Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту жолдары
Мыңбай Ұлдана Қайратқызы
Студент
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, Қарағанды қ.
Аннотация. Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту мәселелері қарастырылады. Оқу сауаттылығы – тек мәтінді оқу ғана емес, оны түсіну, саралау, ой қорыту және өз көзқарасын дәлелдей білу қабілеттері екендігі негізге алынады. Мақалада оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдістері, оқыту стратегиялары және білім беру процесінде қолданылатын оқылым тапсырмалары талданады.
Кілт сөздер: оқу сауаттылығы, түсініп оқу, мәтінмен жұмыс, функционалдық оқу, бастауыш білім, оқушының тілдік дамуы.
Оқу сауаттылығы – оқушылардың өз бетімен білім алуына, түрлі дереккөздермен жұмыс істей алуына, ақпараттық қоғамда бағдар жасай білуіне мүмкіндік береді. Бастауыш кезеңде қалыптасқан оқу сауаттылығы кейінгі пәндік білім мен танымдық әрекеттің негізіне айналады.
Оқу сауаттылығын дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуда келесі әдістер тиімді:
1. ЖИГСО (Jigsaw) – мәтінді бөліктерге бөліп, топпен жұмыс жасау арқылы мазмұнын талдау.
2. INSERT әдісі – мәтінмен жұмыс барысында оқушы белгілер қою арқылы өз түсінігін бақылайды.
3. Даралықпен оқыту (дифференциация) – оқушы деңгейіне сай мәтіндер мен тапсырмалар ұсыну.
4. Сұрақ қою стратегиясы (Блум таксономиясы негізінде) – оқушыларға төмен, орта және жоғары деңгейлі сұрақтар қойып, ойлау қабілетін жетілдіру.
5. Кесте, диаграмма, графикамен жұмыс – мәтіндегі ақпаратты визуалды түрде бейнелеу арқылы түсінуді тереңдету.
Мәтінмен жұмыс түрлері
Оқу сауаттылығын арттыруда оқушыны түрлі мәтін түрлерімен жұмыс істету маңызды: көркем, ақпараттық, ғылыми-танымдық, публицистикалық мәтіндер. Осы мәтіндерге сұрақтар беру, жоспар құру, негізгі ойды анықтау, мәтінге ат қою, сурет салу, рөлмен оқу – бәрі оқу сауаттылығын арттырады.
Оқу сауаттылығын бағалау
Бағалау формативті (қалыптастырушы) және жиынтық түрде жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау барысында оқушылардың мәтінді түсінуі, жауап беруі, қорытынды жасауы, өз ойын дәлелдеуі ескеріледі. Жиынтық бағалауда күрделілігі әртүрлі мәтіндермен жұмыс жасату арқылы сауаттылық деңгейі анықталады.
Оқу сауаттылығы қазіргі білім беру саласындаіргелі ұғымдардың бірі ретінде қарастырылып, оның мазмұны тек мәтінді формалды немесе механикалық түрде оқумен шектелмейді. Керісінше, бұл ұғым оқушының мәтін мазмұнын терең түсіну, ақпараттысаралау, өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдану қабілеттерімен тығыз байланысты. Бұл бағытта халықаралық ұйымдардың, әсіресе ЮНЕСКО мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) ұсынған стандарттары негізгі бағдар ретінде қолданылады.
ЮНЕСКО (2021) деректеріне сәйкес, оқу сауаттылығы – тұлғаның өмір бойы үздіксіз білім алуына мүмкіндік беретін базалық функционалдық қабілеттердің бірі. Бұл құзыреттілік қазіргі цифрлық қоғам жағдайында ақпаратпен тиімді әрекеттесуд іқамтамасыз ететін маңызды алғышарттардың бірі болып табылады.. Сонымен қатар, ЮНЕСКО сарапшылары оқу сауаттылығы ұғымын тек дәстүрлі жазбаша мәтіндермен шектемейді, олармультимодальды мәтіндермен (бейне, инфографика, анимацияланған цифрлық мәтіндер) жұмыс істеу қабілетін де оқу сауаттылығының құрамдас бөлігіретінде қарастырады.
PISA зерттеулері оқу сауаттылығын тереңіректүсінуге және оны бағалауға арналған нақты критерийлер ұсынады. Мәселен, PISA-2021 шеңберінде оқу сауаттылығы үш негізгі компонентке бөлінеді: мәтінді түсіну, мәтінге сыни тұрғыдан баға беру және оны өмірлік міндеттерді шешуде тиімді қолдану . Бұл талаптар оқушылардың алған білімін шынайы өмірде қолдану қабілетін бағалауға мүмкіндік береді және білім мазмұнын өмірлік маңызға бағыттау қажеттілігін айғақтайды.
