Мектеп алды естияр тобының ұйымдастырылған оку іс- әрекетінің технологиялық картасы

Аманжолова Жанерке, логопед

№14 детский сад, г.Павлодар

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Хайуанаттар бағы

Мақсаты: Зообақ, зообақтағы жануарлар туралы түсінігін нақтылау.

Міндеттері:

  1. Зообақ туралы түсінік беру,жабайы аңдармен таныстыру. Олардың тіршілігі мен ерекшелігі  туралы түсінік беру.
  2. Балалардың тілін дамыту.Сұраққа толық және өз ойларын еркін жеткізуге баулу.Сөздік қорларын молайту
  3. Жан-жануарларды қорғауға,қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Құрал  — жабдықтар: айна, үлестірмелі жануарлардың суреті, торлардың пішіндері.

Сөздік  жұмыс: зообақ, қоян

Билингвалды компоненті: зообақ — зоопарк

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, дидактикалық ойын, Венн диаграмма

Іс әрекет кезендері

 

Логопедтің іс- әрекеті

 

 Балалардың іс — әрекеті

 

Есеп
Жағымды жағымсыз
Себептік  әрекетті ояту:

 

Сәлеметсіздер ме балалар!

Шаттық шеңберін өткізу

Сәлем берем халқыма,

Сәлем берем жалпыңа,

Сәлемдесу кіреді,

Ата дәстүр салтына.

Аптаның қай күні? Қандай оқу іс-әрекеті?

Сәлеметсіз бе! Балалар шеңберде өлең жолдарын орындайды. Көңілдерін сабаққа аударады. Қазір қыс мезгілі. Бүгін аптаның үшінші күні — сәрсенбі. Тіл дамыту.    
Ұйымдастырылған

ізденіс:

 

 

1.Артикуляциялық жаттығулар орындау «шар», «кесе», «футбол»

2.  Зообақ дегеніміз ол аңдардың бір жерге жиналған,  топтастырған жері. Зообақта жабайы аңдар,құстарды кездестіруге болады.  Ал, ендеше барлығымыз топпен  зообаққа саяхатқа шығамыз. Көздеріңді жұмып  бір сәт табиғатты елестетеміз (музыка қойылады құстардың, аңдардың дауыстары) Міне зообаққада келдік.

3. Зообақта бізді аңдарды қарап жүретін қамқоршы күтіп алады. Зообақтағы жануарлардың торлары ауысып кетіпті. Балалар біздің көмегіміз керек екен.

4.  «Зообаққа орналастыр» ойынын ойнату.

5. Қасқырдың тапсырмасы.   Жаңылтпашты жаңылмай айту

Ян-ян-ян,

Жүгіріп жүр қоян.

Ян-ян-ян,

Бұл қоян емес,шаян!

6. Тыныс алу жаттығуы: Қоянға азықтарын қардың астынан шығаруға көмектес.

7. Балалар зообақта жаңа технология компьютер бар екен. Қосып көрейік. Аюмен бірге билеу.

8. Түлкінің тапсырмасы. Венн диаграмма арқылы зообақтағы жануарлар мен дала жануарларын салыстыру.

Артикуляциялық жаттығуларды орындайды.

 

 

 

Балалардың жауабы

 

 

 

 

 

 

 

Амандасады.

 

 

 

 

Берілген торға, аңдарды  көлеміне қарай орналастыру.

 

 

 

 

   
Рефлекстік-түзетуші: Балалар, бүгін қандай оқу іс-әрекеті болды? Бұл оқу іс-әрекетінде біз не істедік (әр баладан сұрау, толық жауап алу)? Не туралы айттық? Күн шуақтарын жинау. Балалар шеңберге тұрып, қоштасады.    
Күтілетің нәтиже:

Білу керек: Жануарлардың аттарын

Біледі: жануарлардың пішіндерін және түстерін.

Меңгереді: Сөйлемдер құрастыру арқылы байланыстырып сөйлеу әрекетін дамыту, заттарды жалпы атаулармен атау.