Қазақ тілі сабағында жаңа технологиялық әдістерді тиімді пайдалану

Файзрахманова Назира Дуйсенбыевна

ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ-нің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

 

Баяндама

Тақырыбы: Қазақ тілі сабағында жаңа технологиялық әдістерді тиімді пайдалану

Аннотация

Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың дамуына да жаңа технология элементтерін пайдалану өз әсерін тигізуде. Қазіргі заманның талабына сай болу және жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылады.

Современный этап развития ставит перед системой образования проблему технологизации учебного процесса. Отличительной особенностью новых технологий, вошедших в школьную жизнь, является всестороннее развитие растущей личности. В частности, на развитие детей также влияет использование элементов новых технологий. Основной целью является решение проблем, стоящих перед педагогами, работающими в школе новой формации и отвечающих современным требованиям.

The modern stage of development confronts the educational system with the problem of technologization of the educational process. A distinctive feature of the new technologies included in the school life is the all-round development of the growing personality. In particular, the use of elements of new technologies also affects the development of children. The main goal is to solve the problems faced by teachers working in the school of new formation and meeting modern requirements.

Негізгі сөздер: технология, ақпараттық, компьютерлік, әдіс-тәсілдер, жаңа, сабақ, оқушы, оқыту.

Ключевые слова: технология, информационный, компьютерный, методы-приемы, новое, урок, ученик, обучение.

Ключевые слова: a technology, informative, computer, methods and techniques, new, a lesson, a pupil, an education

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі-оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып,мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

  • оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
  • оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
  • мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
  • оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
  • мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.

Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады. Бүгінгі таңда мектептің білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында өзіндік қайшылықтардың да орын алып отырғанын айту қажет. Мәселен, мектептерде әлі де болса компьютерлердің саны жеткіліксіз,барлық пән мұғалімдерінің бағдарламашылармен тікелей жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, автоматтандырылған оқыту бағдарламаларының саны аз, оларды көбейту мәселесі нақты шешімін таппаған, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы информатикадан басқа пән сабақтары өткізілмейді десек те болады. Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:

  • оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
  • нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады;
  • материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.

Ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді және мектеп тәжірибесін оқып-үйрену мен талдау негізінде ақпараттық технологияларды мектептің оқу үрдісіне енгізу үшін кешенді ақпарттық білім беру жүйесін құру қажеттілігі туындады. Бұл жүйенің негізін ақпараттық технологиялар құрайды. Енді оқытудың ақпараттық технологияларының мәнін ашып көрсетейік.

Компьтерлік және ақпараттық сауаттылық. Компьютерлік сауаттылыққа электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады. Ақпараттық сауаттылық ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді. Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге де елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді,мұндай жаңашыл өзгерісті оқулықтардын бастауға болады. Мұнда дәстүрлі баспа оқулықтарымен қатар оқу үрдісінде электронды оқулықтарды пайдалану көзделеді.

Электронды оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады.Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып,әртүрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар,бақылау тапсырмалары,ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі. Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:

  • шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;
  • дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпараттарды тез табуға көмектеседі;
  • гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;
  • қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды (мультимедиа-технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді);
  • әрбір оқушыға дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;
  • белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.

Модельдеу идеясы оқыту үрдісінде жаңа мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда, оқу үрдісінде компьютерлік моделдеуді қолдану ойға негізделген болжамдарды тексеруге, сонымен қатар оқушының қоршаған ортамен байланысын анықтап, адамзат санасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді,компьютерлік графика адамның айтар ойын белгілі бір графикалық  жүйеге келтіріп, адамның шығармашылық болжамын шыңдауға көмектеседі. Бұл моделдеу әдістемесі оқу бағдарламасының сапасын бағалау жолымен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін және ғылыми зердесін дамытудың құралы болып табылады. Компьютер ақпаратпен жұмыс істейді,нысандық жағдайлар жөніндегі мәліметтер модел ретінде оның сөздік,сандық «сипаттамасы» қаралады. Сондықтан да ақпараттық моделді күрделі жүйе ақпаратының көзі ретінде қарауға болады.

Компьютерлік оқыту бағдарламалары. Олар интерактивті тәртіппен компьютер арқылы қандай да болсын пәнді оқып-үйренуді көздейтін бағдарламалар болып табылады. Бұл бағдаламаларда теориялық материал мен блоктар болады,олар оқушылардың берілген білім көлемін меңгеруінің сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Қорыта келе, қазақ тілі сабақтарында жаңа технология әдісін қолданудың жалпыға білім беретін мектептерде тиімділігі жоғары. Дәстүрлі әдістемеге тән нәрселер өзін-өзі оқыту, өзін-өзі дамытумен ғана шектеліп,өзара бір-бірімен тәжірибе алмаса алмайды,басқа топтармен топтасуға келмейді, тек бір жақты бағытты қалыптастырады.

Ал, жаңа технологияны оқытудың мақсаты әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына жақсы жағдай туғызуды ұйымдастырады. Мұғалім сабақтарында жаңа технологияны қолданудың өзі инновациялық шығармашылықты қамтиды. Жаңа технологиялық үлгіні ұйымдастыруда өмірдегі жағдайларды модделдеуге, рөлдік ойындар, жағдаят пен жағдайлардың негіздемесіне қарап, жалпы сұрақтарды шешуде,ой-өрісіне ақпарат ағымының енуі үлкен серпінді шығармашылықты оятады. Сабақтың өзгеше немесе өте қызықты болуына әкелетін әдіс-тәсілдер деп жаңа технологиялық әдістерді айтуға болады. Сондықтан, жаңа технологиялық әдіспен сабақ берудің қазіргі заман талабына сай, жүйелі де сапалы білім беруге, жан-жақты дамыған шығармашылық тұлға қалыптастыруда маңызы аса жоғары.

Бүгінгі таңда орыс сыныптарында қазақ тілін оқытудың түрлі жолдары қарастырылып жүзеге асырылуда. Оқытудың жаңа технологиялық үлгілері ұсынылуда.  Қазақ тілін екінші тіл ретінде және қазақ тілін шетел тілі ретінде оқытудың әдістемесіндегі негізгі бағыт, ол – интерактивтілік. Бұл біздің қарым-қатынастар орнату мен оларды қолдау үшін қолданатын тіліміз.Өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін сөз сөйлеуші интерактивті стратегияларды қолданады.

Интерактивті сөз – өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлдекіммен сұхбаттасу түрінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында мұғалім мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады. Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігінің сипаттамасы – бұл субьектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі. Бұд әдістерді игеру және қолдану үшін оқытушыға топтық өзара әрекеттердің әр түрлі әдістемелерін білу қажет.

Заман талабына сай технологияларды қолдану арқылы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ басты технологияларды тиімді жүйелі қолдану керек . Инновациялық технологиялар:

-жобалау технологиясы;

-саралап-даралап оқыту технологиясы;

-дамыта оқыту технологиясы;

-модулдік оқыту технологиясы;

-сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы -сатылай  комплексті талдау технологиясы;

-деңгейлеп оқыту технологиясы. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады. Оқушылардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың, оқушылардың көбін бағалай аласың. Оқушыларды ізденіске баулып , өз бетімен жұмыс істеуге үйретесің. Олардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби шеберлігін жетілдіруге көмектеседі.

Бастауыш білім–үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Осыған сәйкес оқушыны шығармашылық  бағытта жан-жақты қабілетін дамыту-бүгінгі күннің талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу–тәрбиесін ұйымдастырудың түрлі әдіс –тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өз тәжірибемде оқушыларымды шығармашылыққа баулу үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.

Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен берілген тапсырмаларды шешу. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыстар. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қою. Қиялдау арқылы рөлге бөліп оқыту. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын  құрастыру. Өз ойларын еркін жазу. Ситуациялық сұрақтар қою. Тақырыпты жан-жақты қарау, сұрақ –жауап әдісімен талдау. Сөз соңында айтарым, қазіргі оқу үрдісінде әртүрлі әдіс-тәсілдер  кеңінен қолданылып жүр. Сабақты әртүрлі әдіс–тәсілдерді қолданып, түрлендіріп өткізу оқушыларымыздың білімге, оқып үйренуге құштарлығын арттыратыны анық. Ұстаз қандай әдіс-тәсілді қолданса да,мақсат біреу — ол оқушыларға тиянақты  да сапалы білім беру. «Алдыңа ұлы мақсат қойсаң, ұлылыққа жетесің» деп данышпан ақындарымыз айтпақшы, барлығымыз бірге күш жұмсап,ел ертеңіне сеніммен қарасақ қана алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай  өтеміз деген ойдамын. Әлемдік білім беру кеңістігінің талаптарына сай болатын ,ең алдымен ұлттық жаңа әдістемелердің бүр жаруына, оның өркендеп, тереңге тамыр жайып жас өскіннің алып бәйтеректей қатайып, нығаятынына нық сенемін.

Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Әлемдік деңгейге сай жаңарған әдістемемен оқытуды меңгеру үшін мұғаліммен жоғары құзырлықты ұйымдастырушылықты қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, оларды зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыты талап етіледі. Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталуда.

Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада  меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ал жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Құдайбергенева К.С. «Инновациялық тәжірибе орталығы-педагогикалық технология көзі»,«Алматы», 2001 жыл.
  2. Асқарбаев А., Жазыбаев М., Рахметова С. «Бастауыш оқудың тиімділігін арттыру», «Алматы», 1975 жыл.
  3. «Бастауыш мектеп методикасы», «Алматы»,1987 жыл.
  4. Жұмабаева Ә.Е. «Бастауыш мектептегі сауат ашу кезеңінде үргізілетін тіл дамыту жұмытарының әдістемесі», «Алматы»,1994 жыл.
  5. Молдатаева М. «Тілді дамыта оқыту» Бастауыш мектеп, 2000 жыл, №3.
  6. Рахметова С. «Қазақ тілін оқыту методикасы»,«Алматы» Ана тілі, 1995жыл №5.
  7. Қалым Г.М. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», 2011 жыл.
  8. Түсіпова А. «Компьютер-оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы», Қазақстан мектебі, 2004 жыл, №7.
  9. «Қазақ тілі мен әдебиеті журналы», 2013 жыл, №3.