12 жылдық білім беруге көшу жағдайында оқушылардың оқуын мотивизациялау
Жумажанова Сауле Жамбуловна
Математика пәні мұғалімі
«№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ
12 жылдық білім беруге көшу жағдайында жас ұрпаққа сапалы білім беруде интерактивті және аудио визуальды құралдарды математика сабақтарында тиімді қолдана білуі керек. Әсіресе оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды дара тұлға ретінде дайындауға көңіл бөлінген. Қазіргі қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашылық» адамға сұраныстың көп екені айтылған.
Бейінді және бейіналды сыныптарында оқушылардың жоғарғы себептік оқу әрекетін қолдау және дамыту үшін шарттар құрастырылады. Білім беруде жаңа тұрғыда инновациялық сипатқа ие, олардың элементтері бұрыннан бері әртүрлі сабақтарда қолданылған, сондықтан оқу үдерісін жаңарту дәстүрлі форма мен оқу әдістеріннен мүлде бас тарту дегенді білдірмейді.
Осыған байланысты сабақ әліде ұзақ уақыт оқу сабағының басты формасы болып қала бермек. Сондықтан мұғалімнің сабақта негізгі бір тапсырмасы болып әртүрлі жаңа әдістер емес, мектеп бітіргеннен кейінгі болашақ өміріне белсенді көмектесетін біліктілік пен тәжірибелер, білімалушылардың білімінің солармен дамуы болып табылады. Оқушылардың оқу әрекетінің мотивациясына шарт құру – қазіргі заманғы сабақты ұйымдастырудың маңызды талабы.
Мотив (француз сөзінен)- түрткілік күш, себеп, латын тілінен – қозғалысқа әкелетін,итеру.
Мотивация – мотив әрекетінің үдерісінде негізгі әрекетке адамды түрткі қылатын мотивтер жиынтыгы.
Білім алушылардың оқу әрекеттеріне қатынасы анықталған құрылымы бар мотивацияларға байланысты. Мотивация құрылымы: қызығушылық, талаптанушылық, мақсат, мотив, әрекет ету.
Қазіргі уақытта көптеген білім алушылардың сабаққа деген мотивациясы әлсіз. Әсіресе өткінші кезеңде мотивация төмендейді. Бұның себебі көптеген. Мотивацияның төмендеуі бағдарламаның қиындығымен, оқытылып жатқан материалдың өмірден, білім алушылардың қажеттілігінен тыс болуы. Сондықтан бала өзі оқығысы келуі үшін осындай шарт құрастыру керек. Оқып жатқан материалдың тәжірибелік мағынасын, ары қарайғы өмірде құзыреттіліктерді қалыптастыру қажеттіліктерін көрсету – міне мұғалім әрбір сабақта осыны орындауға талпынуы қажет.
Оқушылар келесі фактіні мойындауы керек, әр түрлі өмірлік және тұрмыстық жағдайларда стандартты емес шешімді тудырып, дерексіз ойлау қабілеті тұлға дамығанын көрсетеді және әр түрлі қызмет саласында жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі. Оқушы көруі керек оқу үрдісінде универсальды құзіреттіліктің қандай болмасын өмір сатысында жаңа өзгертілген шарттарды қолдануға мүмкіндік береді. Үлкен өмірге қадам басу үшін, мектепте білім алу керек екенін оқушы ең соңында түсінеді. Бұл қадамның сәтті болуы оның өзіне байланысты. Оқушы өзіне максимальды қажетті ақпаратты алу үшін сабақ қалай ұйымдастырылу керек?
Нәтижелі білім алу негізінде түсіну мотивациясы жатыр. Түсіну мотивациясы дамығанда қандай әдістер керектігін анықтап және сол бағытта нәтижелі білімге жету үшін мұғалім жүйелі түрде жұмыс істейді.
Оқушылардың интенсивті әлеуметтігі белгілі бір тапсырмаларды топтасып шешуде білімнің интегральды технологияларын қолдануды үйретеді.
Сабақ мұғалімге қарағанда білім алушылардың талқылауы мен пікір таласы көп уакытты алатындай етіп ұйымдастырылады. Пікірталас сабақтарға қатысу нәтижесінде жоғары сынып оқушылары топтық шешімдерді қабылдауға және сыныптастарының ойларын сыйлауға мүмкіндік береді.
Барлық сабақтарда маңызды мәселе ретінде қызыл жолақпен көрсетілуі тиіс шарттылық –кез-келген құбылысты саралай білу (әсіресе қоғамдық құбылыстарды). Бір жақты қайшылықсыз жауаптар болғаны дұрыс емес. Оқушылар әрбір құбыластан сабақ ала отырып, оң теріс жақтарын ажырата білуге үйренеді.
