АКТ-ны қазақ тілі сабағында тиімді пайдалану

Гүлзада Шаймарданқызы Бисенәлиева

Қостанай облысы

Қаласы  №13 КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік  стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» – деп,  Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін. ХХІ ғасырдағы білімді ұрпақ-рухани дүниесі бай, білімді мен біліктілігі  жоғары  ақпараттық  қоғамда  ғылым мен технологияның жетістіктерін игерген, компьютерлік мәдениетті, адамгершілігі биік, парасатты тұлға болуы тиіс. Қазір заман талабына сай елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты  мақсаты  болып отыр. Жаңа технологияны игеру ұстаздың интеллектуалдық, рухани, азаматтық және дара тұлғаның білім деңгейінің сапасын жоғарлатуды көздейді.Жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдау азаматтың  әр түрлі саласында, соның ішінде білім беру бағытында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізіп отырғаны мәлім.Әдістемелік құралдары мен ғылыми материалдармен таныса отырып, сабақтарда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отыра, ақпараттық-коммуникациялық технлогияларды пайдалану білім берудің ең маңызды да тиімді әдістерінің бірі болып табылатынына өз көзім анық жетті. Ақпараттық технологияны пайдалану арқылы біз сабақтарды өзгеше түрлендіріп, жаңаша ұйымдастыра алуға  барлық мүмкіндіктер туып отыр. Ақпараттық технологияның көмегімен сабақтарда оқушының есте сақтау, көру, сөйлеу,ойлау қабілеттері дамиды және сабаққа деген қызығушылығы да арттады.Қазақ тілі пәні сабағында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты  да жылдам жүргізуіне септігін  тигізеді .

Қорыта келгенде,  ақпараттық-коммуникациялық технлогияларды пайдалану  мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетеді.