Қазақ тілінің сөздік құрамы мен фразеологиясын түрлі жаттығулар арқылы оқыту әдістері

Бертлеуова Аймен Ниязгалиевна

Учитель казахского языка и литературы

Средняя общеобразовательная школа-гимназия №17

Әдістемелік әдебиеттерде сөздік жұмыстары туралы әр түрлі пікірлер айтылуда. Өтіліп отырған грамматикалық категорияға байланысты сөздер табу, сөздер құрамына қарай талдау, белгілі орфографиялық ерекше лайықты сөздерді теру, тіпті жеке сөзді септеп немесе жіктеу сияқты жұмыс түрлері де сөздік жұмысына жатқызылып жүр. Бұл пікірлерде сөздік жұмыстары сөз етіле отырып, грамматикалық-орфографиялық мақсаттар мен оқушылардың сөздік қорын байыту мәселесі аралас қарастырылған. Сондай-ақ лексикалық оқытуға байланысты тілдегі синоним, омоним, антоним, термин, архаизм, неологизм және идиома мен фразеологиялық құбылыстармен таныстыру да оқушылардың сөздік қорын байыту мәселесін түпкілікті шеше алмайды. Өйткені лексикалық құрамды теориялық жағынан оқыту белгілі бір мерзімде ғана асырылады, ал сөздік қорды байыту мұғалімнің күнделікті оқыту тәсілдерінің орнын алатын қазақ тілі курсы ғана емес, мектептегі басқа пәндерді, оқытуда да жүзеге асырылатын үдеріс болып табылады. Қазіргі озат тәжірибелер мен ғалым-әдіскерлердің пікірлеріне жүгінсек, оқушылардың сөздік қорын байыту жұмысы мектепе қазақ тілін оқытудың барлық кезеңінде — бірінші сабақтан бастап ең ақырғы, соңғы сабаққа дейін әрбір сабақ барысында әр түрлі жұмыс жүргізледі. Ал, сөздік жұмысы, сөздік қорын байыту жұмысына қазақ тілінің курсы бойынша уақытысында, бағдарламаға байланысты арнаулы сабақ та ұйымдастыралады. Сөздік қорды байыту мақсатын шешуде, біріншіден, оқушылардың меңгерген сөзі, сөз байлығы қаншалықты дәрежеде екендігін, екінщіден оқушыда сөз байлығының қорының аз болу себебін, өзіндік ерекшеліктерін үшіншіден, сөздік қорды байыту мен дамытуда тиімді әдіс-тәсілдерді алдын ала анықтап, белгілеу керек. Сөздік жұмысын жүргізуде біз осы мәселелерді қарастырып көрейік. Оқушылардың сөз байлығын қаншалықты дәрежеде анықтау, оқушының сөйлеу мен жазу сапалылығын анықтаудан басталады. Әрбір сабақта, сөздерді белгілі бір мәселеге таныстыру арқылы, белгілі мақсатта сөйлем құрау, түсіндірмелі оқу, ауызша мазмұндау, жазба жұмыстар т.б. арқылы анықтауға болады. Мектептің әрбір сыныбында сөз және ұғымдар үйретудің мөлшерін белгілеу мұғалімнің бірінші ойланар ісі болмақ. Мектепте алғаш келген балалармен танысып әрқайсысымен жекежеке сөйлесу барысында мұғалім олардаң ой-өрісі мен сөйлеу қабілетін аңғарады. Соның негізінде жыл бой өзінің олармен жүргізілетін жұмыс көлемін анықтайды. Мұғалім шамалаған меже оқу үрдісінің барысында өзгеруі, неғұрлым нақтылана түсуі мүмкін. Оқушылар сөздігі әрбір пән оқулықтары мен оқу кітаптарында, сыныптан тыс оқуға ұсынылатын көркем шығармалары және оқушыларға арналған көрнекі құралдарда толықтырылады, кітап оларды мәдениетті сөйлей білуге баулиды. Міне, сондықтан да мұғалім 181 кітаптардағы сөздік қорларды есепке алып, ол сөздердің мән-мазмұнын оқушылардың еркін меңгеруіне көңіл аударуы тиіс. Оқушылар үйрететін актив сөздер мөлшерін белгілеудегі басты бір меже олар пайдаланылатын кітап сөздері болмақ. Жаңа сөздермен оқушылар тек кітап бойынша ғана танысып қоймайды, сыныптан тыс жүргізілетін әр түрлі шаралар кезінде кинофильмдерді және, спектакльдерді көргенде, теледидар және радио хабарларын таңдағанда оларға көптеген жаңа сөздер ұшырасады. Балалар