Ақпараттық қоғам жағдайында студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Наурызбаева Гульжанат Акзамовна
Библиотекарь-преподаватель
Казахстанско-Американский Свободный университет
Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар мен студенттер меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен – күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Қазіргі кездегі адамдар үшін «компьютерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс. Ақпараттық қоғам қалыптасуының басты механизмі – қоғамның барлық саласында ақпараттық технологияны тиімді қолдану негізінде ақпараттық ресурстарды өндіру индустриясын құрайды және өңдеуді қажет ететін ақпараттандыру болып табылады [1]. Жаңа ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу деңгейіне байланысты болатын оқушылар6 студенттер мен педагог қызметкерлерге кітапханалық ақпараттық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесін өзекті етті. Ақпараттық сауаттылық түсінігі 1990 ж ақпараттық мәдениетті үйретуге екі жақты амалдың нәтижесінде қалыптасты: бір жағынан – кітапхананы жүргізу және ғылыми – ақпараттық әрекет позициясымен, ал екінші жағынан компьютерлік технологияны меңгеру позициясымен. Ақпараттық мәдениет түсінігін анықтауда ғалымдар мәдениеттің коммуникативті және әлемтану аспектілерін енгізумен бастайды. Коммуникативті «диалогтық» аспектіні түсіну, яғни кең мағынада « адам-адам» диалогы сияқты қарастырылады және «адам-компьютер» диалогы, яғни мынаны игеруге: басқаның көзқарасын тыңдау, ойына араласу, ақпаратты кез-келген түрде көру, өзінің ойын жеткізу және өзінің ақиқатын дәлелдеу, жалпы шешім табу мен жалпы мақсатқа жету үшін бірігіп бағдарлама құру әрекеті . Коммуникацияны әртүрлі авторлар компьютер және адам диалогы деп қарастырған (В.А.Каймин, Н.Угринович, Н.М.Розенберг, А.В. Соловев т.б) адам-компьютер-адам немесе компьютерлік коммуникация деп атайды. Ақпараттық мәдениет дегеніміз тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез келген ақпарат көзін – анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедияларды, теледидар бағдарламаларын т.б. дұрыс пайдалана білу, алынған мәліметтерді ой елегінен өткізіп, талдай білу деген сөз. Қазіргі Интернет желісінде жұмыс істеу білім алушыларға әлемдік білім, ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруге шексіз мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз «Ақпараттық мәдениет» екі басты ақпарат және мәдениет ұғымдарына негізделеді. Осыған қарап оның «мәдени» және «ақпараттық» жақтарын ерекше айыруға болады. Мәдени жағынан ол адам мәдениетін калыптастыру үрдісін құрайтын ақпараттық қоғамдағы адам тіршілігінің әдістері ретінде қаралады. Ақпараттық жағынан көптеген анықтамалар білім жағына, ақпараттық қажеттілікті қанағаттандыруды көздейтін ақпараттық іс-әрекеттерге сүйенеді. Ақпараттық мәдениетті, бәрінен бұрын, жалпы мәдени өмірінің маңызды салаларының бөлігі ретінде ұғыну қажет. Ол адамның әлеуеттік жаратылысымен тығыз байланысты. Сондай-ақ мәдени болмысты адамның тиімді түрде игеруіне ықпал етеді. Ақпараттық мәдениеттің қызметін компьютерлеу немесе ақпараттық техника саласы деп қана қарауға болмайды. Шындығында ол өте кең ауқымды сала және ғылыми үрдістерді, білімді, табиғи және әлеуеттік басқару үрдістерін, тұрмыс саласын, бос уақыт т.