындағы дезинформацияның алдын алу, олардан сақтану жолдарын анықтады. Сауалнама жүргізу кезінде әлеуметтік желі қолданушыларының дезинформацияға жолығып, оған жиі сеніп қалатыны анықталды. Жалған, бұрмаланған ақпарат аудиторияны кеңейтіп, жазылушы жинаудың бір тәсілі екені байқалды. Қазақстандағы және көршілес мемлекеттердегі медиасауаттылық, фактчекинг деңгейі салыстырылып, дезинформацияның алдын алу жолдары қарастырылды. Мәселенің негізі-халықтың медиасауатсыздығы, оны шешудің жолы— халықтың медиасферадағы білімін арттыру. Зерттеу нәтижесінде ғаламтор кеңістігіндегі дезинформация күн сайын, сағат сайын таралатыны анықталып, оған мынадай шешім табылды: MediaNet, Factchek.kz секілді отандық фактчекинг компанияларының әлеуетін арттыру.
Аннотация:
В данной научной статье рассматриваются особенности распространения дезинформации в социальных сетях TikTok, Instagram и Telegram. В ходе исследования анализируется влияние искажённой информации в социальных сетях на аудиторию. Автором определены способы предотвращения дезинформации и защиты от неё на платформах TikTok, Instagram и Telegram. Проведённый опрос показал, что пользователи социальных сетей часто сталкиваются с дезинформацией и нередко доверяют ей. Было выявлено, что ложная и искажённая информация может использоваться как один из способов расширения аудитории и привлечения подписчиков. В результате исследования проведено сравнение уровня медиаграмотности и фактчекинга в Казахстане и соседних государствах, а также рассмотрены способы предупреждения дезинформации. Основной причиной проблемы является недостаточная медиаграмотность населения. Одним из путей её решения выступает повышение уровня знаний населения в сфере медиа. Установлено, что дезинформация в интернет-пространстве распространяется ежедневно и ежечасно. В качестве одного из решений предложено укрепление потенциала отечественных фактчекинговых организаций, таких как MediaNet и Factcheck.
Abstract:
This scientific article examines the characteristics of disinformation dissemination on TikTok, Instagram, and Telegram. The study analyzes the impact of misleading information on social media audiences. The author identifies ways to prevent disinformation and protect users from it across these platforms. The survey revealed that social media users frequently encounter disinformation and often tend to believe it. It was also found that false and misleading information can be used as a means of expanding an audience and gaining followers. The study compares the levels of media literacy and fact-checking in Kazakhstan and neighboring countries and examines possible approaches to preventing disinformation. The main cause of this problem is the insufficient level of media literacy among the population. One possible solution is to improve public knowledge and awareness in the media field. The findings indicate that disinformation spreads continuously throughout the internet. One proposed solution is to strengthen the capacity of domestic fact-checking organizations, such as MediaNet and Factcheck.
Кіріспе
Қазіргі әлеуметтік желі қарқынды дамыған заманда ақпаратқа қол жеткізу өте оңай. Адамдар бұрынғыша дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарынан жаңалықтар алмайды. Бүгінде жаңалықтың ордасы әлеуметттік желілерден керегін тауып,пікір алмасады. Цифрлық технологиялардың үздіксіз дамуы адамдарға ақпарат алмасуды жеделдеткені рас. Алайда,ақпарат ағынында ушыққан мәселелер де аз емес.
Ғаламтор кеңістігін жаулаған бұрмаланған ақпараттар өте көп. Дезинформация аудиторияны жаңылыстыру мақсатында әдейі таратылатын жалған ақпарат. Мұндай деректер әлеуметтік желідегі шынайы ақпаратпен қатар жүретіндіктен оқырманның эмоциясына әсер етіп, оның мессенджерлерге таралуына әкеп соғады. Қазіргі күні дезинформацияның жылдам таралу аймағы TikTok, Instagram, Telegram қолданбалары. Мәселен, Tiktok-тағы қысқа бейнелер, Instagram желісіндегі орынсыз жарнамалар, Telegram платформасындағы мақсаты беймәлім боттар дезинформацияның негізгі құралдарына айналып отыр. Осы үш әлеуметтік желідегі ақпарат тарату ерекшелігі зерттеуді талап етеді. Сондықтан аталған платформалардағы ақпарат тарату механизмін және оның күнделікті пайдаланушыларға әсерін зерттеу өте маңызды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі – әлеуметтік желілердегі ақпараттық ағынның жылдамдығы мен дезинформацияның аудиторияға ықпал ету қарқынының артуы. Ақпаратты қабылдаушылардың медиасауаттылық деңгейі, сыни ойлау қабілеті бұл мәселенің алдын алуда маңызды рөл атқарады. Қазақстандық ақпараттық салада да фактчекинг қажеттілігі артып келеді.
Зерттеудің мақсаты – TikTok, Instagram және Telegram әлеуметтік желілеріндегі дезинформацияның таралу ерекшелігін талдау және адамдарға әсерін қарастыру.
