Данышпан Абай есімі — өнер-білімнің символы

Уәлиева Шынар  Көбенқызы

 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №13 жалпы білім беретін мектебі» КММ

    Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш-Абай сөзі,Абай аты боларға керек.Абайға шейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді.Абайдың бізге деген қымбаттығы да сол. Бәлки, мұнан кейін Абайдан үздік ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғары, ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай.      

Міржақып Дулатұлы

Абай — даналық пен даралықтың тұтас бір әлемі.Түркі шайыры  Жүсіп Баласағұнның «Кімде кім жапырақтан алмаса тәлім, оны оқыта алмас ешбір мұғалім» деген парасатты пікірі ойға оралады.  Тарих жазбасында , халықтың рухани қазынасында даналардың данасы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгі ұялап қоныс тебеді.   Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың  алып бейнесі әлемнің  барлық контитенттерін шарлап, асқақ көрінісі арқылы қазақ халқын танытты.  

Бабалардың дара жолы өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениеті тарихында айқын із қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық сақтауда. Мұның өзі заңдылық, өйткені, әрбір ұлы тұлға адамзатпен бірге жасайтын өшпес, ескірмес идеяларды көтереді.

Абай Құнанбайұлының  қазақ ұлты үшін орны бөлек: ол қазақ әдебиетінің  негізін қалаушы, ұлы ақын, аудармашы,қоғам қайраткері.

Абай Құнанбайұлы  ел басын біріктіру тұрғысында халықтың келешегі үшін  алдына мақсат етіп қойды: бастысы — халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. Оған оның барлық іс-амалы мен бізге қалдырып кеткен мұралары куә. Өзінің өнегелі өмірі, тынымсыз ізденісі, жан- жақты таланты арқылы танылған Абай шығармаларының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны орасан зор. Абай Құнанбайұлы — нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен данышпан ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған парасат иесі. Сөз өнерінің үздік үлгісі де,сөз маржандарын еркін төккен. Абай орақ тілді жырларымен, ғасырлар қазынасын шежіре еткен, ортағасырлық поэзия үні естіледі Той қарасаңында барша атырап жаңғыртып жеткізіп жатырғандай. Мөлдірлік тұнған тазалықтан, адалықты  тоғыстырған  Абайдың  ақындық табиғатын  аңғартатын поэтикалық бейне. Заман тынысын  сездіретін өлеңдері, өлең тілі  бедеріндегі  іздерін айшықтау мен ақын тілінің  бүгінгі күннен қалай  ерекшеленетіні , жалпы қазақ ақындарының  тілін саралауда  қайта-қайта ұлы Абайға  жүгінуге тура келеді.  Керемет тілдік үлгіні дүниеге келтірген Абай. Абай әлемі-адамзатты ардақтап, жалпы қазақ жұртына ой салатын құдірет. Дала бесікте тербелген қара сөздерінің астарында айтпас ойы,жасалған пайымды  оқырман еншісіне қалдырады. Бір сөзбен айтқанда, бүгінде  барша қазақ халқының  аса зор құндылықтарына  айналған оның асыл мол рухани мұралары  ұрпақ игілігіне қызмет ете берері сөзсіз. Ол тарихи дара тұлға. Халықтың рухани болмысын, арғы тегін танытатын, ұлттық келбетін айқындайтын   келешегінің айнасы  сынды темірқазық. Санасы уланғандарды  Абай осының бәрін көріп білген. Бұдан шығу жолы толық адам ілімі.Абай дүниетанымы мен көзқарасы. Ол бүкіл адамзаттың  ортақ игілігі. Абайдың рухани әлемі мен пәлсапалық  лирикасына  Шығыс та Еуропа да жете қойған жоқ. Жыр  дариясынан  небір інжу-маржанды тере аласыз. Олай болса  Абайдың ақындық мұрасы-қайран қазағының өркениет  көшінде өзге жұртпен терезесі тең  болуына жөн  көрсететін жарық нұр. Абайдың жас ұрпақққа тағылымы  білім мен өнерді,  еңбек пен табысты, достық пен адалдықты,  ақыл мен қайратты, ерік пен жігерді тануға көмектеседі. Даналыққа толы нақылдарына, баурап алатын қара сөздеріне, кемеңгерлігіне , тылсым сырларына  және өрнекті өлеңдеріне мұқтажбыз. Рухты жырларымен  өз үнін естірте келген. Ізгілік пен парасат, иман, нұрлы ой-өрнектер қашанда адамзаттың  рухының  ізгілікке  ілгерілетіп, кемелденіп толысуына  ұтымды із қалдырады. Адамзатты ақиқат жолына үндеуші.  Рухы биік  айбыны асқақ. Ал рухты қалай биіктетеміз?  Рух көзі-білім, ғылымда. Білім, ғылымның қайнар бастауы- кітап.  Кейінгілерге жеткен асыл қазына кітап  арқылы игілігімізге айналды. Өйткені Абай  еңбектері рухани өсиет, рухани мұра. «Ұстаным ұлағатқа ұластырады»,- деген міне, осы шығар?! Абай әлемі- асқаралы асуы шығыс әлемі мен ислам дүниесі екендігі ақиқат.  Дүние  сырын шешкен данышпандар Әбу Насыр Әл-Фараби , Әбу Әли ибн Сина, Махмұт Қашқари, Абай  ой кермегін татып толғанған,  шымырлап аққан ой құдіретін ұрпақ тәрбиесіне арнаған.    Ұлттық әдебиетіміз бен  тарихымыздағы  ерекше тұлғалар.  Ұлылық,данышпандық, өлмес сөз, өзгермес ой, ол — Абай сөзі, Абай — даналығы, Абай — үні, Абай — барша қазақ елінің  айнасы . Қара сөздерінің алғы шарты-шеберлік. Шеберік дегеніміз-ой, тіл, сезім ғой. «Абай  қақаған қыстың аязында  құз-қияға жұмыртқа салып,  соның суыққа тоңып, шыдағанын ғана бауырға   басатын қыран бүркіт  анаға-қазақ елі мен өзін теңейді». Абайдың аңсағаны – аузын айға білеген тастүлек ұландар. Сөздің құнын,  меңзейді. Ойы терең, көркем өзінше айтсақ, «іші алтын , сырты күміс» сөз жақсысын жаза білген. Абай өсиеті бойынша ақыл, қайрат, жүректі тең ұстаған  толық адам өмірде адаспайды. Артында өшпес із қалдырған ұлы ақын адами болмыстың, тектілігі, ақылы, парасаты, мейірімі, отбасынан бастау алады.  Халқымыздың  аяулы ұлының тағылымды мол шығармаларының бүгінгі ұрпаққа берері мол.   Қоғамдық өмірдің басқа да салалары секілді  рухани азық, әдебиет әлемі өз алдына керемет дүние. 

