Студенттің өз бетінше білім алудың мотивациясы
Жузбаева Гульмира Окубаевна
Б.ғ,к., доцент
Кайрбекова Алтынай Нургисаевна
Магистрант, 2 курс
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Аннотация. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр.
Жоғарғы оқу орындарында студенттердің жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін әрдайым байыту, оқуға деген ынта-жігерін арттыру, қоғамдық өмірдегі барлық салалардағы өзгерістер адамның интелектуалдық күш – жігерін, саналы әркеті мен ізденімпаздығын, танымдық ой-өрісіннің белсенділігі мен іс-әрекетін шығармашылық сипатта жүзеге асыруды талап етеді.
Оқытушының әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі заман талабына сайкес оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Демек, жастарды еңбектің қай саласыңда да, білім алуда да тек мәлімет жиынтығын меңгеруімен шектелмей, студенттердің өзіндік іс-әрекетін тиімді ұйымдастыра отырып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын студент етіп даярлау қажет болып отыр.
Әр ғылымның барлық саласында болмысы білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық процесс кезінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқыту үрдісінде студенттердің өзіндік оқу жұмыстарын оңтайлы ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Себебі, студенттердің өзіндік жұмыстарын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.
Қазіргі таңда сай өзіндік іс-әрекетін жаңа жағдайға байланысты оңтайлы ұйымдастыра білуі тиіс.
Кілтті сөздер: Өзіндік жұмыс, СӨЖ, дербес жұмыс, дидактика, оқу-таным, өзін-өзі бақылау,
Зерттеудің өзектілігі. Студенттің өзіндік жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызғушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі [1].
Өзіндік жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеті мен біліктерін дамытуда олардың барысында тиімді, әрі өнімді еңбек етуіне мол мүмкіндіктер жасайды. Өзіндік жұмысты оңтайлы ұйымдастыру елеулі практикалық міндет және маңызды ғылыми проблема болып табылады.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесіне көптеген зерттеулер арналған. Олар педагогикалық әдебиеттерде алғаш өзіндік жұмыс мәселелерін В.К.Буряк, Е.Я.Голант, Б.П.Есипов, Р.Г. Лемберг, Р.М. Микельсон, И.И. Пидкасистый, Е.С.Саблик, М.Н. Скаткин еңбектерінде зерттелініп, оқу үрдісінде білім алушылардың өзіндік жұмысын жүйелі түрде қолдану негіздері қарастырылды.
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың мәнін дидактикалық тұрғыда қарастырғандар: А.Е.Абылқасымова, Н.А.Адельбаева, С.И.Архангельский, М.В.Буланова-Топоркова, М.Г.Гарунов, И.И. Кобыляцкий, Р.Н. Низамов еңбектері арналған.
Өзіндік жұмысқа берілетін анықтамалардың әртүрлігіне қарамастан, оларды бірнеше шағын топқа бөлуімізге болады.
И.Т.Протасовтың ойынша, өзіндік жұмыс біліктілік пен іскерлік жиынтығы.
Г.Н.Кулагина өзіндік жұмысты студенттің іс-әрекет құралы белсенділігі мен өз бетімен білім алуға дайындығы деп түсінеді.
Г.Н.Дари өзіндік жұмыстың мәнін былайша айтады. Бұл жұмысты студент өз бетімен орындайды, ол өзінің біліміне, іскерлігі мен сеніміне, өмірлік тәжіріибесі, дүниетанымына сүйене отырып атқарады [2].
Жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан түбегейлі өзгерістерге байланысты СӨЖ-дің маңызы артқанын, ондағы оқытушының орнын, кредиттік оқыту жүйесінде оны ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері мен мәселелерін отандық зерттеушілер С.Е. Калдыкозова, А.Головчун және ресейлік зерттеушілер Е.Галицких, Ю.Попов пен В.Оробинский, И.Г. Ковалевский, Г.Ларионова еңбектерінде қарастырылады.
Педагогика-психология ғылымында, өздігінен білім алу, студенттердің ақыл-ойының дамуының жоғарғы көрсеткіші деп қарастырылады.