Оқу сауаттылығы – оқушының коммуникативтік, тілдік және логикалық-танымдық қабілеттерінің үйлесімді дамуын сипаттайтын кешенді құзыреттілік. Бұл ұғымды зерттеуші Н. В. Соколова «коммуникативтік мәдениеттің негізі» ретінде қарастыра отырып, оны тұлғаның әлеуметтенуіне және өз көзқарасын қалыптастыруына әсер ететін маңызды фактор ретінде бағалайды . Ал С. М. Қалиева оқу сауаттылығы мен шығармашылық ойлаудың өзара байланысын айқындап, бұл құбылыстың оқушыларда креативтілік, рефлексия, өзіндік бағалау сияқты метатанымдық дағдыларды дамытуға ықпал ететінін атап көрсетеді. Оның пайымдауынша, оқу сауатты тұлға – бұл жаңа ақпаратты құрылымдап, түрлі көзқарастарды салыстыра алатын және нақты тұжырым жасай білетін жеке тұлға.
Оқу сауаттылығы мазмұны жағынан бірнеше өзара байланысқан компоненттерден тұрады. Бұл компоненттер оқушылардың ақпаратпен тиімді жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған:
1.Негізгі оқу дағдылары. Бұл – мәтінді дұрыс және мәнерлеп оқу, сөйлемдердің құрылымын талдау, мәтіндегі басты ойды анықтау сияқты техникалық және мазмұндық оқу біліктері. Аталған дағдылар бастауыш білім беру кезеңінде негізделеді [2].
2.Сыни ойлау. Оқушының ақпаратты талдап, оның негізділігі мен сенімділігін бағалауы, дәлелдерді сын тұрғысынан талдауы жалған ақпаратты ажыратып, нақты әрі дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік береді [15].
3.Шығармашылық дағдылар. Бұл – оқушының мәтіннен алынған мәліметтерді өз білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа идеялар ұсынуы немесе күрделі мәселелерге тың шешімдер табуы [3].
4.Цифрлық сауаттылық. Қазіргі оқушының интернет-ресурстар мен электрондық дерекқорларды орынды қолдана білуі, цифрлық ортада ақпаратпен қауіпсіз әрі тиімді жұмыс жүргізе алуы – оқу сауаттылығының маңызды құрамдас бөлігі.
Оқу сауаттылығын дамытуда қолдануға болатын тиімді әдістердің бірі – «Кейіпкер көзімен жаз» тапсырмасы. Бұл әдісте оқушы мәтінді оқығаннан кейін, ондағы оқиғалар мен жағдайларды кейіпкердің атынан баяндайды. Мұндай тапсырма баланың мәтінді терең қабылдауына, оқиғаны эмоциялық тұрғыдан бағалауына және ішкі сезімдерге енуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, келесі шығармашылық тапсырмалар да оқу сауаттылығын арттыруда тиімділігін көрсетіп келеді: 3-сынып оқушыларына арналған шығармашылық тапсырма үлгілері:
1.«Сөздер сөйлейді»
Мақсаты: сөз мағынасын түсініп, мәтін құрастыру дағдысын дамыту.
Тапсырма: «Дос», «Адалдық», «Көмек» деген сөздерді пайдаланып шағын әңгіме құра.
Орындау жолы:
• Әр сөзге түсініктеме бер.
• Мәтін ішінде сол сөздерді қолдан.
• Соңында шығармаңа ат қой.
2.«Сиқырлы сөйлем»
Мақсаты: сөйлемді шығармашылықпен жалғастыру арқылы қиялды дамыту.
Тапсырма: Төмендегі сөйлемді жалғастырып, әңгіме жаз:
«Мен сиқырлы кітапты ашқанда, кенеттен…»
Орындау жолы:
• Қиялдай отырып, оқиғаны дамыт.
• Негізгі кейіпкерлерді енгіз.
• Әңгімені нақты бір оқиға желісімен аяқта.
3.«Болашақтағы оқиға»
Мақсаты: мәтінмен жұмыс істеу және болжау қабілетін қалыптастыру.
Тапсырма: Берілген мәтінді оқы да, оқиғаның болашақта қалай өрбитінін жаз.
Орындау жолы:
• Мәтіндегі негізгі идеяны анықта.
• Болашақтағы дамуын сипаттап жаз.
4.«Бір мәтін – үш тақырып»
Мақсаты: мәтіннің мазмұнын талдап, тақырып қою білігін дамыту.
Тапсырма: Мәтінді оқы. Оған үш түрлі тақырып ойлап тап. Әр тақырыптың неге лайық екенін түсіндір.
Пайдаланылған дереккөздер тізімі:
1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. – Астана, 2022.
2. Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал. – Астана, 2017.
3. PIRLS 2021 Қазақстан бойынша ұлттық есебі. – Астана, 2022.
4. Құрманбаева Ш. Қ. Бастауышта оқу сауаттылығын дамыту әдістері. – Алматы: Рауан, 2020.
5. Ахметова С. Ф. Мәтінмен жұмыс – оқу сауаттылығының негізі. // Бастауыш мектеп. – 2023. – №3.
6. Блум Б. Таксономия учебных целей. – М., 2001.