«Кек» романы бойынша Омарбек батырдың тілдік қолданысындағы күрделі сөздердің ағылшынша берілуі

Тулекова Гулжан Қажымұратқызы

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор

«Тұран» университеті

Сапар Мирас

Сабит Тоғжан

Сулейменова Анель

Темір Дана

«Тұран» Университеті студенттері

Аңдатпа

Бұл мақала Нағашыбек Қапалбекұлының «Кек» атты романының негізінде жазылған. Берілген мақалада романның басты кейіпкері  Омарбек батырдың бастан кешкен оқиғалар желісінде қолданған сөз тіркестерінің ағылшын тіліндегі аудармалары көрсетілген. Мақала қазақ тіліндегі әдеби, көркем сөздердің ерекшелігін анықтап, мағынасын ашып, оқырманға түсінікті түрде жеткізу мақсатында жазылған.

Тірек сөздер: келімсек, үйелмен, озбыр, сүмелек, қапысыз

Аннотация

Статья написана по роману Нагашибека Капалбековича «Кек». В данной статье представлены английские переводы фраз, использованных главным героем романа Омарбеком Батыром в череде событий. Статья написана с целью выявить особенности литературно-художественных слов в казахском языке, раскрыть их значение и донести до читателя в доступной форме.

Ключевые слова: чужой, семья, насилие, произвольно, мерзавец,  беззаботный

Annotation

The article is based on the novel by Nagashibek Kapalbekovich “Kek”. This article provides English translations of phrases used by the protagonist of the novel Omarbek Batyr in the series of events. The article is written in order to identify the features of literary and artistic words in the Kazakh language, to reveal their meaning and convey them to the reader in an understandable way.

Key words: alien, family, abuser, immoral person, without worries

Кіріспе

Қазіргі таңда жастарды ғылымға үйрету , негіздеу, ғылыми мақалаға баулу кеңінен өріс алуда. «Академиялық хат» пәнімен тереңінен танысу нәтижесінде әр студент өзінің болашақ жұмысын жазып шығаруға қажетті бағыт алады. Академиялық бағытта ғылыми мақала жазу тек қана білімділікпен тоқтамайды, ол автордың ой-дағдысын және шығармашылық қабілеттерін кеңінен қолдануды талап етеді.

Көркем романдағы грамматикалық құрылымдарды тану,  ағылшын тіліне  аудару рухани жаңғырудың негізіне айналып отырған кезең.  Осы тұрғыда Нағашыбек  Қапалбекұлының негізгі идеясын дәріптеп, қазақ әдебиетін дамытудағы үлесін, басқа ұлт өкілдеріне романдағы Омарбек батырдың сөздеріндегі мағынаны беру .

Жоғарыда атап өткендей, Омарбек батырдың қолданған сөз тіркестерін ағылшын тілінде берілуі – мақаланың негізгі тақырыбы, мақсаты және идеясы.

Аударма дегеніміз белгілі бір тілде берілген ақпаратты басқа тілге дәлме-дәл аудару болып табылады,басқаша айтқанда, түпнұсқаның басқа тілде жүзеге асырылған тұлғасы. «Аударма»  ұғымы туралы зертеушілердің  көзқарастардың тоғысу нәтижесінде  көптеген теориялар қалыптасқан. Оны келесі дәлелдермен көрсетуге болады: «Аударма деп бір тілде шығарылған сөздік өнімді басқа тілде мазмұнын бұлжытпай жеткізу үрдісін айтамыз»  [8,11-бет] «Аударма түпнұсқа тілінде дайындалған мәтінді басқа тілде бергенде оның инваранттық мазмұнын, қасиеттерін, авторлық ойын сайма-сай сақтауға бағытталған үдеріс. [8,10-бет]  «Аударма тіларалық коммуникацияны қамтитын түпнұсқаны екінші тілде дәлме-дәл жеткізу үшін аударма тілінде мәтін дайындайтын» [8,167-бет] Аударма ісінің міндеті ретінде көптеген ұлттық тілдер мен әдебиеттердің қалыптасып, жетілуіне өз ықпалын тигізуін айтуға болады. Бұл айтылған сөздерден аударма әр тілді адамзатты біріктіретін тірек деп қарастыруымыз қажет. Одан бөлек аударма ісінің негізгі міндеті ретінде берілген мәтінді өзге тілден басқа тілге түпнұсқаға балама болатындай етіп аудару. Берілген аударма оқырманға түсінікті болуы шарт. Аударма барысында кездескен мәселелерді тапқырлықпен шешу қажет. Себебі, аудармашы бұл жерде шығармашылық адам ретінде танылады. Автордың ойын басқа тілде мән-мағынасын жоғалтпай сақтап, оны оқырманға жеткізу негізгі мақсат. Осы орайда, Омарбек батырдың қолданған тілдік қорындағы күрделі сөздердің ағылшынша беріліп, олардың түпнұсқадағы мағынасын жоғалтпауы абзал. Роман желісінде батырдың психолингвистикалық бейнесін, танымын оқырманға жеткізу тиянақты, дұрыс және қатесіз аударманы қажет етеді. Ал ол үшін роман желісін оқи отырып, батыр кейпін алдымен өз кезегінде дұрыс қалыптастыруымыз керек. Бұл тарихи шытырман оқиғада батырдың қолданған тілдік қолданысындағы күрделі сөздерді зерттей отыра, оның сол кездегі эмоциялық күйін, сөздерді қолдану мақсатын ашып алуымыз қажет. Батыр оқиға желісінде патриоттық сезімді нақыштай алады. Осы орайда тандап алынған сөйлемдер ішінде оларды кездестіруге болады. Басты кейіпкер бейнесін оқырман елестету барысында, оның қандай ерекше тұлға болғанын сезінуі тиіс. Ал өз кезегінде сол атап өтілген батырдың бейнесін оның қолданған сөздеріне сүйене отыра, әрі оларды ағылшын түрінде бере отырып, оқырманды қызықтыруымыз қажет. Жұмысты зерттеу барысында аударманың бірнеше түрі қолданылды.