Өзіндік жұмыстары әр түрлі әдістер арқылы іске асырылады, мысалы: жаттығу, кітаппен жұмыс істеу, бақылау, есеп шығару, эксперимент жүргізу т.б.
Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының бір жаттығулар мен тапсырмалар болып табылады. Сондықтан жоғарғы оқу орындарында әрбір курста оқытушылардың басшылығымен студенттер жаттығуларды өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылады.
Студенттерндің өзіндік жұмысы болашақ маманның шығармашылық ойлауын, танымдық қызығушылығын және арнайы білім алуын қамтамасыз ететіндіктен жаттығулардың маңызы зор.
Р.С.Немов төмендегідей қорытынды жасаған: «Білік дағдылардың барлық түрлерін қалыптастыруда жжаттығулардың маңызы зор. Олардың негізінде дағдылар автоматтандырылып, біліктілер жетіледі. Ал күнделікті, жүйелі жаттығуларсыз, білік, дағдылар өз қасиеттерін жоғалтады» [3]. Өз бетімен жұмыстың маңыздысы – студенттің өз беттерімен орындай алуларына, оқуға белсенділігінің артуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпалы мол. Өз бетімен жұмыс жасау барысында студент Р.Сүлейменов [3] өздігінен істейтін жұмыстарды әрекет сипатына қарай жаттығу, зерттеу шығармашылық жұмыстар деп топтастырады. «Шығармашылық еңбекте студенттің іскерлік қабілеті, білім көлемі, білім молдығынан туатын толық дербестігі айқын көрінуі тиіс». Шығармашыдлық жұмыстар студентердің дүниетанымына, ізденімдік қабілетінің дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Онымен қатар өздігінен ой қорытып, шешім шығаруға, дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға, тіл байлығын арттыруға жәрдемдеседі.
Оқытушының сабаққа дайындалғанда өзінің әрекеттерін ойластыруымен шектелмей, деңгейіне қарай студенттің әркетіне мән беруі тиіс.
Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру-өте күрделі мәселе. Сондықтан студенттердің өзіндік жұмыстарын таныстыру үшін бірнеше шарттар мен белгілерді ескеру керек.
Оқытудың мақсат міндеттеріне және пәннің мазмұнына, оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, студенттің даму дәрежесіне қарай өзіндік жұмыстарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның негізгі жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыстың түрлері. Олар мыналар:
-жаңа білімді меңгеруі;
-жаңа білімді бекіту;
-білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру.
Студенттердің жұмыстарының барлық топтарын оқытушы оқыту барысында жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті және оның бір ерекшелігі – оқыту үрдісінің барлық кезеңіндерінде қолдануға болады. Сондай-ақ студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстары олардың таным, іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі бағытта ұйымдастыруға болады.
Уақытты тиімді пайдаланып, студенттің өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет. Ол үшін мынадай міндеттер орындалу керек:
-Студенттерге өзіндік жұмыстар туралы түсінік беру.
-Студенттердің өз бетімен тапсырма орындау әдістерін таныстыру.
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
1. Оқытушының нақты тапсырмалар беруі;
2. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың дербестігінің өзара байланысы;
3. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеу;
4. Олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі.
Студенттердің өзіндік ұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы студенттердің іс-әрекетінің дербестігі артады.
Студенттің өзіндік жұмысы- кез-келген пәнді оқуға өзіндік жұмыстың орындалу әдістерінің қалыптасуына бағытталғанымен, бұл жұмыс- студенттің ғылыми, оқу кәсіби қызметін қалыптастырып, мәселелерді өзіндік шешуіне оптималды шешімдерді қабылдауға, дағдарыстық жағдайлардан шығуға арналған.
Жоғарғы мектептің орта мектептен ең басты айырмашылығы – оқыту жұмысының әдісі және студенттердің жеке деңгейі болып табылады.
Жоғарғы оқу орындарында студент білімді өзі жинап, ғылымды өзі таниды, ал оқытушы тек студенттердің танымдық қызметін ұйымдастырады және бақылайды. Сондықтан студенттің өзіндік жұмысы- оқыту қызметінің барлық түрлерінің міндеттерін анқытайды.