Зерттеу барысында әлем елдері мен Қазақстандағы дезинформацияның тарауы және одан қорғану жолдары қарастырылды. Мақаланың практикалық маңызы салыстырмалық зерттеу әдісі бойынша сауалнама жүргізіліп, қатысушы респонденттердің дезинформацияға деген ойы анықталды.
Дезинформация және оның таралу ерекшеліктері
Дезинформация – жалған ақпаратты әдейі, белгілі бір мақсатпен тарату.
«Дезинформация» термині француздың des-теріс, information-ақпарат сөздерінен шыққан, яғни теріс ақпаратты шынайы ақпарат ретінде аудиторияға әсер ету мақсатында жариялау. Дәл осы тұста дезинформация түсінігін кеңінен қарастырарсақ.
Еуропалық коммиссия дезинформацияны «экономикалық пайда табу немесе қоғамды әдейі алдау үшін жасалған, ұсынылған және таратылатын және қоғамға зиян келтіруі мүмкін расталған жалған немесе жаңылыстыратын ақпарат» деп тұжырымдайды. Ал Google болса,дезинформацияны «басқалардың шындыққа сенуіне немесе қоғамда келіспеушілік тудыруға үміттеніп, дәл емес деп білетін ақпаратты әдейі тарату басқа. Біз ашық вебтің жылдамдығын, ауқымын және технологияларын пайдаланып алдау және адастыруға бағытталған бұл әдейі әрекеттерді «дезинформация» деп атаймыз» дейді.
Дезинформацияның таралуы ерекшеліктері де сан алуан. Қазіргі цифрлық медиа кеңістігінде дехинформация күннен күнге көбеюде. Осы орайда, БҰҰ-ның пікір мен сөз бостандығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Ирен Хан заманауи технологиялардың ақпарат таратудағы әсері туралы ой бөліскен: «Цифрлық технологиялар жалған немесе манипуляцияланған ақпараттың әртүрлі субъектілермен саяси, идеологиялық немесе коммерциялық мақсаттар үшін бұрын-соңды болмаған ауқымда, жылдамдықта және қолжетімділікте жасалуына, таратылуына және күшеюіне мүмкіндік берді».
Дезинформация тек жалған ақпарат тарату емес,ол жеке адамның өміріне қол сұғу,саясаткер,әртіс немес журналист туралы қасақана қауесет тарату схемасы. Яғни белгілі бір мақсатта өз ойын аудиторияға мойындату әрекеті. Бүгінгі күні дезинформация Instagram, TikTok желілерінде жарнама, пост, қысқа бейне форматында таралуда. Ал Telegram-да боттар мен арналар арқылы халыққа жетуде. Сонымен қатар соңғы жылдары жасанды интеллектің дамуы дезинформацияның одан әрі үдеуіне сеп болды.
Қазақстандағы дезинформация және онымен күрес
Дезинформация бүкіл әлемнің өзекті мәселесіне айналды. Әсіресе, Қазақстанда дезинформацияның таралу қарқыны жоғары. Ең алдымен дезинформацияның таралу механизмі әлеуметтік желілер арқылы жүреді. Ақпараттың лезде таралып,аудитория арасында талқыға түсуіне «басқалармен бөлісіңіздер» деген фактор қатты әсер етеді. Мұндай механизм көбінп алаяқтықты жүзеге асырғысы келетіндірдің қулығы. Келесі жолы ақпаратты сенсация көздеп,манипуляцияға шақыру мақсатында тарату. Мұндай контенттер адамдардың эмоциясына тікелей әсер етіп, миллиондаған қаралым мен мыңдаған жазылушы әкеледі. Бұл кең аудитория көздейтіндердік келесі бір айласы. Дезинформацияға сену, оны өзгемен бөлісу, манипуляцияның құрбаны болу бәрі – медиасауаттылықтың төмендігінен басталады. Пайдаланушылардың медиасауаттылығының төмен болуы, ол интернетте шыққан ақпаратқа, әсіресе теріс ақпаратқа елең ететіндерінен-ақ байқалады. Дәл осы дезинформация мәселесінің түйінін қою үшін Қазақстанда қандай ұйымдар жұмыс жасауда.
Ең алдымен кез келген ақпараттың шынайылығын айқындау үшін фактчекинг өте маңызды. Фактчекинг дегеніміз – кез келген ақпараттың, мәлімдеменің, фотоның немесе видеоның шынайылығы мен дәлдігін тексеру процесі. Қазақстанда MediNet ұйымы дезинформациямен және манипуляцияланған ақпаратпен күрес жолында қызмет етеді. Осы тұста MediaNet орталағының жобасы Factcheck.kz туралы сөз қозғасақ. Бұл жобаның мақсаты – басылым алғашқы дереккөздер мен дәлелдерге сүйене отырып, көпшілік алдында айтылған мәлімдемелерді, желіде тараған жазбалар мен ақпараттық себептерді тексеру. Оқырмандарға шындықты манипуляция мен фейктен ажыратуға көмектесу. Сонымен қатар, ҚР конституциясы бойынша егер көрнеу жалған ақпарат қоғамдық тәртіпті бұзуға немесе азаматтардың, ұйымдардың не мемлекеттің мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндірсе, ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-бабы қолданылады.