сөздігін молайту мақсатында мұғалім бұл мүмкіндіктерді де пайдаланады. Жалпы топшылағанда, балалар сөздігін мына сияқты жолдармен байытуға болады: қоршаған ортаны байыту, аңғарту табиғатпен, адамдардың қоғамдық және өндірістік еңбегімен таныстыру, экскурсиялар ұйымдастыру сынып және сыныптан тыс оку әңгіме мазмұнын талқылау және талдау, ересектермен қарым-қатынас әңгіме өткізу, кездесу ұйымдстыру; грамматика мен емлені үйрету жаттығу арқылы дағды қалыптастыру арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу шығарма мазмұнын талдату, қайыра айтқызу т.б. Бұл жұмыстар негізінде білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша оқушыларының сөздігін байытудағы сабақ беру барысында тілдік мақсат қарастырылған. Жаңа бағдарлама жаңа сөздерді түсініп қана қоймай, қолданған сөздің мәнін айқындауға, ауыспалы мағаналы сөздермен толықтыруға, жаңа сөздерді өз ойларын жүйелеуде жиі қолданып, жаңа сөздіктеріне қосу, сөздердің дұрыс айталуы мен дұрыс жазылуын игеруге бағытталған. Сөздік жұмыстары басты-басты мынадай бағыттарда жүзеге асырылады: оқушыларды қоршаған ортамен таныстыу және ол туралы ұғым қалыптастыру мақсатында серуендер, экскурсиялар ұйымдастыру, бағдарламалық оқу пәндерін пайдалану жаңа сөздер мен терминдерді барлау жаңа және түсініксіз сөздерді түсіндіру, граматиканы оқытумен байланысты сөздік жұмыстарын жүргізу. Лексикалық жаттығулар орындату. Сөздің мағынасы бойынша жұмысқа лексикалық жаттығулар жатады. Ең алдымен оқушылар сөздің тура мағынасы болғандығымен таныстырылады. Содан байланысты жүргізілетін жаттығу жұмыстарында бір сөз қайталанып келетін екі сөйлем беріледі де, сол сөздің әр сөйлемде беріп тұрған мағынасына назар аударылады, мағыналық талдау жасалады. Мәселен, тас түскен жеріне ауыр мәтел және екі құлағы тас бітеліп қалғандай деген екі сөйлем беріледі дейік. Алғашқы сөйлемде тас сөзі тура мағынасында қолданылып тұр да, екінші сөйлемдегі тас сөзі ауыспалы мағынада жұмсалып тұр. Оқушылардың сөздік жұмыстарынан алатын білімі, дәлірек айтқанда, лексикалық білімі шамамен мына көлемде болмақ: Сөз белгілі бір ұйым атауын білдіреді. Әрбір сөздің өзіндік мағынасы бар, ал контексте ол мағынаның басқа мағынаға ауысуы мүмкін. Демек, сөз мәні контексте ғана аңғарылады. Зат есім, сын есім, сан есім, етістік сияқты сөздер ғана емес, шылау және одағай деп аталатын көмекші сөздердің де белгілі дәрежеде өзіндік мағынасы болады. Сөздің беріп тұрған мағынасы контексте анықталатын болғандықтан, жеке сөз мағынасы және оны дұрыс қолдану жөніндегі түсінік сөзді жеке алып қарастыру жолымен емес, сөйлемде немесе байланысты текстегі ұғымы бойынша саралануы тиімді. Сондай-ақ лексикаға байланысты жұмыстар, жаттығулар оқушылардың сөз байлығын арттырып, сөзді қолдана білуге бейімділігін дамытуға бағытталуы тиіс. Оқушылардың әрбір сөзге көңіл бөлуге мағынасын анық аңғаруға жетелейді де, оларда қолданудағы сөздік мәні мен реңдерін тани білуге, логикалық ойлау жүйесін кеңейтеді. Міне осы міндеттерді атқаратын жұмыстардың бірі — жаттығу жұмыстары [9,99-110]. Жүргізілетін жаттығу жұмыстарының бірінші тобы лексикалық жаттығу болып табылады. Мұнда негізінен оқушылардың лексикалық алған теориялық мәліметтері пысықталып, сөз қолданысқа үйретіп дағдыландыру, сөздікті пайдалану қажет. Дұрысында, сөздіктермен танысу, олардың пайдалану жұмысы әрбір лексикалық ұғымдармен бірге жүргізілуі керек. Мысалы, түсіндірме сөздікпен танысу, оларды пайдалану жұмысы әрбір тиісті лексикалық ұғымдармен бірге жүргізілуі тиіс. Мысалы, асау жылқы, асау өткен деген тіркестерде асау сөзіне бірде жуас, бірде оңай сөзі антоним бола алады жуас жылқы, өткел. Ал синонимі де әр түрлі, айталық, бас білмеген, жылқы, қиын өткел. 