Оқушының ынтасы мен талпынысына қарай, оқу тапсырмалары сұрақтардан шығу керек. Оқу нәтижесі баланың қажеттілігіне сәйкес және оған мәнді болуы тиіс.
Мәнділік, оқу материалындағы қажетті баяндау; танымдық ойындарды қолдану, дискуссия және айтыстар, өмір жағдайларының сараптамасы. Сабақты оқу үрдісінің басынан оқушыға қызықты болатындай ұйымдастыру ,сонымен қатар ұстазымен,сыныптастарымен көңілді қарым-қатынаста болуы керек.
Сондықтан, сыныпта ұйымшылдық сенімділік және бір-біріне деген құрмет болуы тиіс.
Оқу мотивациясын қалыптастыруда ойдан құралған жүйе де қатысушылардың көтермелеу жетістігіне әсер етеді және оқу қызметіндегі сәтсіздігін жазалайды. Көтермелеу шынайы жетістіктерге сәйкес және қатысушылардың қабілетіне көрсетіп қана қоймай, сонша күшті де талап етеді. Жазалау ынталандыратындай болуы керек, яғни қажетті оқуға себепті белсендіретін және көрсететін,оқу жетістіктеріне бағытталған, бірақ сәтсіздіктен қашуға емес.Сондықтан маңыздысы, оқушының жетістігін ұстаз көтермелеп нығайту,басқа оқушылардың нәтижесімен салыстыра отырып емес, тап өзінің құрылған бұрынғы жетістістіктері мен жекелей стандартты қателіктерімен де.
Заманауи оқушының оқу мотивациясының шартты мәнінің дамуы ұстаздың жеке тұлғасы және оның оқушы мінезіне көзқарасы. Ұстаз өздігінен ішкі жетістіктің дәлелді қызметінің мысалы болуы керек.
Оқуды саралау. Барлық қатысушыларға бір тапсырманы ұсынған кезде,ол тәжірибенің жемісін мойындау деген емес.Біреулер жаңа материалды бірден меңгерсе, өзгелері ұзақ жұмыстан кейін, бұрын үйренген бірақ сол уақытта жаңа материалды меңгеріп үлгермегендер де бар.
Егер білім алушылардың осы категориясының индивидуальды ерекшеліктерін ескермесе, сабақта олармен дифференциалданған жұмыстар жүргізбесе, қажетті уақытылы көмек көрсетпесе , онда оларда оқу материалын меңгеруде артта қалушылық жинала береді. Сонымен, білім алушыларды ынталандыруды дамытудың маңызды шарты болып мұғалімнің оқушылармен демократиялық стильде қарым-қатынас жасауы және пәнді қандай мұғалім жүргізгеніне байланыссыз , білім алушылардың шығармашылық қабілетін және жеке қызығушылығын оятатын оқыту әдістерін таңдау қажет деп қорытынды жасауға болады. Мұндай оқушыларды қалай ынталандыруға болады?
Егер пән олар үшін бастапқыда қызықсыз болуына байланысты олар сабаққа өздері үшін ешқандай қызықты және пайдалы мағлұматты күтпей баратын болса, онда оқушы сол қажетті пәнді оқуды қаламаса да өз еркінен тыс меңгеруі қажет.Жапон мектебінде бұл әдісті тәжірибелік ерікті қалыптастыру және дамыту деп атайды және бұл ең негізгі мақсат болап табылады. Тәжірибелік ерік ретінде 4 қабілетті айтуға болады:
1. Мақсат қоя білу қабілеті.
2.Мақсатқа жету үшін әдістер мен құралдарды таңдай білу қабілеті.
3. Мақсатқа жете білу қабілеті.
4. Қойылған мақсатқа сараптама жасай білу қабілеті.
Сонымен, нақты іс-әрекеттерде ерік қалыптасады және ерік нақты іс-әрекеттерге әсер етеді. Жұмыс үрдісінің өзі жұмыс істеуге ынталандырады, яғни «қажет» сөзі ынталандырады. Бірақ біздің оқушылар олар үшін барлық мәселені мұғалім шешетіндігіне үйреніп алған. Тіпті оларда пән бойынша тоқсандық баға “2” шықса да, мұғалімнің өзі мәселеден шығудың жолын ұсынатындығын біледі: қосымша тапсырма беру, қайта тапсыру т.б . Сондықтан да ынталандыруды қалыптастыру сабақтағы маңызды мәселе болып табылады. Әрбір мұғалім ынталандыруды дамыту және қолдау шарттарын құру үшін әр-түрлі әдістер, тәсілдер және жұмыс түрін қолданып жеке жұмыс жасайды.