Қазақ тілі. Ашық сабақ, 8 сынып.
Мусина Д.Т.
Средняя школа №13, город Рудный. Учитель казахского языка и литературы.
8-сынып: Қазақ тілі
Пән мұғалімі: Мусина Д.Т.
Сабақтың тақырыбы: Киім. Киімнің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: киім туралы білімдерін кеңейту, киім түрлерімен таныстыру, сөздік қорларын толықтыру.
Дамытушылық: тақырып туралы ойларын кеңейту, ауызекі сөйлеуге, алған білімдерін шығармашылыққа қолдана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: қазақ тіліне қызығушылығын ояту, оқушыларды жас ерекшелікке сәйкес киінуге, киіну мәдениетінің қыр – сырын ұғынатын эстетикалық тәрбие беру, әсемдікке, сұлулыққа баулу.
Оқыту құралдары: сөйлеу тілі, жазу, белсенді тақта, сурет, тірек сызба.
Оқыту формалары: топпен, жеке
Сабақтың барысы:
І. Сәлемдесу. Сәлеметсіздерме оқушылар, құрметті қонақтар. Өз сабағымды мынадай өлең жолдарымен бастағым келіп отыр.
Гүл өсірсең терлеп-мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп-мұның аты еңбек.
Сабағынды жөндеп, әзірлесең-еңбек.
Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.
Сабағымызды бастамас бұрын сіздерге мынадай бейне материал ұсынғым келіп отыр. Бейне материалды көргеннен кейін, сендер сабақтың тақырыбы қандай екенін анықтайсыңдар.
Миға шабуыл. Бейне материалды көру. Оқушылар сабақтың тақырыбын ашады. Сабақтың тақырыбы: «Киім»
Енді оқушылар біз сендермен екі топқа бөлінеміз:
1 топ: әйелдер киімі 2 топ: ерлер киімі
Сабақ бойынша алған бағаларыңды бағалау парақшасына толтырасыңдар. Бағалау критерийлермен таныстыру. Әр топта бір спикерді таңдайсыңдар.
«5» – 0 қате
«4» – 1 қате
«3» – 2 қате
«2» – 3-5 қате
Жалпы 2 топқа тапсырма
Әр топқа кластер жасау. Киімнің түрлері
Сөздік жұмысы
М: Сабағымызды бастамас бұрын жаңа сөздермен таныс болайық.
Жаңа сөздермен жұмыс:аң терілері – шкура зверядәреже – имиджажар – лицо, видберік – прочнокүйе – моль
Тыңдалым.
5-тапсырма Оқылым. Мәтінді оқушылар оқып шығады.М: Мәтін мазмұнымен таныс болдыңыздар, енді осы мәтін бойынша сұрақтарға жауап дайындаңыздар. Әр топқа. Веер әдісі.
1 тапсырма. (2 оқушыға) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
1 тапсырма, 230 бет.
Жауаптары:
- Киім адамды неден қорғайды? (Қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерінен қорғайды.)
- Киім тігуге қандай материалдар пайдаланылады? (мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар және т.б. пайдаланылған.)
- Киім туралы қандай мақалдарды білесіңдер? («Адам көркі шүберек»)
- Қандай киім адам ажарын ашпайды? (Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлері майланып кеткен киімдер, жағасы мен жеңі кірлеп, қыртыстанған көйлек адамның ажарын ашпайды.)
- Маусымдық киімді қалай сақтайды? (киімді жуып, тазалап, үтіктеп, күйеден сақтайтын препараттарды сеуіп, келесі маусымға дейін сақтап қояды.)
2 тапсырма. Дұрыс-бұрыс. (2 оқушыға)
Жауап парағы
- Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым. (бұрыс)
- Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлері майланып кеткен киімдер, жағасы мен жеңі кірлеп, қыртыстанған көйлек адамның ажарын ашпайды. (бұрыс)
- Түймелердің дұрыс және берік қадалғанына мән беру керек. (дұрыс)
- Қоршаған орта бізді киген киімімізге қарап бағалайды. (дұрыс)
- Маусымдық киімді жуып, тазалап, үтіктеп, күйеден сақтап препараттарды сеуіп, келесі маусымға дейін сақтап қояды. (бұрыс)
3 тапсырма. Мақал-мәтелдің дұрыс аудармасын табу.
- Ұзын киім ұлыма, қысқа киім қызыма. (Узкая одежда износится быстро.)
- Ескі киімнің жылуы жок(Теплая одежда тело греет, теплое слово душу согреет.)
- Жылы киім тәнді жылытады, жылы сөз жанды жылытады. (Длинная одежда для сына, короткая одежда для дочери.)
- Тар киім — тозғақ. (Чужой конь потом уливается, чужая одежда быстро марается.) .
- Кісінің аты тершен, кісінің киімі кіршең. ( Старая одежда не согревает.)
Жауап парағы.
- Ұзын киім ұлыма, қысқа киім қызыма. ( Длинная одежда для сына, короткая одежда для дочери.)
- Ескі киімнің жылуы жок. ( Старая одежда не согревает.)
- Жылы киім тәнді жылытады, жылы сөз жанды жылытады. (Теплая одежда тело греет, теплое слово душу согреет.)
- Тар киім — тозғақ. (Узкая одежда износится быстро.)
- Кісінің аты тершен, кісінің киімі кіршең. (Чужой конь потом уливается, чужая одежда быстро марается.)
Сабақты әрі қарай жалғастырамыз. Сабақтың жалғасы ойын түрінде өтеді. Ойын «Табло сыйлығы» деп аталады. Ойынның шартымен таныстыру.
Тақтада «Табло сыйлығы» кесте ілулі тұрады. Таблоның тор көздері нөмірленген. Номердің артында тапсырмалар құрастырылған. Оқушылар ұнаған номерді таңдап, тапсырманы орындайды. Барлығы 6 тапсырма. «Сыйлық» деген сөз шықса, оқушыларға сыйлық беріледі.
Тапсырмалар:
№ 1. Үстеу дегеніміз не? (Қимылдың, іс-әрекеттің әртүрлі белгілерін, тәсілін, мекенін, себебін, мезгілін, жай-күйін білдіретін сөздер үстеу деп аталады).
№2. (сыйлық)
№ 3. Үстеулер сөйлемде қандай қызмет атқарады? (Үстеулер етістікпен тіркесіп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады).
№ 4. (сыйлық)
№ 5. Мезгіл үстеулер қандай сұрақтарға жауап береді? (Қашан? Қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді).
№ 6. Үстеулерге антоним табу. Бүгін – ертеңТаңертең – кешкеБиыл – былтырЖазда – қыстаКүзде – көктемде
№ 7. (сыйлық)
№ 8. Берілген сөздерден мезгіл үстеулерді теріп жазу.Тазалау, тоқыма, ерте, қысқы, жүн, биыл, төмен, таңертең, мақта, кешке.
№ 9. Сыйлық
№10. Кроссворд. Сөздердің аудармасын табу.
- Кофта
- Свадебный головной убор невесты.
- Шуба
- Платье
- Желетка
Бағалау: Оқушылар бағалау парағы арқылы қорытынды баға шығарады.
Кері байланыс:
Бәрін жақсы түсіндім деген оқушы №1, әлі де сұрақтарым бар деген оқушы №2, ешнәрсе түсінбедім деген оқушы №3 суретті көтеру арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.