182 Ал, лексикалық жаттығулардың екінші тобы тілдің басқа салаларымен байланыстырылып жүргізілетін синтетикалық жаттығулар болып табылады. Бұл жаттығуда лексикалық тақырыптан алған білімін бұрын өткен грамматика, орфография, стилистика тарауларының материалдарымен байланыстырып жаттығу. Мұның өзі оқушылардың лексикадан алған білімін жалпы тіл жүйесінде түсінуге, тіліміздегі орнын, қолданылысын ұғуға, сондай-ақ өзге материалдарды еске түсіріп, қайталап отыруға мүмкіндік береді. Ол үшін мына сияқты жұмыстарды жүргізуге болады. 1. Берілген сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын тапсыру. Мысалы, адам, өсімдік, жануар, алтын су; қызық, жазық, әдемі, үлкен, үш бұрышты; ойлану, жүгіру, сөйлеу, кебу. Окушылар үш топқа бөлінген сөздердің лексикалық мағынасын ашып отырып, бірінші топтағы сөздердің зат атауы екенін, екінші топтағы сөздердің заттың белгісін, сынын білдіретін үшінші топтағылар қимылды білдіретінін анықтап зат есім, сын есім, етістікке жататынын түсіндіру тиіс. Сол сияқты лексикалық мағынаны сөздің жасалу жолына, қолданылуына, шығу тегіне қарай ажырату да грамматикамен тығыз байланысты жүргізіледі. 2. Түбірлес сөздердің қай сөз табына жататынын анықтау 1) келісім, келісті, келіншек, келді. 2) орын, орынша, орындық, орынды. 3) адам, адамдық, адамгершілік, адамды. Мұндай жаттығу барысында лексикалық мағынамен грамматикалық мағынаны ажырататын олардың өзара байланыстылығын ажырата білуге дағдылана бастайды. Грамматикамен байланысты жүргізілетін жаттығудың тағы бір түрі сөздің түрлену барысын немесе сөз жасау барысындағы айырмашылықтарын ажырату болып табылады. Мысалы: белгілі бір сөзге септік, тәуелділік, жіктік жалғауларын жалғау арқылы лексикалық мағыналарын салыстырып көруге болады. Оқушылар былайша түрленген сөздердің лексикалық мағынасы сақталып, грамматикалық мағынасында өзгерістер пайда болғанына көз жеткізеді. Бұл айтылған жаттығу түрлері оқушылардың лексикалық мағынаны грамматикалық мағынадан ажыратуға көмектеседі, сөйтіп сөздердің қолданыс аясын жақсы меңгеріп, практикалық дағдысы артады, жазу мәдениеті жіктеле түседі. Ал стилистика саласымен байланысты лексикалық жаттығулар сөзді таңдап қолдануға, айтылатын ойға лайық сөйлем құра білуге үйретеді. Бұған байланысты жүргізілетін жаттығу жұмыстары: Берілген сөздер мен сөз тіркестері қандай лексика-семантикалық топтарға, қайсысы қандай әдеби тіл стильдеріне жатады. Мысалы, 1) балалар — балдар, тыныш — тиыш. 2) бал — балақай, келін — келіншек, әке – әкей. 3) шалбар — сым, көйлек — жейде, өңшең — ылғи — кілең. Ал орфографиямен байланысты жүргізілетін жаттығулардың да өзіндік орны, ерекшелігі бар. Өйткені оқушылар сөз байлығын игерумен бірге оның дұрыс жазылу жолын да саналы түсінуі керек. Ол үшін оқушылардың сөз қолдану, жазу дағдысын қалыптастырып, әр түрлі жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Ауызекі сөйлеу мен жазба стильдерін, айырмашылықтарын ажыратып, әдеби тіл нормасын игеруге дағдылана бастайды. Бұл сияқты жаттығудың мына сияқты түрлері жүргізіледі: 1) Мына сөздердің түбірлес варианттарын жазып, түзіліп жазылатын дауысты дыбыстар ережесін түсіндір: орын /орны/, құлып /құлпы/, көрік /көркі/. 