б. қамтиды. Қоғамға есептеуіш техниканың енуіне байланысты бұл сала кеңейіп келеді. Субъектіге байланысты ақпараттық мәдениетті таратушыларды үш деңгейде қарастыруға болады: тұлғаның ақпараттық мәдениеті; жекелей топтың ақпараттық мәдениеті (белгілі бір әлеует. ұлттар, жас ерекшелігіне байланысты немесе кәсіби топтар т.б.) жалпы қоғамның ақпараттық мәдениеті. Ақпараттық ұғымға әр түрлі авторлар әр түрлі мағлұмат береді: Ақпараттық мәдениет тұлғаның ақпараттық қасиетін қалыптастыру мен коғамда ақпараттың қызмет етуімен байланысты мәдениет саласы. Тұлғаның ақпараттық мәдениеті әлеуметтік маңызы бар ақпараттардың барлығын игеру барысында жеке тұлғаның ішкі сезімдерінің үйлесімі. [2,15б]. Ақпараттық мәдениет жалпы адамның рухани байлығының алғышарттары болып табылатын ақпараттар алу, тарату, сақтау және пайдалану саласында адам әрекеттерінің сапалы түрі. Ақпараттық мәдениет өркениетін даму кезеңінде кез-келген салада мамандардың қол жеткізе алатын ақпараттық мүмкіншіліктерінің жиынтығы. Ақпараттық мәдениет – ақпарат ауқымында адамның емін – еркін сезінуіне мүмкіндік беретін, ақпараттық өзара әрекетін қалыптасуына себепші болып, оған араласа алатын білім деңгейі. Ақпараттық мәдениет қоғам мен оның белгілі бір бөліктерінің ақпаратпен байланысты жұмыстарында: ақпарат алу, жинақтау, кез-келген түрін өңдеу арқылы практикалық қолданыста сапалы жаңа ақпарат беруде адам әрекетінің көрсететін дәрежесі. Заманауи зерттеулерде ақпараттық мәдениет ғылыми ақпараттық саладан келгендіктен ақпараттық ыңғай табады. Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда күнделікті өмірге қажетті кәсіптік және басқа да білімнің өздігінен өсіп өнуін қажет деп санаймыз. Ақпараттық мәдениет көптеген нәрселерді қамтиды:
1) көптеген психологиялық қиыншылықтармен байланысты туған ақпараттың жетіспеуін болдырмау үшін жеке тұлғаның түсінігінде жаңа ақпарат іздеу мәдениеті; ерекшеліктерін түсіну мен құжатты талдау кажеттілігі;
2) кез-келген кәсіптік оқудың білім алу құралы екенін ұғыну;
3) компьютерлік технология мен интеллектуалды әдістемені пайдалана отырып, ақпараттарды кайта өңдей білу;
4) кұжаттар мен мәліметтер базасына ез бетінше ізденіс жасай білу және жеке басылық ізденіс жүйелерін жүргізу;
5) кез-келген іс-әрекеттің табысты болуы үшін түлга аралык кәсіптік қатынастың маңыздылыгын түсіну;
6) коммуникациялык біліктілік деңгейін арттыруга ұмтылу;
7) басканың көзкарасы мен пікіріне шыдамдылық көрсетуге тәрбиелеу, білімді тек кана алмай, беруге де даярлык жасау.
Ақпараттық мәдениет адамдардың ақпараттық тәлімінен көрінеді. Ақпараттық тәлім дегенде түсінетініміз жаңа білім алып, оны игеру үшін адамның қолданатын күш-қуатының жиынтығы. Өркениеттің дамуымен байланысты білімсіз адамдардың ығыстырылып қалатыны айдан анық. Егер бұрын әлеуметтік теңсіздіктің себебі оның шығу тегі мен азаматтық құқығының болуымен қоғамдағы әлеуметтік жағдайының құрылымына қатысты болса, бүгінгі таңда ол ақпараттық мәдениет деңгейінен туады. Ақпараттық тәлім, бір жағынан жеке тұлғаның белсенділігін таным субъектісі ретінде бейнелесе екінші жағынан ақпараттық тәлімнен ақпарат қорларын пайдалануға қол жеткізуге болатыны көрініп тұрады. Көп ұзамай-ақ әрбір адамның тағдыры күнделікті өмірде жаңа ақпаратты уақытында тауып, оның желісін пайдалануға оның қаншалықты бейім екендігімен байланысты болады.
