Дене шынықтыру пәнінде оқытудың топтық және жұптық әдістері арқылы оқушыларды деректерді талдауға қалай дағдыларындыруға болады?

Аманкельдин Ербол Жумадилович

Учитель-модератор

НИШ г. Астана

10- сыныпта электронды бағалауға арналған «Шағын футбол ойыны» юнитінде  «Допты әртүрлі әдіспен игеру» сабағында  оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту оқытудың топтық және жұптық әдістері арқылы жүргізіледі. Мақсатқа жету үшін бұл юнитті  4 бөлікке бөліп қарастырылады. Бірінші бөліктегі сұхбатты талдау нәтижесіне сүйене отырып,  екінші бөлікте сынақтар жүргізіледі. Сынақты алып болғаннан кейін оқушылар өз жұбының деңгейін жақсарту үшін жоспар құрады. Жоспар құру шағын футбол ойынын ойнауға бейімдейді және сынақ нәтижесін жақсартуға бағыттайды. Бұл сабақтың мақсаты – өзіне және өзгенің әрекетіне рефлексия жасай отырып, допты игерудің әртүрлі әдістерін меңгерту. Допты тоқтату үшін оқушылардың өзара әрекеттесу дағдысын меңгеруі маңызды болып табылады.  Себебі 9- сыныпта  осыған дейін дайындық ретінде “Едендегі хоккей” юнитінде өзара қарым- қатынасты реттеу үшін бір-біріне допты дәл беру дағдысы қалыптастырылған болатын. 10- сыныпта сол дағдыны жетілдіру көзделеді. Сонымен қатар 15-16 жастағы балалардың бойында тәуекелдік басым болғандықтан, топтық ойында қорқыныш сезімін жеңу үшін допты әртүрлі әдіс-тәсілдермен беру өз әсерін тигізеді. Шағын футбол ойынында допты әртүрлі әдіспен игеру үшін өзін-өзі басқара білу дағдысы қажет. Оқушы нәтижеге жету үшін өз іс-әрекетін бақылап, бағалау арқылы допқа иелік етеді.

Сабақтың дайындық кезеңінде әріптестермен ақылдаса отырып “Play out” ойынын жүргізуді таңдадық. Себебі ойын барысында денені қыздыру  арқылы оқушылардың жылдамдығы дамиды. Бұл ойынның мақсаты жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіздік ережелерін сақтауға бағытталады. Негізгі кезеңде денесі қызған оқушылар өз жұптарымен бірлесіп келесі кезеңнің тапсырмасына көшеді. Бұның мақсаты –  зерттеу нәтижесіне сүйене отырып оқушылардың бір- бірін үйрету және  көшбасшылық дағдыларын дамыту. 11- сыныпқа көшкен кезде CAS сабақтарында мұғалім рөлінде болған кезде көп көмегін тигізетінін де ескердік. Әріптестеріммен ақылдаса келе оқушылардың осы негізгі кезеңде өз жұптарын ауыстыруларына рұқсат бермеуге келістік. Бұл кезеңде мен былтырғы өткен тәжірибеме сүйене отырып оқушылардың бір- бірін үйрету барысында жұбының тиімді жұмыс атқаруына себеп болатын жетістік критерийін ұсындым. Себебі оқушылар бір- бірінің жұмысынатым сылбыр қарамау үшін қарым- қатынастарын реттей алады. Бірінші кезеңінде оқушылар өзі жүргізетін жұмысты жоспарлап келеді. Бұл жоспарлауды әріптесім А гугл дискте арнайы папкаға енгізуді ұсынды.

Әріптесімнің бұл ұсынысын біз қабылдадық, себебі оқушы жоспарын біз де, өз жұбы да бақылап отыра алады. Әріптестерім оқушылардың төзімділігін және жылдамдығын дамыту үшін дағдыларды дамытуға арналған сынақтар өткізу туралы ұсыныс жасады. Алайда уақыт шектеулі болғандықтан сынақты юниттегі қорытынды бағалау кезеңіне алуды дұрыс деп шештік. Жаттығу жасау барысында шетелдік әріптесім оқушылардың жұмыстарын қадағалауды ұсынды. Себебі, кейбір жұптарда жұмысының сапасын тек бақылау ғана емес, саралау да қажет екені сөзсіз. Оқушыларды сырттан бақылып қана қоймай, сол оқушыларға сұрақтар қойып оқушылардың ойын және қандай дағдыларды үйретіп жатқаны немесе қандай дағдыны үйреніп жатқандығы туралы сұрақтар қойып оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытып және дұрыс дағдыларды үйреніп жатқандығы туралы қадағалауды қалай жүргізу керектігін талдадық. Осы сабақта алынған стратегияларға келетін болсақ, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қарым-қатынас  және зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталды.