Сонымен қатар, студенттердің өіндік жұмыстарының тәрбиелік мағынасы өте зор. Өйткені, бұл жұмыс-студенттің білім алудағы жеке жұмысын ғана емес, қазіргі заманғы жоғарғы кәсіби маманды тұлға рентінде қаплыптасуына мүмкіндік береді.
Студенттің өзіндік жұмысы ұйымдастыру жоғарғы оқу орындарындағы негізгі нормативті құжаттармен сәйкестендіріліп, жүзеге асады.
Студенттің өзіндік жұмысын белсендірудің тәсілдері ұйымдастырушылық және әдістемелік болып бөлінеді. Әдістемелік жағынан белсендіру қолданылған әдіс-тәсілдерге, студенттің өзіндік жұмысының формалары мен ұйымдастыру құралдарына байланысты.
Өзінідік жұмысты оқытушының дұрыс басқара білу және студенттердің дербестік әрекетінің дәрежесі артып отыруы- осы жұмыстың белгілері болып табылады.
Студенттердің өзіндік жұмысының маңызын толығырақ түсіну үшін, оның атқаратын негізі мен міндеттерін атап өткен жөн болар.
1. Студенттердің дербестік қабілетін мейлінше арттыру.
2. Олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз ету.
3. Студенттерге оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
4. Таным ақыл-ой қабылетін дамыту.
Сонымен, өзіндік жұмыс студенттердің шығармашылық әрекеті мен ынтасын дамытуда зор әсер білдіреді, қайсарлық, табандылық, батылдыққа тәрбиелеуде және қалыптастыруда көздеген мақсатқа жетуге және жеке тұлғаны сапалық қасиеттерін жетілдіруге зор мүмкіндік береді.
Студенттерде оқу мазмұнына және оқу іс-әрекетінің өзіне қызығушылықты тудыру үшін маңызды шарт-оқуда ақыл-ойдың дербестігін және бастамашылдықты көрсете алу мүмкіндігі. Оқыту әдістері неғұрлым белсенді болса, соғұрлым білім алушыларды қызықтыру жеңіл. Оқуға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастырудың негізгі құралы – шешілуі студенттерден белсенді ізденістік іс-әрекетті талап ететін сұрақтар мен тапсырмаларды пайдалану.
Студенттің өз бетінше білім алуына қызығушылықты қалыптастыру және мотивация
Оқуға қызығушылықты қалыптастыруда проблемалық ситуация жасау студенттердің өздерінде бар білім қорымен орындай алмайтын қиындықтарды қақтығыстыруда үлкен рөл атқарады. Қиындықпен кездесе отырып, жаңа білім алудың немесе бұрынғы білімдердің жаңа жағдайда қолданудың қажеттігіне көздері жетеді. Үнемі қауырттылықты қажет ететін жұмыс қана қызықты. Ақыл – ойдың қысылуын қажет етпейтін жеңіл материал қызығушылық тудырмайды. Оқу іс-әрекетіндегі қиындықтардан – оған деген қызықушылықтың пайда болуының маңызды шарты. Оқу материалының және оқу міндетінің қиындығы қай кезде қызығушылықтың өсуіне әкеледі десек, онда тек қиындық шама жетерлік, жеңе алатындай болған кезде ғана, кері жағдайда қызығу тез төмендейді.
Оқу материалы және оқу жұмысының тәсілдері жеткілікті түрде сан алуан болу керек. Әр түрлілік студенттердің оқу барысында түрлі объектілермен қақтығысуымен ғана емес, сондай – ақ бір объектіде жаңа жақтар ашылу мүмкін болуымен қамтамасыз етіледі. Студенттерде танымдық қызығушылықты қоздыру амалдарының біреуі – шеттеу, яғни, студенттерге үйреншікті және күнделіктіден жаңаны, күтпегенді маңыыздыны көрсету. Материалдың жаңалығы – оған қызығушылықтың пайда болуының мәнді факторы – бұл эмоционалдық бояу, мұғалімнің жанды сөзі.
