Шешендік өнерді оқытудың дидактикалық принциптері
Бисеналиева Гульзада Шаймардановна
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Рудный қаласы №13 КММ
Оқушылардың шешендік өнерге дайындаудың дидактикалық негізін жасауда маңызды орын алатын мәселе – оқытудың принциптері екені белгілі. Бұл жерде біз ең алдымен жалпы дидактикалық принциптерге сүйенеміз.Өйткені оқытудың жалпы теориясынан келіп қана, дербес әдістемелік принциптер танылады.Жалпы, оқыту принциптері деген не? деген сұрақ соңғы жылдары дидактикада қайтадан қойылып, жаңа шешімдер табылуын көздеп отырғанын байқаймыз. Сонымен оқыту принциптеріне нені жатқызамыз? Деген мәселе де үлкен орыналады.Біз дәстүрлі дидактикада қалыптасқан дидактикалық принциптердің табиғатына сәйкес, өз әдістемемізді мынадай принциптерді басшылыққа аламыз.
І.Ғылымилық принципі. Шешендік өнер маңызды болып табылады.Мұнда берілген білім мазмұнының ғылым саласымен тығыз байланысты болуы көзделетіні белгілі.
ІІ.Жүйелі принципі. Шешендік өнердің заңдылықтарын таныту, меңгерту, содан соң оқушылар бойында шешендік дағдыларды қалыптастыру-осы ізге сәйкес білімінің де жүйелі, бірізді берілуін талап етеді. Сол жүйелілік оқытудың мазмұнын ғана емес, оқушыға қалыптастырылуы тиіс білік-дағдылардың да жүйелілігін қажет етеді.
ІІІ. Көрнекілік принципі. Мұнда шешендік сөз үлгілерінің сабақ үшін көрнекілік болып табылатыны да, тақырыпты терең меңгертуде қолданылатын басқа да көмекші көрнекіліктердің маңыздылығы танылады. Өзіміз қолданып жүрген сызбаларды, ұғымдар тізбегі, үнтаспалар, презентация, слайдтар пайдаланылады. Сонымен қатар сурет-бейнелер де ілінеді.
ІV.Дамыту принципі.Осы принципке сүйене отырып, өздігінен оқып, білгенін үздіксіз дамыту, үрдісіне оқушының шығармашылық тұрғыдан келуіне, шығармашылық қабілетін өздігінен дамытуға негізделеді.Өзіндік жұмыстарды оқытушының белгіленген жолымен орындауы барысында, оқушы жеке тұлға ретінде қалыптасады, қажетті мен керексізді өзінің түсінігіне сеніп іріктей алатын дағдыларды игереді.
V.Теорияның практикамен байланысты принципі. Бұл барлық оқу процесін ұйымдастырудағы басты мақсат. Алынған білім оқушының өмірлік қажетіне жарауы керек. Теория мен практиканың жемісі екндігін танытуда осы принципке негізделген. Мұнда шешендік өнердің мақсаты-адамға қарай бетбұрыс жасау екендігі, әсіресе түсіндіру жолдары танылады.Теориядан практикаға жүрудің белгілі кезеңдері бар.
1.Шешендік өнердің заңдылықтарын меңгеруге қажетті білік-дағдылардың мәнін, атауын, ғылыми негізін түйсінуі аса маңызды. Өйткені дәл осы сәт-оқушының зейінінің сабақ барысында шоғырланып тұрғанын көрсетеді.
- Оқушы алған ақпараты, білім мазмұны барысында ережелерге өзіндік көзқараспен қарап, соңы түйсіне өзінше ереже жасауға дағдылану керек.
3.Осындай үлгілерге еліктеу нәтижесінде қалыптасқан дағдыларын жаңа сатыға көтеру. Мұнда белгілі бір шешеннің сөзін орындау сәті, белгілі бір тақырыпқа байланысты шешендік сөз үлгісін даярлау сияқты сәттер орындалып, соның нәтижесі бағаланады.
- Арнайы ұйымдастырылған пікірталастарда, диспуттарда, кездесулерде сөз сөйлеу, қоғамдық-саяси, әлеуметтік мәселелерге байланысты баяндама жасау, қазақтың салт-дәстүріне байланысты түрлі шешендік сөз жасау (құттықтау, беташар, тұсау кесу, бата беру, т.б.).
- Ұсынылатын жаттығулар жүйесін орындауға өз бетімен толығынан баруы.Мұнда алынған білімінің бекітілуі. Мұндай кезеңнің соңы міндетті түрде оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруға, дамытуға бағытталуы тиіс.
Сондықтан да шешендік өнер сабақтарының әрбір топтық нәтижесі ретінде-шығармашылық жарыстар, кештер ұйымдастырылады.