Global Disinformation Index
Әлем бойынша дезинформациямен күресетін беделді бастама – Global Disinformation Index.GDI–интернеттегі жалған ақпараттың (дезинформацияның) таралуын азайту мақсатында құрылған Ұлыбританияда орналасқан тәуелсіз коммерциялық емес ұйым. GDI ұйымының зерттеулеріне сүйенсек, дезинформацияны анықтау кезінде мына жайттар ескеріледі:
Контент сапасы мен шынайылығы,редакциялық тәуелсіздік пен ашықтық, қауіпті баяндар (Adversarial narratives) және қаржылық ынталандыруды шектеу. Айта кетейік, GDI жүйесінің басты мақсаты – дезинформация тарататын сайттарды жарнамалық кірістен айыру (demonetisation) арқылы олардың белсенділігін төмендету.
Яғни, осы қағидаларды ескерсек,дезинформациямен күресу әлдеқайда жеңілдейді. GDI-дің мәліментінше, теріс ақпараттардың тарауына өңірлік айырмашылықтардың,әлеуметтік желілер мен ЖИ-дің әсері мол.
Сауалнама нәтижесі
Зерттеу барысында әлеуметтік желілердегі дезинформазияның таралу ерекшеліктерін анықтау мақсатында 20 респонденттен сауалнама алынды. Сауалнама әртүрлі жаса санатындағы респонденттер қатысты. Олар күнделікті қолданатын әлеуметтік желілердегі ақпараттарға деген көзқарастарын жазды. Зерттеу нәтижелері қатысушылардың әлеуметтік желілерді күнделікті белсенді пайдаланатынын көрсетті. Ал 30%-ы TikTok, 25%-ы Instagram, 10%-ы Telegram желісін жиі қолданады. Респонденттердің әлеуметтік желіде күніне 1-3 сағат,тіпті 5 сағаттан артық уақыт өткізетіні байқалды. 60% респондент жалған ақпаратқа сеніп қалғанын және 30%-ы ақпараттың ақиқат жалғанын сурет видеоға және фактілермен салыстыру арқылы анықтайтынын көрсеткен. Дезинформацияны көргенде 40% адамның елемейтіні және 45% қатысушының ойынша мұндай ақпараттардың таралуына әлеуметтік желідегі қаралым жинау мақсаты себеп болатынын аңғардық. Зерттеуге қатысушы респондеттердің 40% бұл мәселеге «ақпарат көздерін міндетті түрде тексеру»деген шешімді ұсынды.


Сауалнама қорытындысы 13 сұрақ,20респондент
Қорытынды
Қорытындылай кеое, зерттеу барысында дезинформацияның әлем бойынша таралу ерекшліктері, Қазақстандағы дезинформациямен күрес жолдары,бұрмаланған ақпараттардың адамдарға әсері қарастырылды. TikTok, Instagram, Telegram платформаларында дезинформацияның тарау механизмдері әртүрлі болса да,ортақ мақсаты–аудиторияға әсер ету үшін қасақана жалған ақпарат тарату. Жүргізілген сауалнама нәтижесінде респонденттердің 70%-ы ақпаратты TikTok желісінен алатынын және 60%-ы бұрын соңды жалған ақпараттың құрығына түскенін көрсетті. Жоғарыда нәтижелерге сүйене келе,медиасауаттылықты арттыру қажет екені байқалды. Зерттеу ұсынысы ретінде MediaNet Халықаралық Журналистер Қауымдастығының жобаларын атап айтар болсақ Factcheck.kz academy тегін курсын, Shyndyqpodcast-ты халыққа кеңінен дәріптеу қажет деп қарастырылды. Сонымеп қатар фактчекинг жобасы ҚР ІІМ мен Қорғаныс Министрлігімен қатар жұмыс істесе, дезинформациядан арыламыз деген қорытынды қабылданды.
Осылайша, дезинформация кеңінен таралады,оған сену сенбеу жеке тұлғаның өз еркінде, сондықтан адамдардың медиа саласындағы иммунитетін берік ету бұл мәселесінің шешіміне бір табан жақындаумен тең.
Түйін сөздер: дезинформация, цифрлық кеңістік, сенсациялық контент, фактчекинг, дипфейк, манипуляция, медиасауаттылық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.youth.kz Подкаст Https://youtu.be/EBWKgPoRcgI?si=IIP7sfKUx94QicBt
2.academie.dw.com https://p.dw.com/p/4aQTI
3. Disinformation and freedom of opinion and expression : https://share.google/497CNMNKyNY8uIMYm
4. eur-lex.europa.eu/legal-content/EN/TXT/PDF/?uri=CELEX:52018DC0236&rid=2 https://share.google/WK6OzFefBNBx9xDkS5.
6. Global Disinformation Index (GDI) – World Trends in Freedom of Expression and Media Development https://share.google/a0WPwRGbNEf9r9RW
7. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226
8. The Future of Free Speech https://share.google/vQbbjoeK0x7abBOu6
9. Wikipedia https://share.google/AfeRc6CtpzuULJtPg
10. medianet.ngo https://share.google/c8LSZi3KNLHHnrnJK