Мен үшін әріптестеріммен бірлесе жоспарлау менің сапалы білім беруім мен оқушылардың алдағы уақытта осы сабақтты толық меңгеріп шығуына кепілдік береді. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” дегендей, сабақты жоспарлау кезінде ұстаздар көп ізденісте болады және тәжірибе алмасуға жағдай жасайды. Жоспарлау барысында әріптестерім ұсынған тапсырманы саралау маған ой салды. Өзім сабақ беретін 10 сыныптардың ішіндегі  10 ж сыныбында 8- сыныптан 10- сыныпқа аттаған жаңадан келген оқушылар мен спортқа бейімі төмен оқушылар басқаларымен салыстырғанда көбірек.

Сабақ барысында бұл оқушылардың арасындағы қарым- қатынасты нығайтуға баса назар аудару қажет, сондықтан тапсырмалар көбінесе топтық және жұптық формада өткізіледі. Мен осы сыныптағы сабақта оқу үрдісіне бақылаушы емес клиент ретінде қатысуды жоспарладым. Өйткені 14-16 жастағы оқушылар  ересектердің әрекетіне сын көзбен қарайтындықтан жақын әріптес ретінде жұмыс жүргізе отырып, сенімді дос ретінде жұмыс істеу мәселелерді шешуге әсер етеді.

Менің көзқарасым бойынша денешынықтыру сабақтарында барлық оқушылардың оқу үрдісіне белсенді қатысуына әсер ететін және  жиі қолданылатын әдістердің бірі топтық оқыту болып табылады Мен өз сабағымда диалогтік оқыту әдісі арқылы оқушылар арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға баса назар аудардым. Зерттеушілік әңгіме жоспарлауда оқушының талдауы мен мәселеге қатысты таңдап алған әдістерін талқылап, мақсаттары мен дағдыларға негіздеуге бағыт-бағдар берді. Оқушылар сабақ барысында өздерінің жұптарына арналған тапсырмаларды бір- бірін ауызша баяндап берді сонымен қатар керекті құрал- жабдықтар мен тиісті алаңдарын таңдады. Барлығын дайындап болған соң дағдыларын үйретуді бастайды. Дағдыларды үйрету барысында оқушылар өз еріктерімен жұпта жұмыс жасады.

Тапсырмалар оқушылардың алдағы уақытта  қорытынды ойын кезінде қолданылатын дағдыларға бағытталды деп ойлаймын.Себебі оқушылар жұптарымен тапсырманы орындады. Оқушылар сыныпта өздерін еркін ұстап бір-біріне дағдыларды үйретуді бастады. Дегенмен оқушылар өздері білмеген дағдыларды үйрете алмағаны шындық. Әсіресе шағын футбол ойынын мүлдем ойнап көрмеген оқушылар үшін дағдыларды көрсетіп үйретуде қиындықтарға тап болдым. Оның бір себебі бұрын бұндай тақырып пен дағдыларды үйреніп көрмегендігі деп ойлаймын.

Оқушылардың барлығы бірдей бір дағдыны үйретіп қана қоймай, әр жұп әртүрлі дағдыларды бір-біріне үйретті. Жұптармен жұмыс істеу барысында оқушылардың арасында дағдыларды үйрету қиыншылықтары кездесіп отырды, себебі оқушылар ойынға көңілдерінің жиі ауып кетуі бір біріне кедергі болды.Бұл кедергіні шешу үшін сыртан бақылап отырып және сабақтың соңында оқушыларға кері байланыс беру арқылы оқушылардың жетістігі бір -біріне әсер ететіндігін ескертіп отырдым. Сонымен қатар оқушылар да сабақтың соңында өз жұптарына кері байланыс берді.Тәжірибелік ойындар кезінде жұптардың арасында келесі жұптың ойыншылары жақсы ойнайды біз оларға қарсы ойнай алмаймыз деген қарсылықтар болды. Менің ойымша, бұл дұрыс, бірақ мен оқушылардың жеңістері емес, оқушылардың үйренген дағдыларды қалай қолдана алатындықтарын, өзара қарым-қатынастарын қадағалайтынымды ескерттім. Сонымен қатар бір оқушыны бағалау үшін сол оқушыға арнайы спорттық майка киюді ұсындым.Бұл майканы кигізу оқушы топ ішінде анық көзге көрінедң, сонымен қатар қасындағы бірге ойнайтын ойыншылардың сол ойыншымен қарым- қатынасы арқылы бір- біріне көмектесу керек екендігін түсінді.

Сабақты басында оқушылардың дене бұлшықеттерін қыздыру жаттығуларын жүргіздім. Бұл жаттығуды орындау оқушылардын дене

бұлшықеттерін негізгі бөлімге дайындау үшін қолданылады. Ойынның шарты оқушы санына байланысты тең дөңгелек арнайы дискілер залдың әр жеріне тастап қойылды. Оқушыларға арнайы белгі берілгенде оқушылар сол тұрған орындарын жүгіріп ауыстыруы керек. Екі-үш айналымнан кейін диск сандары азаяды, жүгіру шапшаңдайды. Ойыннан шыққан оқушыға арнайы тапсырма беріледі, яғни орында отырып тұру жаттығуларын орындайды. Бұл ойынды таңдаған себебім юнит «Шағын футбол ойынында» оқушылар жылдам орын ауыстырып, қарсыласынан айласын асыруға тырысады және жылдамдықтарын дамытады. Әрине, бір-бірімен көп араласпайтын оқушылардың қарым-қатынасы осы кезеңде реттеледі. Негізгі кезеңде оқушылар өздері бөлінген жұптармен жұмыс атқарады. Оқушылар бір- біріне допты игеруді үйрету мақсатында жаттықтырушы және жаттығушы болып екі рөл атқарды: жаттығу барысында бір- біріне арналған жоспарларын түсіндірді: диалогтық оқыту әдісі арқылы жүзеге асты. Оқушылар бірін-бірі үйрету үшін өз жоспарларына қатысты құрал жабдықтарды дайындап қолданды: электронды қақпа, доп арнайы кедергілер т.б құрал-жабдықтар. Осы негізгі бөлімде мен әр топқа барып оқушыларға өздерінің дағдылары туралы сұрақтар қойдым. «Сіз неліктен бұл допты тоқтату дағдысын үйретіп жатырсыз?» деген сұрағыма бір топтағы А есімді оқушы «Допты тоқтатса футбол ойнай алады» деп жауап берді. Сұрақтың жауабына қанағаттанбайтынымды ескерттім. Оқушының ойын әрі қарай қозғау үшін «Сұхбатты не үшін алдыңыз, неге керек?» деген сұраққа «Жаттығушымның осы спортты қандай деңгейде білетіндігі жайлы мағлұмат алу үшін» деп жауап берді осылайша сұхбатты өрбіте отырып оқушының сабақтың мақсатын меңгеруіне мүмкіндік туғыздым. Осындай сұрақпен барлық жұпты топты бақылап шықтым. Мені өз жауаптарымен қызықтырған Н мен А есімді оқушыларым. Н есімді оқушы бұл ойынды «А есімді оқушы өте жақсы ойнайды» деп жауап берді, «егер жақсы ойнаса бұл дағды ол үшін жеңіл емес пе? деген сұрағыма сұхбатта жұбының сол аяқпен допты алып жүре алмайтындығы туралы айтылғандықтан алғанын айтты. Осылайша менің сабағымның негізгі бөлігі аяқталып қорытынды бөлігінде оқушылар жиналып, бір- біріне кері байланыс берді. Осы кері байланыс кезінде Н есімді оқушы мен А есімді оқушыны барлық оқушыларды сынып алдына шығарып бүгінгі өткен сабақ және қандай дағдылар үйретгендері туралы ойларын айтқыздым.

Оқу жетістіктерін бағалауға келетін болсам сабағым жақсы өтті.Сабақтың ұйымдастырылуы сапалы және тиімді болды деп ойлайм.Оқушылар өздеріне берілген тапсырмалады орындауға үлгірді.

Мен оқушыларды бақылып оларға бағыт- бағдар беріп отырдым, ал оқушылар өз жұптарымен және топтарымен жұмыс жасады. Менің сабағымның жақсы жағы оқушылар біріне-бірі дағдыларды үйретіп бағалап және зерттеу жұмыстарын жүргізіп талдап, жұмыс атқарды. Атқарылған жұмыстарын бағалау үшін екі критерий алынды. Алынған критерийлер: В және С критерийлері. В критерийі яғни жетістіктерді жоспарлау, С  критерийі нәтижелерді қолдану және оған қол жеткізу болып табылады В критерийі арқылы оқушылар өз жұптарына жоспар құрады. Жоспарлаудың ішіне оқушыларды өздерінің жоспарының сыртында біз ұсынған сынақтар кіреді.Бұл сынақтар электронды қақпаға допты қатты соққы жасау,допты кедергілердің арасымен алып жүру және қабырғаға 30 сек ішіндегі соққы жасауы кіреді. Жоспар оқушы үшін С критерийін жоғары деңгейде орындауына көмегін тигізеді . С критерийін орындау үшін оқушы бір топқа қосылып ойын ойнау арқылы және барлақ үйренген дағдыларын көрсету арқылы ойын ойнайды ойын 4 мин созылады 4 мин ішінде барлық үйренген дағдыларын қамтуы керек. Ойында 4+4 жүйесінде ойнайды.Бұл ойында 4 оқушы бірден бағаланбайды тек екі командадан бір-бір оқушыдан бағаланады.

Бағаланатын оқушы ерекше формада болады.Бұл ойында оқушылардың бір бірімен тығыз байланыста болуы қажет, себебі бұл ойын – топтық ойын.Осы критерийлер алдын ала жоспарлау кезінде дайындалды. Осы сабақта топтық, яғни ойын арқылы болған топтық жұмыс пен жұптық жұмыста оқушылардаң бірін- бірі үйретуі өте жақсы шықты. Жұпқа бөлінуде оқушыларға ерік берілді. Жұпқа бөлінуде оқушылар жаттықтырушы және клиент болып бөлінеді, әр кезеңде екеуінің орны ауысып отырады. Осы бөлімде оқушылар бір-бірінен сұхбат алды және алғашқы ойындарын ойнады. Сұхбат алудың мақсаты оқушылар жалпы шағын футбол туралы әріптесі не біледі сол жайында болды және осы бөлімде жұптағы бір ойыншы  келесі жұптардағы ойыншылармен қосылып ойын ойнайды. Осы ойынды келесі жұбы сырттан бақылап отырады да, осы ойнаған ойынына талдау жасайды. Бұл жағдайда оқушы өз ізденісінің арқасында түсіндіру жұмысын жүргізеді және жұбының әрекетін бақылау арқылы, оған бағыт беріп отырады. Бұл сынақтар электронды қақпаға допты қатты соққылау, допты кедергілердің арасымен алып жүру және қабырғаға 30 сек ішіндегі соққы жасауы кіреді. Оқушылар алдыңғы сабақтармен осы сабақты тығыз байланыстыра алуы керек, себебі алдыңғы сабақта алынған сұхбат арқылы бір-біріне допты игеру дағдыларын үйрету жоспарын құрып, ары қарай жаттықтыруға кіріседі. Екінші бөлігінде осы алған сұхбат пен ойындағы талдау арқылы әріптесіне жүгіру, секіру, шыдамдылыққа арналған  сынақтарын алады. Осы сынақты алып болғаннан кейін өз жұбының деңгейін жақсарту үшін жоспар құрады.

Жоспар құру шағын футбол ойынын ойнауға бейімдейді және сынақтарын жақсартуға бағыттайды. Жоспарлаудың ішіне оқушыларды өздерінің жоспарының сыртында біз ұсынған сынақтар кіреді.Бұл сынақтар электронды қақпаға допты қатты соққылау,допты кедергілердің арасымен алып жүру және қабырғаға 30 сек ішіндегі соққы жасауы кіреді.

Үшінші бөлігінде оқушылар барлық үйренген дағдыларын көрсету арқылы ойын ойнайды: ойын 4 минутқа созылады. Оқушылар 4 минут ішінде барлық үйренген дағдыларын қамтуы керек. Оқушылар 4+4 жүйесінде ойнайды. Бұл ойында 4 оқушы бірден бағаланбайды тек екі командадан бір-бір оқушыдан бағаланады.Бағаланатын оқушы ерекше формада болады. Бұл ойында оқушылардың бір бірімен тығыз байланыста болуы қажет, себебі бұл ойын – топтық ойын.

