Елін сүйген, ел сүйген Елбасы

Кайырбекова Айгул Кайырбековна

Математика пәні мұғалімі

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №18 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Сынып сағаты:

Тақырыбы: 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған  Елін сүйген, ел сүйген Елбасы

Тәрбие сағатының мақсаты:

а) Жас ұрпаққа Елбасының тұлғалық қасиеттерін ашу;

ә) Еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін айту

б) Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан үлесін жас ұрпаққа жеткізу.

Жүргізілу барысы

Мұғалім сөзі:

– Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға, қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.

Мен ұлымын осы елдің ұланы

Туын көкке көтеретін қыраны.

Елбасының еңбегіне құрметпен

Қарайтұғын менде азамат боламын.

Мен гүлімін осы елдің қызымын

Батыр ана,апалардың ізімін.

Елбасының тұрғызған нұр елінде,

Көк аспанға,қолымды шексіз созамын.

Бүгінгі мерекелік тәрбие сағатымыз 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналып отыр

Ендеше барлығымыз Елбасымыздың өмір баяны жайында дайындалған

материалға назар аударамыз!!!

(Бейне ролик қойылады.) – 3 мин

  • Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген.
  • Ендеше өлең жолдарына кезек берейік….

Оқушы:

Отан дейміз –от жаққан жерімізді,
              Отан дейміз- өсірген елімізді.
              Отан дейміз – туған жер, атамекен-
              Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
              Отан дейміз- кең байтақ астананы,
              Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы,
              Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
              Ол бірақ өз үйіңнен басталады

«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп, 
Жас Отанның өмірін де түсініп, 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, 
Бір керемет жасады-ау кісілік! – дей отыра, «туған жер» жайында,өлең жолдарына кезек берейік!

Оқушы:

Сыр бойындай баулардан,
Алатаудай таулардан,
Сарыарқадай даламнан,
Теңіз Каспий, Аралдан.
Ұл-қызы бар елімнің,
Жұлдызы бар жерімнің.
Ұлы тойдай ұлы ісім,
Жарлған ер жер үшін,
Сырда сұлу күрішім,
Қырда бидай ырысым.
Жыршы-жырау салтымнан,
Әнші, күйші халқымнан
Сәлем саған, туған ел

  • Қазыр «Егерде мен президент болсам » – атты,қызықты ойын жүргіземіз.
  • (Балалар өз ойларын қағаз бетіне жазады немесе ауызша айтады )

                           СҰРАҚТАР

1.Қазақ халқы қонақ келсе астына не төсеген?

2.Қазақстан Респудликасының мемлекеттік туын,елтаңбасын,ән ұранын қысқаша қалай атаймыз?

3.Қазақта қандай сан киелі?

4.Қазақ халқы ертеден бері баспана қылып келген уй?

5.Қазақта жеті қазынаның бірі?

6.Қазақтың ұлттық аспабы?

7.Қазақстанның ұлттық валютасы,ақшасы?

8.Мемлекеттік рәміздің бірі?

9.Білім ордасы?

  • Тәрбие сағатымыз өз уақытына жетіп қалды,Елбасымыз аман,жұртымыз тыныш болсын!!!
  • Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!
  • Барлығыңызға үлкен алғыс айтамыз!!!
  • Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды!!!