Разработка занятия по теме «Жәндіктер әлемі»
Хузиахметова Нурия Абдулбариевна
Мұғалім-дефектолог
Тараз қаласы, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ
Қатысқан балалар: Козлов Виталий, Вейт Николай, Мұхтар Олжас.
Уақыты: 10.40-11.00.
Бөлімі: Сенсомоторлық дамыту
Сабақтың тақырыбы: «Жәндіктер әлемі».
Мақсаты: Т-б.м.: көктем мезгілінің негізгі белгілерін атауды жаттықтыру, жәндіктермен таныстыруды жалғастыру, түстерді, геометриялық пішіндерді, сандарды қайталау, сандарды заттың санымен сәйкестендіруді, үлгі бойынша түрлі нәрселерді құрастыруды жаттықтыру;
Т-д.м.: балалардың зейін, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын байыту, сөз түсінуін дамыту, тактилды қимылын және ұсақ моторикасын дамыту;
Т-т.м.: жәндіктерге қамқорлықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Құрал-жабдықтар:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
Сабақ барысы:
-Сәлеметсіздер ме, балалар мен қонақтар!
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қимылмен қайталайды.
Шаттық шеңбер:
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Достарымды көргенде,
Қуана қарсы аламыз.
Сәлем бердік, алтын күн,
Сәлем бердік, ашық аспан.
Сәлем бердік, жер-ана,
Сәлем бердік, баршаға!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Дұрыс, қазір жылдың көктем мезгілі.
-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Күн жылынады, ағаштар бүршік жарады. Құстар жылы жақтан ұшып келеді, жәндіктер жер бетіне шыға бастайды.
Ойындық жағдаят:
Сабаққа Дымбілмес мектептегі дорбамен келеді.
-Балалар, қараңдаршы, сабағымызға кім келіпті?
-Дұрыс, Дымбілмес екен. Кәне, онымен амандасайық. Бірақ, оның көңіл-күйі жоқ секілді. Ол өзіңмен бірге үй тапсырмалары бар дорбаны алып келіпті. Балалар, Дымбілмеске көмектесіп, үй тапсырмаларды орындауға көмектесеміз бе?
-Иә, көмектесейік.
-Жарайсыңдар!
1 Тапсырма: «Суреттерді ата».
-Балалар, суреттегі нәрселерді атап шығайық:
-Көбелек, инелік, бал арасы, шыбын, қанқызы, қоңыз, шегіртке, құмырсқа.
-Балалар, осы аталған нәрселер нелерге жатады?
-Дұрыс, жәндіктерге жатады екен.
Содан соң педагог балаларды жәндіктердің мүсіндермен таныстырады.
-Жарайсыңдар, балалар, бірінші тапсырманы орындадық.
2 Тапсырма: «Көбелектерді безендірейік» дидактикалық ойыны.
-Балалар, қазір сендермен бірге осы түрлі түсті помпондарды қолдана отырып, көбелектерді безендірейік.
-Жарайсыңдар, ақылдыларым!
3 тапсырма: «Қанқыздарды жапырақтарға орналастыр» дидактикалық ойыны.
-Балалар, қараңдаршы, бұтақтың жапырақтары көп екен. Кейбіреу жапырақтың үстінде сан (геометриялық пішін) бар. Қанқыздардың дақтарын санап, оларды жапырақтардың үстіне отырғызайық. Мысалы, жапырақтың үстінде 5 саны бар болса, 5 дағы бар қанқызды үстіне орналастырайық. Ал Олжастың тапсырмасы бойынша кейбір жапырақтың үстінде геометриялық пішін бейнеленген. Олжас сол пішінге қарап, дәл осындай пішіні бар қанқызды жапыраққа отырғызуы керек. Жарайсыңдар!

-Балалар, сендер шаршаған шығарсыңдар. Кәне, тұрып, сергіту сәтін орындайық.
«Құмырсқа» атты сергіту сәті. (доппен орындау)
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа,
Алды допты орнынан,
Солға бұрылды,
Оңға бұрылды,
Қойды допты орнына.
-Тамаша! Енді отыруға болады.
-Балалар, құмырсқа – өте еңбекқор, көп қимылдайтын жәндік. Оның негізгі қорегі – басқа жәндіктер, жапырақтар, түрлі жемістер, тұқымдар мен шырындар.
4 Тапсырма: «Құмысқаға көмектес» дидактикалық тапсырмасы.
-Кәне, ақылдыларым, 4 тапсырмаға көшейік: құмырсқаға тастар арқылы жол көрсетіп, алмаға жетуге көмектесейік.

5 Тапсырма: «Инелікті құрастыр» дидактикалық ойыны. (үлгі бойынша құрастыру)
-Балалар, қазір сендермен бірге геометриялық пішіндерді қолдана отырып, инелік құрастырайық.
-Сендер қандай пішіндерді көріп тұрсыңдар? Оларды атап шығайық: ромб, үшбұрыш, алтыбұрыш, шаршы.
-Балалар, сендер білесіңдер ме, инелік қандай қоректі жақсы көреді?
-Инелік шыбын, маса, шіркей, ұсақ жәндіктерді ауада жүріп ұстайды.

«Қоңыз» атты саусақ жаттығуы.
Жапырақтың астында,
Қоңыз тұрып оянды.
Қолын созып аспанға,
Ішін, мұрнын, көзін, мұртын –
Су тамшылармен ол жуды.
Аппликация «Бақтағы қанқыздар» орындау.
-Балалар, қазір сендермен бірге қанқыздар туралы аппликация орындайтын боламыз. Қанқыздар түрлі жапырақтар мен шөптер үстінде жүруді, ауада ұшуды жақсы көреді.
(Педагог әр балаға жасыл шөбі бар үлгіні таратып, оның үстіне бұлттарды, күнді, қанқызды жапсыруды ұсынады. )
-Жарайсыңдар, балалар, өте әдемі болып шықты!
Қортындылау.
-Балалар, сабақта не істедік? Қандай ойындарды ойнадық? Қонаққа қандай кейіпкер келді? Сендер қандай жәндіктерді білесіңдер? Жәндіктерді өлтіруге, оларға басуға бола ма?
-Дұрыс, болмайды.
-Балалар, Дымбілмес көмек көрсеткені үшін сендерге осындай әдемі машиналар мен тәттілерді алап келіпті. Осымен сабақ аяқталды. Рақмет, Дымбілмес! Рақмет, балалар!
