Мен экономист болу үшін Қазақ ұлттық университетін таңдадым
Әділбек Айдана Русланқызы
«Экономика» кафедрасының 4 курс студенті
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Рахматуллаева Динара Жаксылыковна
PhD докторы, Экономика кафедрасының аға оқытушысы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Қазіргі заманда әлемде 60 000-нан астам мамандық бар. Олардың барлығы өз бетінше қызықты. Біреу дәрігер болуды армандайды, біреу суретші, біреу тарихты зерттеуді ұнатады, ал біреу археолог боламын дейді.
Менің сүйікті пәндерім әрқашан математика және география болды. Осы пәндерге қызығушылық мамандық таңдауда басты бағыттаушы болды.
Кез келген мектеп бітірушінің алдында тұратын ең басты маңызды шешім ол- қай жоғарғы оқу орнына түсемін, қай мамандықты таңдаймын деген сұрақтарға жауап табу. 11-ші сыныпты аяқтап жатқаннан бірнеше жыл бұрын мен нақты қай жоғарғы оқу орнына түсетінімді алдын ала шешкен болатынмын. Экономика мамандығын таңдағандықтан Қазақстандағы ең беделді әрі атақты университеттердің бірі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне өз таңдауымды тоқтаттым. Бұл университетті менен бұрын көптеген атақты және беделді адамдар бітіргенін білгеннен соң, мен бұл оқу орнына түсем деген нақты шешім қабылдадым. Еліміздің ең ірі және әлемге әйгілі университетіне түсе отырып, мен беделді, іргелі және құрметті оқу орнын таңдайтынымды білдім және өз мансабымды салу жолында дұрыс қадам жасап жатқанымды түсіндім.
Қазіргі уақытта мен осы университеттегі Экономика және бизнес жоғары мектебінің экономика мамандығының 4-ші курс студентімін. университетім Қазақстан бойынша білім беру сапасы жағынан жоғарғы оқу орындарының үздіктерінің бірі. Төрт жыл бойы өте кеткен оқуымды еске алсам, факультет оқытушылары арасында тек академиялық мамандар емес, сонымен қатар бизнес-тәжірибешілер болып табылады, соның арқасында оқу өте қызықты өтеді. Барлық аудиториялар интерактивті жабдықпен жабдықталған және презентациясыз бірде-бір дәріс оқылмады. Оқу тапсырмалары жеке және топта орындалатын жобалар түрінде берілді, бұл өте қызықты процесс болды. Олар халықаралық студенттермен жұмыс істейді және ғылыми, мәдени, спорттық және ойын-сауық іс-шараларының ұйымдастырушылары болып табылады.
Егер сіз кәсіпкер болғыңыз келсе немесе ұйымды басқару саласында жұмыс жасау ойыңызда болса , экономика кафедрасы студенттерде сыни және креативті ойлаудың нақты базасын қалыптастырады. Біздің факультетте және кафедрада керемет оқытушылар, деканат қызметкерлері, факультет басшылығы жұмыс жасайды. Кафедраның оқытушылар құрамы өзінің біліктілігі мен студенттерге деген жоғары кәсіби көзқарасымен қуантты. Мұғалімдер өте әржақты адамдар және әр қайсысы жаңа нәрсені үйрете алады. Университеттегі оқу атмосферасы мейірімді әрі қолайлы. Оқу өмірінен тыс студенттік өмір де қызықты: көптеген іс-шаралар, жобалар, беделді адамдардың дәрістері. Студенттер факультет пен университет өміріне белсенді қатысу арқылы өз пікірлерін дәлелдеуге және не істей алатындығын көрсетуге әртүрлі мүмкіндіктер беріледі.
Оқу барысында көптеген іс-шаралар өткізіліп, дөңгелек үстелдер, форумдар мен конференциялар ұйымдастырылды. Университет қабырғаларына үнемі шақырылған қызықты адамдармен кездесулер ұмытылмас әсер қалдырды. Осында оқудың арқасында мен осы іс-шаралардың барлығына қатыса алдым. Қазақ ұлттық университетінде ғылыми қызметті ұйымдастыруға ерекше назар аударылғанын атап өткен жөн. Студенттерге өздерінің ғылыми қабілеттерін жүзеге асыру үшін студенттік конференция шеңберінде баяндама жасаудан бастап республикалық және халықаралық конференцияларға қатысуға дейін барлық мүмкіндіктер берілді.
Қазақ Ұлттық университеті өзін-өзі жүзеге асыру үшін түрлі мүмкіндіктер беріп қана қоймай, оған үнемі итермелейді. Егер сізде бір жағдай болып қалса, сізге қолдау беретін эдвайзер мен деканат әрқашан өз көмек қолын созуға дайын болады. Университет үлкен болғандықтан және онда әр түрлі елдерден келген адамдар оқитындықтан, сіз көп нәрсені біле аласыз және сізбен бірге болатын адамдарды таба аласыз.
4 жыл білім алу барысында мен практикада оңай қолданатын лайықты теориялық базаны алдым. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мен жеке тұлға ретінде өстім. Мұнда сіз өзіңізді бөтен адам сияқты сезінбейсіз, мұнда олар сізді тыңдайды, сіздің пікіріңіз бен көзқарасыңызды есепке алады. Профессор-оқытушылар құрамы тек университетте ғана емес, сонымен қатар университеттен тыс жерлерде де студенттердің өміріне белсенді қатысады.