«Қаржы орталығы» АҚ кепіл еткен білім беру кредиті

Қазақстанның колледждері мен жоғары оқу орындарында оқуға қолжетімділікті кеңейту мақсатында талапкерлер мен студенттерге негізгі қарыз сомасын төлеу мерзімін 10 жылға дейін шегере отырып, кепілсіз студенттік кредиттер алуға болады. Кредиттер бойынша кепілді қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Қаржы орталығының кепілдігі жүреді.

Артықшылықтары:

– жеңілдікті кезең (кейінге шегеру): негізгі қарыз сомасын өтеу оқу мерзімі аяқталғаннан кейін және оқуды бітірген соң 6 ай өткеннен кейін жүргізіледі;

– кредит мерзімінің ұзақтығы: 10 жылға дейін, айыппұл санкцияларынсыз мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі бар;

– кредит бүкіл Қазақстан бойынша қолжетімді;

– кредит сомасы бойынша шектеулердің жоқтығы (оқу құнынан аспайды);

– оқу орнын таңдау бойынша шектеу жоқ;

Қатысушы банктер:

– Нұрбанк;

– Тенгри Банк;

– Фортебанк.

Ресімдеу қадамдары:

Студенттің кредит алуы төмендегідейдей жүзеге асырылады:

1) талапкер/студент кеңес алу үшін банкке (Нұрбанк, Тенгри банк немесе Форте банк) немесе Қаржы орталығына жүгінеді, қажетті құжаттарды жинайды және оларды өз аймағындағы немесе оқу орны бойынша банкке тапсырады;

2) банк пен Қаржы орталығы тарапынан оң шешім қабылдағаннан кейін банкпен қарыз шарты жасалып, кредит сомасы оқу орнының шотына аударылады;

Студенттік кредитті алу үшін негізгі жұмыс орны бойынша табыстары және соңғы 6 айға зейнетақы аударымдары бар бір/екі тең қарыз алушының болуы талап етіледі.

Қосымша ақпарат:

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-ы, 18

www.fincenter.kz  www.credit.fincenter.kz

моб.тел.: 8 701 712 42 88