Біз үшін ыстық қалашық!
Жорабаева Ж.К.
э.ғ.к., доцент м.а., «Қаржы және есеп» кафедрасы
Іскендірова М.Е.
Қаржы мамандығының 4-курс студенті
«Мен оқу орнын таңдау уақытында өте ұзақ ойландым. Әрбір мектеп бітіруші түлек үшін бұл қиын таңдау, әрі жаңа қадам,сондықтан қате таңдау жасағың-ақ келмейді. Зерттей келе таңдауым еліміздің,тіпті халықаралық таңдамалардан көрініп жүрген ҚазҰУ Әл-Фараби атындағы жоғарғы оқу орнын таңдадым. Таңдаудан еш қателеспегеніме күмәнім жоқ. Өйткені, ҚазҰУ-ым мені біліммен де баулыды, өмірге деген көзқарасымды қайтадан қалыптастырды. Қалашығының үлкендігі сондай, ондағы оқытушылар мен оқып жатырған әрбір студент бәрібір бір-бірімен байланыста болады. Ал ол байланыс түбінде саған өмірдің әртүрлі сабақтарын көрсетеді. Шыныменде, білімі мен тәртібі, қызығы мен шыжығы бөлек әңгіме»
Бүгінгі таңда университет ұжымы ұлы тұлғаларымыз бастаған игі істерді жаңа бағытта жалғастырып келеді. Халықаралық QS рейтингінде 230-орында, Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ғана емес, Орталық Азия мен ТМД елдерінде өзінің көшбасшылық позициясын орнықтырды. QS Asia University Rankings бойынша Азиядағы үздік алғашқы 30 жоғары оқу орнының қатарында. 2022 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №516 қаулысымен қара шаңыраққа «зерттеу университеті» мәртебесі берілді. Қазіргі таңда 16 факультетте 554 білім бағдарламасы бойынша дәріс берілуде. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындаудың жоғары сапасы мен тиімділігін жүзеге асыратын 3354 оқытушы-профессор табысты еңбек етуде. Оның ішінде ҚР ҰҒА 11 академигі, ҚР Жоғары мектебінің 3 академигі, ҚР Жоғары мектебі Ғылым академиясының 8 академигі, 7 ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі бар. Сондай-ақ 603 доктор, 736 ғылым кандидаты, 512 PhD жұмыс істейді.
Оқу орны «зерттеу университеті» мәртебесін алғаннан кейін академиялық саясатына тиісті өзгертулер енгізді. Ғылыми қызмет нәтижелерін оқу үдерісіне интеграциялау, білім беру сапасын арттыру, инклюзивті білім беруді жетілдіруге ден қойылды. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызмет пен білім беру үдерісі басты бағдарға алынды.
25 126 білім алушының 20 499-ы бакалавриатта (12 776-сы грант); 3404-і магистратурада – (2913-і грант); 1223-і докторантурада – (грант –1048) оқиды. 2023-2024 оқу жылына 10 719 талапкер қабылданды. Бұл университет тарихындағы үлкен көрсеткіш. Білім алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 3000 студентке артты.
Университтің құрамында 16 факультет, 68 кафедра, 29 ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттары, 3 мыңнан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары және философия докторлары жұмыс жасайды.
Универіміз жоғарғы рейтингке әбден лайық, әрі жылдан-жылға тек әрі қарай даму үстінде. Бірден-бір дәлел ретінде барлық ғимараттардың бір территорияның ішінде орналасқаны, тіпті әрбір адамды қалашық көрінісі шабыттандырады десек артық емес. Студенттер үшін барлығы жасалған: Білім мен тәртіпті қатар алып жүретін оқытушылар мен оқу үшін салынған түрлі ғимараттар. Мүлдем бір басқа қалада жүргендей боласың. Қалашықта кітапханадан бастап кинотеатрға дейін бар. Мұның өзі, ҚазҰУ-ды таңдап, студенттік шақты есте қаларлықтай етіп өткізудің бір дәлелі. Белсенді жастар, мақсатты ұйымдар, барлығы да жалындап тұрған от секілді. Бұл көріністің сырты ғана болса, ішкі ас үйіде керемет. Өйткені, оқу орнындағы білім беру жүйесі жоғары деңгейде. Оқытушылардың студенттерге берері өте көп, тек қана білім емес, тәртіп пен өмірлік сабақтарды да қоса үәрене аламыз. Осы оұу орнын бітірген түлектердің барлығы дерлік өз орнын тапқан, аса абыроймен айта алатын жұмыс орындары мен лауазымдарды иеленген. Егер интернет ашып өалып іздей бастасақ, ол тізім саусаұпен санауға келмейді. Сондықтан, тіпті тоқталудың да қажеті жоқ деп ойлаймыз.
Таңдау, оқу-орнынан кез келген жаныңызға жақын мамандықты таңдай аласыз. Оқу орнында 16 факультет болса, жүздеген мамандық оқытылып жатыр. Әрбір факультеттің оқытушылары әртүрлі, өз салаларын жетік меңгерген, өзіндік білім жүйесін қалыптастырған мамандар. Сонымен қатар, қазіргі таңда ҚазҰУ ғылыми бағытқа баса назар аударған. Бұл бағыт тек арнайы мамандардың және білім деңгейіне көтерілудің басты, әрі нақты қадамы дер едік.
Бұл қалашықтағы коммуникацияға әлі де таң қаламыз, оқытушылар үшін де, студенттер үшін де тиімді, әрі қолайлы. Түрлі іс-шаралар мекені, ал бұл жастар үшін таптырмас мүмкіндік. Өзіңді жан-жақтан іздеп, өз кәсібіңді, өмірдегі өз орныңды табу үшін алғашқы, нық қадамдар. Яғни, мүмкіндіктер әлемі ретінде бір бөлек алып қарасақ та ешқандай артық емес. Мектеп бітіруші түлектерге тұлға болып қалыптасу үшін, ҚазҰУ қалашығына жәй ғана келіп көруді кеңес береміз. Ондағы атмосфераны бір сезінгеннен кейін, шығу мүмкін емес. Мінекей, сондықтан да бұл қалашыққа жарнаманың да қажеті жоқ. Тағы да бір таңдау берсе, қайтадан ҚазҰУ-ды таңдар едік, өйткені бұл жай ғана оқу орны емес, жай ғана әдемі ғимараттар емес. Біз үшін ол жанымызға тым жақын,ыстық қалашық!
Серіктестік материал