Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту
Жакатаева Макпал Чайсунуровна
Педагог-психолог, өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Семей қаласы «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Отан отбасынан басталады.
Ал, отбасы неден басталады?
Отанға деген ыстық сезімнен,
жақындарына,
туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Отбасы — бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Отбасының маңызды сипаты – оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады. Отбасы-адам баласының алтын ұясы. Себебі, адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап осы ортаның түрлі жағдайына бейімделіп ер жетеді. Ал сәби сүйген әр ата-ана оның өмірінің бірінші күндерінен бастап оған негізгі тәрбиеші бола бастайды. Сондықтан отбасы-ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі институттардың бірі болып табылады.
Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты.
Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.
Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі – отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т.б.), олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.
Отбасының эмоциональдық қызметі Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.
Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін.Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі , қазіргі , тәрбиелі , отбасылық құндылықтар деп аталады.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар
Адамдар отбасылық құндылықтар дегенді естігенде көз алдарына бірден құндылықтар түсіп , бір-бірімен ортақ тіл таба алады. Бірақ дәстүрлі отбасылық құндылықтардың әртүрлі болғанына байланысты адамдар осы тақырыпта ортақ тіл таба алмайды.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан , ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі.Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез-келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.
Қазіргі отбасылық құндылықтар:
- Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды.
- Сонымен қатар қазіргі отбасылық құндылықтарға махаббат, сенім, түсіністік және т.б жатады.
- Тәрбиелі отбасылық құндылықтар
- Отбасылардың басты мақсаты бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген жанжалдарды бастарынан өткереді. Бірақ олар өз қателерін кешіріп, қайта бірге болады. Оларды біріктіретін құндылық тәрбиелік отбасылық құндылықтардың бірі болып табылады.
- Тәрбиелі отбасылық құндылықтарға құрмет, естеліктер жатады.
Отбасы мүшелері
Әке — Белгілі бір баланың еркек жынысындағы ата-анасы. Әке отбасында маңызды рөл ойнайды. Әке орны қай заманда да биік болған, әрі оның орнын ештеңе толтыра алмайды. Табиғат пен қоғамда әрбір ер адам жар, әке болуға, әрбір әйел жар, ана болуға дайындалады. Әке балалары үшін әлем туралы, еңбек туралы, техника туралы танымдардың қайнар көзі болып табылады. Әке – бұл күнделікті тұрмыстағы отбасының тірегі, ақылы, күші.
Ана — отбасыдағы ең басты адам. Ана — отбасы бағушысы деген атқа ие болған. Әйел – отбасының ұйытқысы жылуы, қамқоршысы, тәрбиешісі. «Анаға қарап – қыз өсер», «Әкеге қарап ұл өсер» деген мақал да тегін айтылмаған.
Бүгінгі таңда тәрбиенің негізгі мақсаты жеке тұлға ретінде қалыптасуға бет алған балаға өзін қоршаған ортаның әлеуметтік тәжірибесін меңгерту, оның жан-жақты үйлесімді дамуына жол ашу. Ал жеке тұлға дегеніміз әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Бұл тұтастықтың ең негізгі белгілері-оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Сондықтан пәк көңілді баланың болашақта жоғарыда атап көрсетілген маңызды қасиеттерді игерген жеке тұлға болып қалыптасуы үшін мектеп пен отбасының ынтымақтастықта күш біріктіре отырып жұмыс істеуі аса қажет.
Осыған орай отбасылық тәрбиенің басты бірнеше міндеттері анықталды:
- Бала денсаулығына қамқорлық;
- Оқуына көмектесу, жетекшілік ету;
- Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
- Шығармашылық икемділіктері мен қызығушылықтарын дамыту.