– үздіксіз білім берудің маңыздылығын ұғыну;
– әлемдік ақпараттық ресурстардан хабардар болу;
– ақпарат алудың әр түрлі каналдарын комплексті түрде пайдалану;
– өзіндік ақпараттық біліктілік деңгейіне шынайы баға беру және
өзінің психикалық күйіне ой жүгірту;
– кәсіптік қарым-қатынасты этикалық нормаларды сақтау; Кәсіби маман даярлауды ұдайы жетілдіру студенттерден білім, іскерлік дағдыларының тұтас жүйесінің дамуын қалыптастыруды, сондай-ақ өздігінен қызмет ету тәжірибесін, жеке басының жауапкершілігін талап етеді. Жеке инновацияны игеруде сапалы, жаңа мазмұнды табыс таба білу оқу процесінің тиімділігін арттырады. Біздің заманымызда тез ескіретін білім жиынтығын меңгергенше, оқуға бейімділік, өздігінен жұмыс істеу, шығармашылық ой толғау неғұрлым маңыздырақ саналады. Оқушының мәдени танымын қалыптастыру жоғары оқу орындарының басты міндеттерінің бірі, ал мектепте оқу жылдарында құрылған адамның мәдени дәрежесі оның кәсіптік шеберлігінің сәттілігі. Ақпараттық мәдениет деңгейі жеке тұлға қарекетінің жетістігіне елеулі әсер етеді.
Бүгінгі таңда ақпарат тауып, пайдалана білудің алған білімнен гөрі, әлеуеттік мәртебеге ықпалы зор. Әр түрлі әлеуеттік топтардың ақпараттық тәлімін байқауға салыстыруға, бағалауға болады. Қоғам мақсаттары үшін жарамды адамдардың ақпараттық тәлімін оқып үйренудің әдістемесі жасалды. Зерттеушілер төмендегідей құрамдас бөліктері бар XXI ғасырдың басындағы мамандардың ақпараттық тәлімінің үлгісін ұсынды:
– үздіксіз білім берудің маңыздылығын ұғыну;
– әлемдік ақпараттық ресурстардан хабардар болу;
– ақпарат алудың әр түрлі каналдарын комплексті түрде пайдалану;
– өзіндік ақпараттық біліктілік деңгейіне шынайы баға беру және
өзінің психикалық күйіне ой жүгірту;
– кәсіптік қарым-қатынасты этикалық нормаларды сақтау;
Маманда осы қасиеттердің барлығы болса, ол қиналмай-ақ қажетті ақпараттарды өз жұмыстарында, ғылыми зерттеулерде т.б.қолдануына болады. Ақпараттық мәдениет жеке тұлғаның жан-жақты дамуы мен адам әрекетінің барлық саласына енетін күрделі де көп қарқынды құбылыс. Ол адамға қоршаған ортада алатын орнын ұғынуға жағдай жасайды, ақпарат аумағындағы тіршілігін үйлестіреді және жеке тұлғаның дамуына көмектеседі [3,4 б].
Ақпараттық мәдениет – білім, дағдылар мен ережелер, ақпараттық қызмет саласында жасалған және ақпарат пайдаланушыға ақпарат әлемін еркін меңгеріп, өзіне қажетті деректерді тұрған жеріне қарамай тауып, пайдалануға мүмкіндік беретін жалпы мәдениеттің бір бөлігі. Мектеп кітапханасы бүгінгі жаңартылған білім мазмұнының ресурстық орталығы. Оның өскелең ұрпақтың талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту тұрғысында алатын орны ерекше.
Ақпараттық мәдениет адамдардың ақпараттық тәлімінен көрінетіні баршамызға аян. Демек ақпараттық тәлім дегенде түсінетініміз жаңа білім алып, оны игеру үшін адамның қолданатын күш-қуатының жиынтығы. Өркениеттің дамуымен байланысты білімсіз адамдардың ығыстырылып қалатыны айдан анық. Егер бұрын әлеуметтік теңсіздіктің себебі оның шығу тегі мен азаматтық құқығының болуымен қоғамдағы әлеуметтік жағдайының құрылымына қатысты болса. Бүгінгі таңда ол ақпараттық мәдениет деңгейінен туады. Ақпараттық тәлім, бір жағынан жеке тұлғаның белсенділігін таным субъектісі ретінде бейнелесе екінші жағынан ақпараттық тәлімнен жинақталған ақпарат қорларын пайдалануға қол жеткізуге болатыны көрініп тұрады. Бүгінгі таңда ақпарат тауып, пайдалана білудің өзі білімнен гөрі, әлеуеттік мәртебеге ықпалы зор. Әр түрлі әлеуеттік топтардың ақпараттық тәлімін байқауға салыстыруға, бағалауға болады [4,11 б].
