ҚазҰУ- жарқын болашаққа бастар жол!

Ақатқызы Аружан

магистрант, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Мухамедиев Булат Минтаевич

профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Мамандық таңдау, сол мамандық бойынша білім алу және білім ордасын таңдау шешімі – адам өміріндегі маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Алғашқы үлкен өмірге қадам басудағы университет қабырғасы сіздің балаңыз үшін тамаша таңдау болуы мүмкін бірнеше себептерді келтірейік. Болашақты жоспарлау – студенттер өздері туралы және өмірден не қалайтыны туралы көбірек біле алады. Олардың болашаққа жақсы жоспар құру, мақсат қою, өзіне не керек екенін біліп болашаққа қажет қабілеттерін  дамытады. Жақсы жұмысқа орналасу – университет сізге кейін жақсы ақы төленетін жұмыс табуға көмектесетін дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Әлеуметтену процесі – студенттер барлық ортадан және әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдармен кездесіп, тілдесуге мүмкіндік алады. Университетте қалыптасқан достық қарым-қатынас көбінесе өмір бойы жалғасады. Оқуға деген сүйіспеншілік – егер бала білімге қызығушылық танытса және сұрақ қойғанды ​​ұнатса, онда оларға университетте оқыған сөзсіз ұнайды. Бұл балаларды қызықтыратын саланы зерттеуге, терең білім алуға, тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік. Ендігі Қазақстанда осы барлық аталған дағдыларға жол ашатын, білім саласындағы университеттердің алды, сапалы біліммен қамтамасыз ете алатын қай жоғарғы оқу орны деген сұрақ туындағанны сөзсіз. Біз бұл сұраққа әрине, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ деп сеніммен жауап бере аламыз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті- киелі білім ордасы, қазақ зиялыларының қара шаңырағы. Қазіргі таңдағы маңызды ғылыми-зерттеу институттарының бірі және Қазақстан Республикасындағы көптеген ғылыми және кәсіптік салалардағы бакалавриат пен магистранттар, доктаранттар үшін бірегей және көрнекті оқу ортасы.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан университеттері арасында Ұлттық рейтингтің көшбасшысы болып табылады. Университет Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының тұңғыш иегері және сапа саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) сыйлығының иегері атанды.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «QS World University Rankings 2020/21» рейтингінде 175-орынды иеленіп, Қазақстандағы ең жоғары рейтингті университетке айналды. Еуропа мен Орталық Азиядағы дамушы елдер университеттерінің рейтингінде 16-шы орында. Университет келесі халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады: «Халықаралық университеттер қауымдастығы», «Еуропалық инженерлік білім беру қоғамы», «Техникалық тәжірибе үшін студенттермен алмасу халықаралық қауымдастығы» және «Академиялық рейтинг пен озаттық үшін халықаралық обсерватория», сонымен қатар «Үндістан -Инженерлік білім берудегі американдық ынтымақтастық». Және де ҚазҰУ Орталық Азиядағы UN Academic Impact (UNAI) бағдарламасына қосылған алғашқы университет болды және БҰҰ-ның халықаралық деңгейде мойындалған 10 қағидатын қолдауға бағытталған UNAI-дің тұрақты дамудың жаһандық орталығы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – халықаралық оқытушылар мен студенттерді, жаһандық мәселелер бойынша зерттеулер мен оқытуға қолдау көрсетуге және шет елдермен академиялық қарым-қатынас орнатуға қолдау көрсетеді.  Университет қабырғасында мықты білім алуға талпынған әрбір студент үшін бірқатар лайықты мүмкіндіктер бар. Университетте Қазақстандағы ең үлкен және ең бай кітапханалардың бірі орналасқан. Әбу Наср әл-Фараби мұражайы – кітапханадағы әрбір қонақ үшін есігі айқара ашық киелі орын.

Қазақ ұлттық университеті өзінің жас ғалымдарын жайлы жатақханамен қамтамасыз етіп отырған студенттік қала болып саналады. Университет 14 үлкен жатақханамен қамтамасыз етілген және болашақта тағы қосымша жатаханалар салыну жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 5000-нан астам студент жатаханаларда тұрып білім алуда.

Университет академиялық бағдарламалардың керемет және жан-жақты спектрін ұсынады. Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенті білім алып, тілдік тағылымдамадан, сондай-ақ шетелдік ғылым және білім мекемелерінде ғылыми тәжірибеден өтеді. Университет жыл сайын 600-ден астам профессорлық-оқытушылық құрамның және университеттің әкімшілік-басқару қызметкерлерін халықаралық конференцияларға, шетелдік университеттер мен ұйымдардың шақыруы бойынша ТМД елдеріне, Еуропаға, Солтүстік және Оңтүстік Америкаға, Таяу Шығысқа және Азия бойынша кездесулерге шетелдік іскерлік сапарларын ұйымдастырады.

Осының барлығын ескере отырып, осы оқу орнының магистранты ретінде мен университет өз студенттеріне өсіп келе жатқан заманауи әлемді дұрыс оқу және білімін пайдалану үшін көптеген мүмкіндіктер ұсынып отыр деп үлкен сеніммен айта аламын.