2) Мына сөздерді сыңарларымен салыстырып, мағыналас немесе өзге сөз екенін түсіндіру: қан-хан, қат-хат, кәрі-қария, ары-әрі, білік-пілік, қас-хас. 3) Берілген сөздерге түбірлес сөз тауып, дауыссыз дыбыстардың өзгеруін түсіндіру, жанжауып, тап-тауып, теп-теуіп, көбік-көбігі, тарақ- тарағы. 4) Берілген түбірлес сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді түсіндіру, түбірлес сөздердің лексикалық мағынасын ажырату. Жұмыс-жұмысшы, ас-асшы, дос-досжан. 183 5) Омонимдес сөздердің түбірін тауып, әрқайсысының беретін мағынасына байланысты сөйлем құрау: түстік/тамақ/, — түстік /бағыт, мезгіл/, түнек /қараңғы/ — түнек /орын/, жаз/жыл маусымы/ — жаз/әріптерді түсіру/ — жаз/жаю/. Лексикаға байланысты тіл дамыту жұмыстары курстың басқа тақырып салаларымен байланысты жүргізілсе, оқушылардың лексикадан теориялық білімі мен сөзді қолдану дағдысын қалыптастыруға, жалпы тіл заңдылығын толық игеріп, өздігінен ойлануға, сөз шеберлігін арттыруға үлкен ықпал жасайды. Тіл байлығын дамытуға байланысты жұмыстардың формалары мен әдіс-тәсілдері көп. Озат тәжірибелерге жүгінсек мұндай жұмыстарды үш топқа бөліп қарастыруға болады: 1) айнала қоршаған ортамен танысу, оқушылардың түсінігін, көзқарасын, білімін толықтыру арқылы сөздік қорын байыту; 2) мүлде таныс емес немесе мағынасы күңгірт сөздерді, сөз тіркестерді үйренуге ықпалын аудару, жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысу; 3) білетін және игерген сөздері мен сөз тіркестерінің қолданудағы басқа реңкдерін білуге байланысты. Бұл топтар мен алғы шарттар бір-бірімен тығыз байланысты, бірлікте қарастырылып, жүзеге асырылады. Айналаны қоршаған орта жөнінде оқушылар білімін толықтыру, түсінігін арттыру мүмкіндігі сабақ процесінің ен бойында жүзеге асырылады, әрбір сабақ, әрбір жаңа материал оқушы біліміне қандай да бір жаңалық қосып отырады. Ал ол тіліне әсер етеді. Оқушылардың сөздік қорын байыта түсуде оқушылардың назары мүлде таныс емес немесе түсінігі күңгірт сөздерге аударылуға ерекше көңіл бөлу қажет. Оқушы қандай да бір кітап оқыған кезде оның мағынасы түсініксіз жеке сөздер кездесіп отырады. Бірақ оқиға желісінің барысына қарай ойды жалпы топшылайды да, тексті ары қарай оқып, өзіне түсініксіз жеке сөздердің үғымына назар аудармастан оқи береді. Ал оны өз сөзімен айтып беруде әлгі сөзді қолданбайды, тастап кетеді. Бұл жеке сөзге мән бермегендік болып табылады. Ал сөздік қордың молаюына осы жеке сөз мәнін елемеушілік үлкен зиян тигізеді. Сондықтан оқушыларға кітаппен өздігінше жұмыс ұйымдастырғанда жеке сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін ұғынып отыруға, білмегенді іздестіріп, біліп-тануға дағдыландыру қажет. Ол үшін оқушылар қандай да бір кітап оқығанда, мағынасы түсініксіз, таныс емес немесе түсінігіне күңгірт сөздерді жазып алып, олардың мән- мағынасын алып, біліп отыруға үйреткен жөн. Мұндай дағды беруге қажетті жұмыстың бірі оқушылардың сөздіктерімен жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеу қажеттігі туады. Ол үшін мектепке арналған «орфографиялық сөздік», «терминдер» т.б. сөздіктерді баспадан шығуды жеделдету қажет [9.236]. Пайдаланған әдебиеттер: 1. Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997. – 255 б. 2. Айғабылов А. Лексиканы оқыту методикасы және оның қазіргі міндеті. 1982 3. М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. Астана: Ер-Дәулет, 2007. 20-205бет.