Абай арқылы егемен еліміз, қазақ елін, барша әлемге таныстыру.

Ұлылық,данышпандық, өлмес сөз, өзгермес ой, ол — Абай сөзі, Абай даналығы. Ұлы ақын еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Қазақ даласы  қандай ұланғайыр болса,  оның өткені мен бүгінгі көп қырлы, көп сырлы шындығы  да соншалық  мол. Адам өміріндегі  небір түйінді  де күрделі  дүниені  тұңғиық  терең сырының мәні Абайдың даналық, қара сөздерінде:

Алтыншы сөз. Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды — бірлік, ырыс алды — тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады — білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік — ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік–ақылға бірлік, малға бірлік емес.

Он бесінші сөз. Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгіліп арқын  көрдім. Егер деесті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айын да бір, өзіңнен өзің есеп ал!

Отыз екінші сөз. Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің бір аз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмейіз дегенмен  табылмас.

Қырық төртінші сөз. Адам баласының ең жаманы — талапсыз. Талапқылушылар да неше түрлі болады. Һәм талаптың өзі де түрлі-түрлі. Адам баласы өзі қай жолда, қай майданда жүрсе, сол майдандағы кісімен сырлас болады.

Абай даналығы — халқымыздың оқып тауыса алмайтын мектебі,  білім қазынасы.  Ғылыми еңбегі арқылы адам өзінің ойлау әрекетін тәрбиелей алады, өзінің ойын ашық та айқын, жүйелі түрге келтіреді: ойлау, ой түю, ой қорыту, талқылау барысында логикалық қателер жіберуден аулақ болады. 

Сондықтан да әрбір ақылды жан тазалыққа, бекзатттыққа бет бұруы тиіс, деп тұрғандай автор.

Өмірі мен өнегесі халқының жадына мәңгілікке жазылып, одан ойып тұрып лайықты орнын алған кемеңгер ойшыл, сазгер, ұлы ақын Абай  Құнанбайұлы есімін әрқашанда ерекше құрметпен атаймыз. Ғылыми еңбектерінің терең тағылымы, пәлсапалық  ғибраты, данышпандық ұстанымы  асылы бағасын білгенге  бұл аз мұра емес. Өйткені ол өнеріміз бен мәдениетіміздің,  руханиятымыз бен ғылымымыздың өркендеуіне сүбелі  үлес қосқан бек данагөй тұлға. Мыңдаған сындарлы еңбектері, ғақлия қара сөздері, сегіз мыңға тарта өлеңі, дастаны, күйі, бірнеше мыңға тарта  қалың кітаптары мен ғылыми зерттеулері   құнды ойға , ойшылдық ұстанымға толы. Күллі адамзатқа тән азаттық пен адамгершілік-ізгіліктің  өшпейтін ұранына айналды. Абай  өзінде ғана бар құдіретті қасиетімен   қазақ  тарихында да, ақындар, сазгерлер,  философтар, ғалымдар, зертеушілер тарихында да  жарық жұлдыздай жарқырап жанып тұратын қайталанбас дара тұлға.

Данышпан Абай есімі-өнер-білімнің символы. Шыныменде әлемдік деңгейде өрелі ой айтқан  тәлімдік-тағылымдық негіздері тереңде жатыр.