Ақпараттық мәдениеттің философиялық негізі. Адамның мүмкіндіктері мен оның бүгінгі қоғам дамуындағы қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешудегі орны. Адами мүмкіндіктер мен қажыр-қайрат ұлттық байлық ретінде. Адами мүмкіндіктердің даму индексі. Инновация және қоғамның инновациялық дамуы жайлы бүгінгі күнгі түсініктер. Тұлғаның ақпараттық мәдениеті мен оқу мәдениеттілігін қалыптастыру бүгінгі күнде кітапханалар мен білім бері мекемелерінің тәжірибелік ісінде ең маңыздыларының бірін құрайды. мамандықтар. Ақпараттық теңсіздік бүгінгі қоғамдағы ауқымды мәселе ретінде, оны шешу жолдары. Білімдегі теңсіздік – қоғамдық теңсіздіктің жаңа түрі. Өмірдің ақпараттық сапалылығы мен қоғамның ақпараттық сапасы. Әлеуметтік уақытты үнемдеудің факторлары. Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі үлкен орын алып отыр. Ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа ену, адами ресурстарды қалыптастырудағы білім берудің рөлін арттыру жағдайында мектеп кітапханасының жүйесін жаңа тәсілдерге бағдарлау мен заманауи жетілдіру маңызды. Адамның өмір бойы ақпараттық мәдениетін қалыптастыруы, ол болашақ маман үшін олардың кәсіби білім алу аралығында қаланады. Оқу мәдениеттілігі – кітапханалық этиканың қарапайым элементтерін қамтиды, яғни кітап бетін бүктемеу, белгілер жасамау, сызбау, кітапты тиісті орынға уақытылы өткізу. Оқу мәдениеттілігі алдымен оқуға деген дұрыс көзқарас қалыптастырудан, оқырманның кітап арқылы әлемді танып және оқудан өзіне қажет нәрсе алуға беталысынан басталады. Басқаша айтқанда, оқырман кітапты жәй ғана уақыт өткізу үшін емес, өздігінен білім алып, өз еңбегін ұйымдастыруға және жетілдіруге пайдаланғаны өте орынды болады. Оқудың зор мәнін түсіне отырып, ол көркем әдебиетпен ғана шектеліп қоймайды, өзінің мәдени ой өрісін кеңейту мақсатында ғылыми кітаптар оқып, өндірістік біліктілігін көтеру үшін арнайы әдебиеттерді қадағалап отырады.Техникалық дағдылар оқырманға кітапты терең пысықтауға және есінде жақсы сақтауға көмектеседі. Сондықтан осындай дағдылар қаншалықты көп меңгерілсе, адам соншалықты жылдам оқиды және оқығанын жақсы түсініп алады. Ал, ақпараттық мәдениет кітап оқудан басталады десек артық айтпаған болар едік. Кітап, бізді көбірек алғыр ойлауға баулып, ішкі ойлау күші арқылы біздің барлық ойлау және сезіну қабілетімізді қалыптастыратын құрал екеніне ешқандай дауымыз жоқ. Әдебиет туралы мыңдаған кітаптар мен мақалалар жазылған, ал оны оқутуралы – кем де кем. Оқу дегеніміз – бұл кітап мазмұнымен танысу, автордың кітаптағы ойын ұғыну, меңгеру. Кез келген адам, ақыл иесі ретінде, өмір сүруге және оған қоса өзінің білімін жетілдіріп отыруға міндетті. Сондықтан оқу әр адам үшін өте қажет. Конфуций: «Ойланбай оқу – бекер еңбек, оқымай ойлау – қауіпті», – деген керемет сөзінің астарында үлкен ұғым жатыр. Яғни, әрбір қазақстандық азамат пен азаматша оқу мәдениетін өзінен бастап өз бойында терең қалыптастыруы керек. Кітапхана саласы мамандарының кәсіби әрбір күні, барлық азаматтардың мемлекет өміріне саналылықпен және шығармашылықпен қатысуының маңыздылығын дәлелдейді. Ал ол қоғамымыздың әр мүшесінің мәдениеттілік деңгейін көтеру мен өздігінен білім алуда және көзқарасын қалыптастыруда көбірек өзіндік шығармашылық танытуын талап етеді. Өздігінен білім алу, ой-өрісін жетілдіру – ол тек қана ғылым, әдебиет, мәдениет құндылықтарын өздігінен оқып білу ғана емес, сондай-ақ өзін тәрбиелеу әдістемесі бойынша қажетті білім алу, теорияны практикамен байланыстыра білу, жаңалықтарды күнделікті өмірде белсенді түрде енгізу. Оқу мәдениеттілігін жақсы игеру үшін басылған шығарманы дұрыс пайдаланып, одан неғұрлым көбірек пайда, сабақ алғанда ғана дұрыс дағды қалыптасатыны сөзсіз.