Еліміз тәуелсіздік алып, нарықтық қатынастарға көшкен уақыттан бастап отбасы тәрбиесіне де елеулі өзгерістер енді. Атап айтар болсақ, отбасындағы балалар тәрбиесіне әкелердің ықпалы азайды. Батыс елдерінің тәжірибесімен тіркелмеген некеде тұратын жас адамдардың саны көбеюде. Ал көп балалы отбасылар, жалғызбасты аналар мен жас отбасылар әлеуметтік тұрғыда неғұрлым қиын жағдайда қалып отыр. Бұл аталған себептер баланың отбасында адамгершілік құндылықтарын игерген тұлға ретінде дамуына кері әсер етері даусыз. Сондықтан отбасы жеке тұлғаның қалыптасу үрдісінде негізгі ықпал жасайтын әлеуметтік фактор дәрежесіне жетсін десек, ең алдымен оған қоғам мен мемлекет басты назар аударуы қажет. Ал өркениетті елдердің тарихына үңілетін болсақ, ауқатты мемлекеттің тірегі рухани, адамгершілік негізі қалыптасқан, ынтымағы жарасқан, инабатты отбасы болып отыр. Осы ретте бүгінгі таңда отбасы бірнеше әлеуметтік саламен тікелей байланыста болуы шарт. Олардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі-мектеп.
Мектеп-мемлекеттік мекеме, онда қоғамның әр құбылысына жасампаз шығармашылық тұрғысынан баға бере қарайтын жоғары білімді мамандар жұмыс істейді. Мектеп-қоғамның, отбасының және өзінің өзара тәрбиелік іс-қимылын үйлестіруші қоғамдық институт. Олай болса мектеп өзіне бөлініп берілген шағын ауданда, ауылды жерде және т.б. мемлекет атынан іс-әрекет жасай отырып, негізгі заңда жазылған (Конституцияда) білім беру саласындағы қағидаларды ата-аналармен, әрбір отбасымен бірлесе отырып, ынтымақтастықта іс жүзіне асыратын болады. Ал мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Қазіргі уақытта мектеп пен отбасы ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, оқушылар ата-аналарымен сынып жетекшісі жұмысының 5 түрлі қызметі анықталған. Олар:
- Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстыру (балалар мен олардың ата-аналарының шығармашылығының күні, ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар).
- Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру (мектептік, сыныптық конференциялар, ата-аналар университеттері, лекторийлер, кеңестер, тренингтер, ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу, көрмелер ).
- Ата-аналарды балалармен бірлескен іс-әрекетке тарту (жорық, серуен, саяхат, жөндеу жұмыстары, сенбіліктер, турнирлер, түлектер кештері, туристердің мектептік слеті, отбасылық ойын байқаулары).
- Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиесіне түзету жұмыстарын жүргізу.
- Ата-аналар белсенділері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет ету.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының табысты не табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлылығына байланысты.
Мектеп ата-аналар қауымы үшін әрқашан ашық болып, өзара ынтымақтастық мен серіктестік жүйесін жетілдіруге бағытталып, олардың кез келген игі бастамасын қолдап отыруы қажет.
Мектептің ата-аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары әр түрлі болуы мүмкін. Ал мұнда пайдаланылатын әдіс-тәсілдер педагогикалық тұрғыда қолданылуына байланысты біртұтас жүйе ретінде үнемі бірін-бірі толықтырып отыруы өте маңызды.
Бала тәрбиесі -киелі ұғым. Еліміздің араға ғасыр салып жеткен тәуелсіздік тұсында жеткіншек ұрпақтың тәрбиесі туралы ой егеменді елдің әрбір азаматын толғандыруы керек. Біз ендігі жерде ұлттық салт-дәстүрді ұмытқан мәңгүрт ұрпақ емес, нағыз ұлтжанды, халқын сүйген, отаншылдық сезімі жоғары ұрпақ тәрбиелеуді өзімізге міндет етіп, осы жолда аянбай еңбек етуіміз керек.
Әдебиеттер:
Байбородова, Л. В. Взаимодействие школы и семьи: Учебно-методическое пособие / Л. В. Байбородова. – Якутск: Академия развития, 2003. – 224 с.
В диалоге с семьей. Cерия: «Ребенок, семья, общество, творчество», СПб.: ГДТЮ, 2004.
Выготский, Л. С. Проблема возраста / Л. С. Выготский // Соб.соч.: в 6 т. – М., 1984. – Т.4 – С.244-268.
Дьюи, Дж. Общество и его проблемы / Дж. Дьюи. — М.: Идея-Пресс, 2002.
Сухомлинский, В. А. Мудрость родительской любви / В. А. Сухомлинский. – М.: Просвещение, 1990. – 172 с.
Сухомлинский, В. А. О воспитании / В. А. Сухомлинский. – М.: Политическая литература, 1982. – 270 с.