 Лингвист-ғалым, аударма теориясының маманы В.Ю. Розенцвейг аударманың келесі түрлерін атап көрсетті:

  • Дәлме-дәл аударма
  • Сөзбе-сөз аударма
  • Жеңілдетілген аударма
  • Барабар аударма
  • Еркін аударма

Аударманың осы түрлерін пайдалана отырып, Омарбек батырдың тілдік қолданысындағы күрделі сөздер мен сөйлемдерден келесі мысалдарды негізге алдық:

 «…Сенің тек көпірме сөздің шағын көсеуін көсейтін мақтаншақ әрі қорқақ екеніңді білем ғой.» [1,22-бет]

көпірме сөздің шағын көсеуін көсейтін мақтаншақ – бөспе,өтірік айтатын адам

аудармасы – bouncer

«…Осы істерің үшін өкімет бастарыңнан сипамасы анық» [1,43-бет]

Бастарыңнан сипамасы анық – аяушылық көрсетпеу

аудармасы – no mercy

«…Сен-ақ тірі жүре берші, сүмелек күйіңде патша жендеттеріне жағымпазданып.» [1,204-бет]

сүмелек – сүйкімсіз, адамгершілік қасиеттен жұрдай адам

аудармасы – immoral person

жағымпаздану – біреуге ұнауға, көңілінен шығуға тырысу

аудармасы – flattery

«…Ұлықтардың ойранын шығарған соң бәріміз Суықтөбе жаққа кетеміз.» [1,51-бет]

ойранын шығару – қирату, жою

аудармасы – damage

«…Бүкіл қазақ елін адам құрлы көрмей басынғандарыңда – үлкен батырсыңдар, жұртқа кеңес бергендеріңде – ақылдысыңдар, ауылдағы момын қауымды жөнсіз қинағандарыңда – әкімсіңдер, ал қолға түсіп, бастарыңа күн туғанда – кінәні біреуден іздейтін амалсыз адам бола қаласыңдар.» [1,369-бет]

басыну – басқару, өкілеттік ету

аудармасы – to govern

басына күн туу – қиын-қыстау күндер

аудармасы – tough days

Жоғарыда көрсетілген сөйлемдерде дәлме-дәл аударма түрі пайдаланылды. Оған түпнұсқада көрсетілген сөздердің қазақ тілінен ағылшын тіліне баламасын көрсетуде мағынаның өзгермеуі айқын дәлел. Осы сөйлемдерді оқи отыра, Омарбек батырдың өз дұшпандарына деген жеккөрінішін байқауға болады. Таңдап алынған сөйлемдер оқырманға басты кейіпкердің бейнесін айқын түрде жеткізіп тұр. Автордың Омарбекті сипаттау барысында қолданған тілдік құралдары сәтті түрде шыққан.

«…Жазған қазақтың нешеме жылдардан бері келімсек орыстардан азап көріп, жазықсыз жапа шегіп келе жатқаны бәріңе аян.» [1,49-бет]

келімсек – бөтен, сырттан келген,

аудармасы – alien

жапа шегу – жәбір көру, қиналу,зардап шегу[3,268-бет]

аудармасы – suffer

 аян – белгілі,әйгілі,мәлім[3,80-бет]

аудармасы – definite

«…Мен енді атқа қонам» [1,46-бет]

атқа қонам – атқа міну

аудармасы – horseback riding

«…Олай болса, сөзіңнің үдесінен шығатын, уәдеңнің беріктігін далелдейтін сенде бір мүмкіндік бар.» [1,21-бет]