Төртінші бөлігінде оқушылар барлық жұмыстарына қорытынды жасайды. Бұл қорытынды жұмысында оқушылар қандай қйыншылықтар болды және осы қиыншылықтарды қалай жеңе білді қандай дағдыларды жақсартты және өзінің әріптесіне құрған жоспарлары жүзеге асқаны және аспағаны туралы рефлексия жазады. Бұл жоспарлаудың тиімділігі барлық 10 сыныпқа беретін мұғалімдерді бір шешімге келуі және оқушылар нақты берілетін тапсырмаларды уақытылы алады сонымен қатар өтілетін күнделікті сабақтар алдын ала дайын  болады. Сондықтан негізгі кезеңде әр жұпқа сұрақ қойып, кері байланыс беру арқылы дұрыс бағыт- бағдар беруді қажет деп таптық. Оқушылар өз жұптарын басқа бір жұптардың ойыншыларымен қосып ойын ойнатады және бүгінгі үйренген дағдыны тәжірибелік ойында қалай қолданғанына кері байланыс береді. Сонымен қатар сабақтың соңындағы ойында жаттықтырушы ретінде өзінің клиентін бақылап үйренген дағдыларын қаншалықты қолданғаны туралы рефлексия жазып, талдап келесі сабақта қателіктері мен кемшіліктерін түзейтін болады. Әріптестермен келісе отырып күтілетін нәтижеде жетістік критерийі мен қарым-қатынасты дамытуға қол жеткізу керек деп қабылдадық. Менің ойымша, бұл  мұғалімнің оқытуы мен тәрбие беруінде жетістікке жетуге жетелейді.

Кездесетін кедергілердің бірі – жоспарлау кезінде  уақыттың аздығы. Оқушылардың алдағы уақытты қалай жоспарлайтыны белгісіз болғандықтан, оқушылардың барлығы бұл юнитті бұрын өтпеген және нақты қандай дағдылар бар екенін білмейді. Бұл юнитқа жалпы он апта уақыт беріледі осы он аптаның ішінде оқушылар бір-бірін үйретіп шығу керек. Осы кедергілерді жеңу үшін оқушылармен бірлесе отырып қайта жоспарлауды қараған дұрыс деп ойлам. Себебі оқушылардың барлығы өз жұптарын біледі, сонымен қатар, жоспарларына сай керекті құрал-жабдықтарды қайта жоспарға енгізе алады. Оқушылар бірін- бірі үйрету арқылы, қолдау арқылы, сонымен қатар алдағы уақытта 11 сыныпқа көшкен кезде осы жұбына үйреткен дағдыларын өз тобына үйрете алады.

Оқушылардың дағдыларын дамыту үшін сабақта қолданылған бағалау критерийлері өз тиімділігін көрсетті. Өткізілген сабақтар мен тәжірибелеріме талдау жүргізіп отырсам өз жұмысымның жемісін көретніме сенімім мол деп сенемін. Сондықтан алдағы өткізілетін сабақтарыммен тәжірибелеріме талдау жасау арқылы сабақтарымның кемшіліктері мен мықты жақтарын анықтаймын. Бұл жұмыс ұстаз үшін тиімді деп ойлаймын. Біз әріптестермен сабақ жоспарын жоспарлап болған соң бірге талқылап ой бөлісіп одан әрі дамытамыз.

Қандай дағдылар мен әдістертердің тиімді болғанын саралап, сол әдістерді ары қарай жетілдіріп қолданамыз. Сабақтарымды талдай отырып мен өз жіберген қемшіліктерімді түзетіп отырамын. Ғаламтордан әртүрлі технологияны, сабағыма қатысты дағдыларды  қарай отырып, сабақта оқушыларға жеткізуге тырысамын. Себебі осы әрекеттерді бір-біріне қолданып үйрету арқылы қарым қатынастарын және көшбасшылық қасиеттерін дамытады. Өткізілген сабақтың сапасын талдау және бағалау әр ұстаз үшін маңызды. Өз сабағыңды әріптестеріңмен жоспарлап, талдай білу –  кемшіліктеріңнен сабақ алып үйрену. Алдағы уақытта кемшіліктерімді түзетіп ізденістерімді жалғастырып алға қарай дамытқым келеді. Өз тәжірибемде мен сабақта оқушыларды тәжірибе арқылы зерттеуді іске асыруды жолға қойдым.

Мұғалімнің сабақты жоспарлауы мен оны өткізіп жүргізу өзін-өзі зерттеп дамытудың негізі екені бәрімізгі белгілі екенін білеміз. Әріптестермен бірлесе жоспарлаған сабақ жоспары менің ойыма ой қосты. Ойымды қорыта келсем жоспарлаудың болашақта барлық ұстаздардың өзін-өзі зерттеуді қолдауы деп ойлаймын. Жаңа ғасырда мына дамыған мемлекеттерден қалмас үшін жаны сау болашақ отандастарымызды тәрбиелеуде ұстаздардың үлесі дайын болу керек. Дене шынықтыру тек секіріп жүгіріп қана қоймай жана техналогияны қолданып оқушыларды зерттеуге өзін өзі басқаруға қарым қатынастарды жақсартуға дағдыландыруымыз керек.