Осы жағдайлар арнайы қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған оқу процесін ұйымдастырудың белгілі бағдарламасы ретінде қызмет ете алады.
Бір жағынан, қазіргі кездегі әлеуметтік-мәдени жағдаят үздіксіз білім беру жүйесін дамытуға бірқатар талаптар қояды. Өзіндік жұмыс және білім беру үдерісінде өз бетімен жұмыс істеп үйрену студенттер үшін де, студенттер үшін де өте қажет.
Екінші жағынан, өзіндік жұмысты тиімді жүзеге асыру нәтижеге жету қызығушылықтарына, яғни, тұрақты ынталандыруға байланысты [1].
Студенттерді өзіндік жұмыстарға ынталандырудың негізгі түрлері.
Ынталандыру келесі түрлерге бөлінеді:
1. Ішкі ынталандыру– жоғары оқу орнында оқу нәтижелерінің кәсіби мансабына (карьера) байланыстылық. Өкінішке орай, бұл фактордың әзірге тиімділігі жеткіліксіз, дегенмен білім тенденцияларынталдасақ, бұл сұрақтарды шешу болашақтың құзырында екені түсінікті және оған ұмтылыс байқалады.
2. Сыртқы ынталандыру – студенттің бейімділігі, жоғары оқу орнында білім алуға қабілеттілігі. Оны жоғары оқу орнына дейінгі кезеңде мамандық таңдауда тесттерді қолдану, білім беру бағытын анықтауда негізделген ұсыныстар арқылы басқаруға болады.
3. Процессуалды (оқу) ынталандыру. Студенттің түсінігінде орындалатын жұмыстың пайдалығы көрініс табады. Әрі кәсіби даярлығында, әрі маманның эрудициясын кеңейтуде орындалатын жұмыстың маңыздылығы студентті психологиялық тәрбиелеуді талап етеді. СӨЖ нәтижелерінің дәрістік материалдарды, зертханалық жұмыстарды және т.б. жақсы түсінуге септігін тигізетіндігін дәлелді түрде көрсете алу қажет. Курстық жұмыстарды, тіпті төменгі курстан бастап дипломдық жобалардың құрамдас бөлігі болып табылатын СӨЖ тапсырмаларын енгізу де маңызды міндет атқарады.
Бақылау және СӨЖ оқытушы үшін өзіндік мақсат болмауы керек, ол – студенттің білім алу әрекетіне түрткі беретін фактор. СӨЖ орындау нәтижелерін үлгерім көрсеткіштеріне, сынақтағы (емтихандағы) билеттер мен сұрақтарға енгізу қажет.
Өйткені, студенттің рейтингі, соңғы бағасы, шәкірт ақысы мен оның мөлшері осыларға тәуелді. Бірқатар студенттерге қоғамдық мойындау (факультетте, мамандықта, топта бірінші болу) түріндегі моралды қызығушылық маңыздырақ.
Осыған орай төменгі курстарда сабақтың дәстүрлі формалары арқылы студенттің алатын білімі мен біліктілігін арттыру және бекіту мақсатын орындауда СӨЖ маңызды міндет атқарады. Жоғары курстарда СӨЖ студенттің шығармашылық әлеуетін дамытуына септігін тигізуі керек. Тапсырмалар дара, командалық немесе кешенді сипатта болады. Дегенмен, СӨЖ-ді орындауды бақылау, СӨЖ бойынша есеп беру жеке түрде өтуі қажет [1]. СӨЖ-де шығармашылық бастау «төменгі-жоғары» шкаласымен ғана шектелмейді. Бұл жерде критерий біреу – дара бейімділіктер, ең бастысы, нақты бір студенттің қабілеттері.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Асанов Н. Өзіндік жұмыстардың ерекшеліктері. Алматы, 2004
2. Р.Б. Исмаилова Студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері.//Бастауыш мектеп- №5,6-2012, Б.36-37.
3. Абдукаримова У. Самостоятельная работа студентов. Алматы, 1999