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың ақпарат алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері жастардың бойында ақпараттық мәдениеті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет екенін ұмытпағаным дұрыс. Бүгінгі күні ақпараттық қоғамға көшу процесінде ақпараттың құндылығы өзгеріп, уақыт, кеңістік және қашықтық ұғымдары туралы түсінігіміз кеңейіп, осылардың барлығы жаңа мәдениеттің, яғни ақпараттық мәдениеттің тууына себепші болып отыр. Ақпараттың біраз бөлігі техникалық жинақтауыштарға жазылған және оларды компьютер арқылы алуға болады. Ал ақпараттың басым бөлігі баспа түрінде кітапханаларда және архивтерде сақталады. Компьютерлік сауаттылық адамның ақпараттық қоғамдағы іс-әрекеттеріне жеткіліксіз. Ақпараттық сауаттылық пен мәдениеттіліктің маңызды компоненті компьютермен қатар кітапханалық болып табылады. «Ақпараттық мәдениет» дегеніміз тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез келген ақпарат көзін анықтамаларды, сөздіктер, энциклопедияларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын дұрыс пайдалана білу деген сөз». Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу теледидар хабарын талғамды түрде қарау немесе қарамау, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және де өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда, өз еркіндігіңді шектей білу [6,18б]. Дамудың әрбір кезеңінде бірінші адамның іс-тәжірибесі мен екінші ақпарат өңдеу тәжірибесі жөнінде мәліметтер жиналғаны сөзсіз. Адамның жинаған іс-тәжірибесі ақпарат түрінде беріледі. Бұл ақпарат істер мен ақпараттық технологияның тууынан негізге алғы шарттары болып табылады. Ақпарат адамның ғылыми-зерттеу, тәжірибе құрастырушылық және өндірістік, сондай-ақ әлеуметтік тәжірибеден алған білімі. Ақпарат – айналадағы ортадан қабылданатын (кірістік ақпараты), айналадағы ортаға берілетін (шығыстық ақпаратты) немесе кейбір жүйенің ішінде сақталатын (кіші ақпарат) мәліметтер жинағы. Ғаламторға оған төмендегідей анықтама беріледі. Intonnation/ақпарат – жеке тұлға, зат, дәлелдеме, оқиға, құбылыстар туралы мәліметтер. Ақпарат белгісіздік, жеке тұлға зат құбылыстар туралы білімнің толықсыздық дәрежесін азайтады. Қорыта айтқанда, «Ақпараттық мәдениет» дегеніміз тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез келген ақпарат көзін анықтамаларды, сөздіктер, энциклопедияларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын дұрыс пайдалана білу деген сөз». Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу теледидар хабарын талғамды түрде қарау немесе қарамау, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және де өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда, өз еркіндігіңді шектей білу.
Кітапхананаларда өткізіліп жатқан әртүрлі игі іс-шаралар, атап айтар болсақ акциялар, атақты тұлғалармен кездесу кештер, марафондар, челендждер, дөңгелек үстелдер, оқулар мен оқу сайыстары т.б. көптеген шығармашылық жұмыстар адамзаттың оқу мәдениетін нығайта алары сөзсіз деп қорытындылаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Кітапханатану. Оқу құралы / Е.Ж. Али, Ш.Б. Мукашева, М.Ш. Нурпеисова, А.А. Тиерменова. – Нұр-Сұлтан: «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 2019. – 320 б.
2 Тастанбекова Г. Н, Арымбаева К.Н «Ақпараттық мәдениет негіздері»-Алматы.: Алматы баспасы, 2011
3 Агентство Республики Казахстан по статистике [Электронный ресурс]. – http//www. taldau.stat.kz/.
4 Наурызбаева Г.А Кітапханатануға кіріспе. Оқу құралы.-Алматы.: АDALKITAP, 2022-159б
5 Наурызбаева Г.А Кітапхана ісі тарихы.-Алматы.: ЖШС «Лантар –Трейд», 2021-258б
6 Досумбекова Г.А, Әбдиева Р.Б Ақпараттық мәдениет-Алматы.:Қыздар педагогикалық университеті, 2012-164б