үдесінен шығатын – ойдың орындалуы

аудармасы – come true

«…Айтқанымды құп көрсең, басыңа азаттық жаныңа тыныштық аласың. Қандас туыс, жатырлас бауырмен табысасың. Қалған өмірің жылы қоныс, жайлы мекенде, қапысыз, қайғысыз өтеді-міс!» [1,201-бет]

жылы қоныс – мекен ететін орын

аудармасы – settlement

қапысыз – уайым-қайғысыз

аудармасы  – without worries

«…Қазаққа қарсы шапқан талай жауды жайраттым, өзіме күш көрсеткен талай озбырды тезге түсірдім.» [1,202-бет]

озбыр – жәбірлеуші, жәбір көрсетуші

аудармасы – abuser

жауды жайраттым – жауды жеңу

аудармасы – defeat the enemy

«…Мейлі отқа өртеп өлтірсін, мейлі дарға асып өлтірсін, мейлі аштан қатырып өлтірсін, мені иілтіп, дегеніне көндіре алмас…» [1,203-бет]

отқа өртеп өлтіру

аудармасы- burn to death

дарға асып өлтіру

аудармасы- hanging

«…Қарақшы деген атым қауесет емес, расы солайтұғын.» [1,234-бет]

қарақшы – қылмыскер

аудармасы – criminal

қауесет – өсек, әңгіме

аудармасы – rumours

«…Ауылға барып, ағайын-туыстарымның ешқайсысын алаламай, бәрін теңдік саясатқа насихаттасам, шынында, тірлігімнің несі әбес…» [1,236-бет]

насихаттау – үгіттеу, үйрету

аудармасы – propaganda

«…Пиғылы таза өкіметке адал қызмет етсем, өмірі қарны жөндеп тоймаған жарлы – жақыбайларға еңбегінің өтемін дұрыс берсем, өзім де тоқ, көңілім де тоқ боп жүрмеймін бе.» [1,238-бет]

жарлыжақыбайлар – кедей адамдар

аудармасы – poor

«…Ел басына зобалаң күн туып, барлық жақсы-жайсаң жігіттерінен айырылайын деп жатқанда, әр үйелменге қасірет-тақсірет қатар төнгенде қандасыңа болыспасаң – несіне адам боп жаралдың?» [1,129-бет]

зобалаң – қиын қыстау жағдай, ауыртпалық.

аудармасы – burde

үйелмен – отбасы, жанұя

аудармасы – family

қандас – бауырлас, ағайын

аудармасы – relative

«…Одан да мылтықтарыңды, оқ-дәрілеріңді тез дайындап, шеп құрыңдар!» [1,61-бет]

оқдәрі

аудармасы – ammunition

шеп құру – қарсыласты өткізбеу үшін жасалған бөгет

аудармасы – build a fence

«…Алайда ата-бабаларымыз бен біздің кегіміз екі-үш ұлықтардың өлімімен қайтпасы белгілі.» [1,57-бет]

ұлық – әкім, төре, билеуші

аудармасы – ruler

«…Ауыл ішіндегі апыр-топырда бір-біріңнен ажырап қалмаңдар.» [1,52-бет]

апыртопыр – асығыстық

аудармасы – hurry

Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған мысалдардың ағылшын тілінде берілу амалдары Омарбек батырдың психолингвистикалық танымын бере алады. Осы орайда атап өтілген теориялар, аудармалар және олардың негізгі идеясы арқылы кейіпкер бейнесін ашып, оқырманға түсіну жеңілдетілді. Автор сипаттаған батыр бейнесін көрсетуде, сезімі мен ойын жеткізуде бекітілген талаптарды ескере отырып, оның идеясынан ауытқып кетпеуі тиіс. Өз кезегінде батырдың тілдік қорының бай екенін және оның айтқан  сөздерінен қайтпас қайсар, өжет мінезін байқауға болады. Сол арқылы автор кейіпкердің  нағыз ер азамат бейнесін көрсете алды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н.Қапалбекұлы.Кек романы.Алматы[«Жамбыл баспасы».2021ж]432б

2. English-Kazakh dictionary.Ағылшынша қазақша сөздік.[Мектеп баспасы/Алматы 2004] 505б.

3. Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі.Алматы.[Дайк-пресс,2008ж]968б

4.https://translate.meta.ua/ru/%D0%BF%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%B2%D0%BE%D0%B4%D1%87%D0%B8%D0%BA/%D0%B0%D0%BD%D0%B3%D0%BB%D0%B8%D0%B9%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9/%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9/

5. https://translate.google.com/?hl=ru

6.О.Т.Еділбай.Академиялық жазылым. [Алматы,2018]120б.

7.Кувшинская Ю.М., Зевахина Н.А, Ахапкина Я.Э. Гордиенко Е.И. Академечиское письмо.Мәскеу[Юрайт,2019]284б.

8. К.М.Әбішева,Рахымжанов Қ.Х Аударма теориясы мен практикасының негіздері.Астана.[«Тұран-Астана»,2014]243б.