Өзiн – өзi тану сабағының жоспары

Исабекова Майгуль Сейтбековна

Бастауыш сынып мұғалімі

«№38 ЖОББМЛ» КММ,  Семей қаласы

Мектеп: «№38 ЖОББМЛ» КММ,  Семей қаласы
Тақырыбы: Адамның ішкі сұлулығы
Құндылық: сүйіспеншілік , дұрыс әрекет

Қасиеттер: әділдік, қайырымдылық, жауапкершілік

Мұғалiм: М.С.Исабекова, бастауыш сынып мұғалімі

Сынып: 4 «Д»

Мақсаты: Оқушыларға адамның ішкі сұлулығы туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері: – Оқушыларға адамның ішкі сұлулығы жөнінде түсінік беру

– Шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы қайырымдылық, әділдік, жауапкершілік сияқты қасиеттерді дамыту.
– Адамды жан сұлулығына жеткізетін ізгі істерге , сенімділікке, әдептілілкке, қайырымдылыққа  тәрбиелеу.

Ресурстар:
Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақ қызықты, тиімді өтуі үшін бес ережені сақтау

1.     Тәртіп

2.     Талап

3.     Тыныштық

4.     Тазалық

5.     Татулық

Тыныштық сәті. Жағымды көңілкүйге келу. «Теңіз астына саяхат»

           Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді бос ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз:

Теңіз жағалауында келе жатырмыз.Алыстан бір қара нүкте көрінді. Жақындағанда дельфин екенін көрдік.Дельфиннің арқасына мініп,теңіз түбіне саяхатқа аттандық.Теңіз астымен жүзіп келеміз. Оң жағымызда – сегізаяқ, сол жағымызда – су балдырларын көреміз.Осы тыныштықты сақтайық.Енді жағаға шығудың уақыты келді… Дельфиннің арқасына отырып, жоғары көтерілейік.Дельфинге алғысымызды айтып, қоштасайық. Ақырындап сыныпқа оралайық.Көзімізді ашайық.

– Жаймен көзіңізді ашуға болады.
– Рахмет.
Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?

 

 

Ереже

 

 

 

 

 

 

Музыка әуені

Үй тапсырмасын тексеру. «Жүректегі ой» әңгімесін оқып келу.

Мәтін бойынша сұрақтар:

–         Кейіпкерлер кімдер?

–         Негізгі ой не туралы?

–         Ойды жүрекке салудың мәні неде?

–         « Жүрек бәрін біледі» дегенді қалай түсінеміз?

– Өмірдің мәні неде? Өмірлік ұстанымдарың туралы ой бөлісу

Ойын « Сиқырлы айна»

-Қолымызға алдымызда жатқан айнаны алып,барлығымыз қарайық.      Кімді көріп отырмыз? Қане , сипаттап берейік.

– Біз айна арқылы тек қана сыртқы келбетімізді ғана көре алдық.

– Ішкі болмысымызды көре алмаймыз?

– Адамның ішкі сұлулығы дегенді қалай түсінеміз?

Ол үшін дәйек сөзді оқып, түсінейік.

 
Дәйексөз.

Нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде болар.

                                                                      Ыбырай Алтынсарин
Сенің сұлулығың – мейірімділігіңде

– Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
– Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыздар? (Әрине ақыл туралы)

 

 

 

Кесте

Мұғалімнің сыйы.

Сенің сұлулығың – мейірімділігіңде!

Шалва Амонашвили

Бала өзін неге «көріксізбін» деп налыды?

• «Сенің сұлулығың – мейірімділігіңде!» деген

атасының сөзін қалай түсінесіңдер?

• «Оның бет-әлпеті ішкі сұлулығынан нұрланып

тұр!» деп қыздар неліктен айтты?

• Адамның сұлу екенін қалайша тануға болады?

• Сұлу адамның бойында қандай қасиеттер болады?

• Өзіңді сұлумын деп санайсың ба? Неліктен?

1-тапсырма

Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, нақыл сөздерді оқыңдар. Мағынасын түсініп алыңдар.

Өнегелі болса, бала… .

Қорқыт ата

Адам барлық жағынан да: түрі де, киімі де, жаны

да, ойы да … болуы керек.

Антон Чехов

Адамның асқан сұлулығы – оның … .

Василий Сухомлинский

Адамның ойы да, бойы да… .

Ғабит Мүсірепов

Сұлулық жақсы. Бірақ адамның ең алдымен, … сұлу болу керек.

Сәкен Сейфуллин

Қажетті сөздер: көркем, қарапайымдылығы, көрікті, жаны, сұлу.

2-тапсырма

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

Дескрипторы:

Диалогке қатысады;

Керексіз сұлулық

(Аңыз әңгіме)

Сұрақтар:

• Сыртқы сұлулық артық па, әлде ішкі сұлулық артық па? Неліктен?

• Адамды әсем ететін сыртқы келбеті ме, әлде жақсы мінезі ме? Неліктен?

• Адамды түр-әлпетіне қарап бағалаған дұрыс па, әлде адамшылығына қарап бағалаған дұрыс па? Неліктен?

• Сырты сұлу сұлу ма, әлде іші сұлу сұлу ма? Неліктен?

3-тапсырма

«Сұлулық» сөзіне ребус құрастырыңдар.

Ойын « Қал қалай? Осылай?»

Әр сұраққа оқушылар хормен «Осылай!» деп жауап береді де, қолмен дұрыс бағытты  көрсетеді.

 
Шығармашылық жұмыс.

1-тапсырма. Суреттердегі балаларға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер?

2-тапсырма. Өмірдегі түрлі оқиғаларды еске түсіре отырып, «Ақылды тыңдай білу де өнеге» тақырыбында эссе жаз.

 
Үй тапсырмасы. Қызғаныштың кесірі Ж. Байбұланованың шығармасын оқу.  
Топпен ән айту. Ән: «Тек алға» Орынд: М.Арапбаева

Тіршілік қайнап тұрса
Коңілің сайрап тұрса
Жас жанып жайнап тұрса
Дала
Сөндірме жан нұрыңды
Жазғырма тағдырыңды
Бақытқа әр күніңді бала
Қайырмасы:
Арманың барда
Шаршама талма
Жасқанып қалма
Жүре бер тек алға
Өмір сынаса
Көңілге алма
Әніңді жалға
Жүре бер тек алға
2. Қиналсаң анда санда
Үмітің алдаса да
Өтпелі әрқашан да
Бәрі
Сәтсіз күн оралмасын
Қайғыға жоламасын
Жүректің жоғалмасын
Сәні
Қайырмасы
Бақ жұлдызың жанады
Арманға қалай қағады
Мұңайма ещқашан да өмірде
Әр адам бақыт алады

 
Соңғы тыныштық сәті. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді    жүректеріңізге түйіп алыңыздар.  Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.