Панорамалық ашық сабақ

Шарипбаева Бибайша Налибаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

«Саран қаласы әкімдігінің №16 жалпы білім беретін мектебі» КММ

1 сынып

Понарамалық сабақ

Тақырыбы: Санды бірнеше бірлікке арттыруға және кемітуге арналған есептер

Оқу мақсаттары: санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару;

І.Ұйымдастыру кезеңі

А) Жаттығу-2мин

Мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту.

Кіші үйшік-жекелей жұмыс; Үлкен үйшік-жұппен жұмыс.

ІІІ. Жаңа сабақ  2мин

-Қазір қай мезгіл?

-Осы айда қандай мереке бар?

(тақтада жапсырулы тұрған киіз үй мен торсық)

Киіз үй-3

Торсық-5

  • Балалар, берілген тақтадағы суреттен не байқадыңдар?( киіз үй кем, торсық артық, есептің сызба моделін сыздыру) . Сабақтың тақырыбын айту. Балаларға мақсат құрғызу.

(Сонымен бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Санды бірнеше бірлікке арттыруға және кемітуге арналған есептер

І. Ауызша тапсырмалар: (презентациядағы) 5мин Ұжымдық жұмыс

Мақсаты:

Берілген тақырыптың мағынасын слайттағы тапсырмалар арқылы ашу.

  • Адам жасы туралы. ( Сұрақтар арқылы талдау)

( Сұрақтар:

Данияр Арманнан неше жас үлкен?

-Арман Сәкеннен неше жас кіші?

-Сәкен Даниярдан неше жас үлкен?

  • Жылқы мен түйе (Қаншаға артық қаншаға кем)

Топпен  жұмыс

Әр топқа аю туралы тапсырманы тарату. Топтар бірін бірі тексеріп смайлик қойып қайтарып беру.

(экранға қарап, тексереді, қанша қосу, қанша азайту-балл қойылады, қорытынды шығару-жоғары балл, ортаңғы балл, төменгі балл. Өзін өзі бағалайды)

ІҮ. Планшетпен жұмыс: -4мин

Мақсаты: Берілген жаңа сабақты толығымен меңгергендіктерін байқау. Оқушылар өз беттерімен орындайды. (Артық кемге арналған есептер жасау. Үш топқа артық, кем, барлығы деген есептер беремін слайдтан қарап орындайды) Маркер доскасында шартын, сұрағын, шешуін, жауабын жазу керек. Алдымен дұрыс  орындаған бала мұғалімге көрсетеді, содан соң ол бала өз тобын тексереді)

  • Сонымен балалар, бүгінгі тақырыбымыз не жайында болды? Сабақтың басында алға қойған мақсаттарыңа жеттіңдер ме? Тақырып түсінікті болды ма? Қай тапсырмада мақсатқа жете алдыңдар?
  • Ендеше сабақты қаншалықты түсінгендеріңді сабақ маған ұнады дегендер тақтада тұрған жасыл киіз үйдің айналасына жапсыруға болады. Ал кім жартылай түсіндім дегендер сары киіз үйге, түсінбедім дегендер қызыл киіз үйге.

Кері байланыс: гүл тарату 2мин

Рефлексия: қызғылтсары түсті жауқазындар