Сенің бүгінгі таңдауын – ертеңгі елдің болашағы
Танатарова Дана Мураткызы
«Экономика» кафедрасының 4 курс студенті
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Айтбембетова Аида Бегалиевна
э.ғ.д., профессор
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Әрбір орта білімі бар түлек, өзінің өміріндегі ең маңызды кезеңдерінің бірі жоғарғы білім алу, сондай-ақ жоғарғы оқу орындарымен танысу және таңдау барысынан өтеді. Бұл маңызды кезеңнен менде өткен болатынмын және өзімнің таңдауымды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне бердім. Жоғарғы білім алу – бүкіл әлемдегі қоғам дамуының негізі болып табылады.
Студенттік мәртебе ең алдымен университеттің өзінің мәртебесімен байланысты. Биыл, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 87 жыл, бұл дерек қазіргі күннің өзінде ҚазҰУ-нің жоғары беделі мен мәртебесінің дәлелі. Қаншама жылдар бойы Қазақстандағы үздік білім беруші ретінде ғана танылған ҚазҰУ. Халықаралық рейтингтерге сәйкес, бірнеше жыл бұрын біздің университет университеттердің әлемдік рейтингінде 300-нің қатарында ғана болатын. Соңғы төрт жыл ішінде ол QS (Ұлыбритания) әлемдік рейтинг агенттігінің бағалауы бойынша үздік 200-ге кіріп, 2020 жылы ҚазҰУ «QS World University Rankings» жалпы рейтингінде 165 орынға ие болды. Осылайша, жоғарыда айтылып кеткен деректердің өзі әрбір абитуриент үшін жақсы білім алумен қоса, мықты маман иегері болып шығатынына үлкен сенімділік ұялатады.
Егер, ҚазҰУ-нің бітіріп кеткен түлектерінің тізімін қарастыратын болсақ, көптеген жоғары білікті мамандардың сәтті мансап қуалаған тұлғаларды танып білеміз. Көптеген министрлер, депутаттар, әр түрлі деңгейдегі әкімдер, Қазақстандағы көптеген жоғары оқу орындарының ректорлары, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен банктердің басшылары біздің университетіміздің түлектері екендігі құпия емес.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі 15 факультетінде бакалавриаттың 113 бағдарламасы бар. Сондай-ақ, студенттер жаратылыстану ғылымдарынан (химия, география, математика және физика) бастап гуманитарлық ғылымдар, заңгерлік, IR, тілдер және журналистикаға дейінгі көптеген пәндер бойынша бакалавриат мамандықтарына түсе алады.
Университеттің негізгі құндылығы бұл студенттер, және сол себептен университет студенттердің барлық жағдайын жасауға тырысады, ертеңгі елдің болашағына алаңдаулы ҚазҰУ-і, студенттердің жан-жақты дамуына, кең дүниетанымның дамуына ықпал етеді. Студенттер көптеген мүмкіндіктерге ие екендігін атап өткен жөн. ҚазҰУ белсенді түрде өзінің халықаралық ынтымақтастықты дамытуда, 2014 жылдан бастап университет БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» атты бағдарламасымен жұмыс жасауда, бұл өз кезегінде университетті Халықаралық беделімен қамтамасыздандырады. Әлемнің жетекші университеттерімен бірлескен қос дипломдық бағдарламалардың бірін таңдай алады, университет көрнекті және кешенді академиялық бағдарламаларды ұсынады. Жыл сайын ҚазҰУ-нің 2000-нан астам студенттері тілдік практикадан, сондай-ақ шетелдік ғылым мен білім беру мекемелерінде ғылыми тағылымдамадан өтеді.
Университет заман ағымына ілесіп келеді, соңғы жылдары ҚазҰУ инновациялық ғылыми зерттеулерге баса назар аударатыны ешкімге құпия емес. Қазіргі уақытта ҚазҰУ – 16 факультеттен, 8 ғылыми-зерттеу институты, оның ішінде зерттеу мен талдаудың физика-химиялық әдістері орталығынан, сондай-ақ ғылыми-технологиялық парк, ұлттық ашық нанотехнологиялық зертхана мен әлеуметтік-гуманитарлық бейініндегі 29 институттар озық әлемдік аналогтарға жауап беретін ғылыми және инновациялық инфрақұрылымы бар зияткерлік корпорация. Сондай-ақ, университет аумағында 4 мұражай, 67 кафедраның 54 филиалы бар, үлкен Әл-Фараби атындағы кітапханасы, студенттерге қызмет көрсету орталығы «Керемет» орналасқан.
Жыл сайын университет қабырғасында «Әл-Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық конференциясы өтеді. Студенттер бұл кезеңді асыға күтеді, себебі мақала жазу тәжірибесімен қоса, студенттер арасында бәсекелестік рухы пайда болады. Бұл өз кезегіңде студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу қызметін ынталандыру, студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге тарту болып табылады. Айтып кететін жайт ҚазҰУ-і, басқа Отандық жоғарғы оқулардың арасында баспасөз шығарудан көшбасшы, «SCOPUS»-тағы барлық қазақ тіліндегі басылымдардың 20%-ы ҚазҰУ-не тиесілі.
Біздің университет Қазақстанның экономикалық, рухани дамуына қол жеткізуіне үлкен үлес қосатынына сенімдімін. Еліміздің болашағы жастардың, студенттердің қолында. Сенің таңдауын, еліміздегі жоғары білікті мамандарды даярлау сапасы, ғылыми – зерттеу қызметі, инновациялық әзірлемелердің деңгейін арттыруға септігің тигізеді. Ең алдымен, университет өз міндетін тек кәсіби мамандарды даярлауда ғана емес, сонымен қатар ҚазҰУ сутденттердің кез келген міндеттерді шешуге қабілетті болу үшін еліміздің нағыз азаматтарын, патриоттарын тәрбиелеуден көреді.