Тарих. Тағзым. Тәуелсіздік: Зейнеп Ахметовамен тағылымды кездесу

Тарих. Тағзым. Тәуелсіздік: Зейнеп Ахметовамен тағылымды кездесу

28 ақпан 2025 жылы әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақтың даңқты батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай белгілі жазушы, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметовамен «Тарих. Тағзым. Тәуелсіздік» атты тағылымды кездесу өтті. Бұл шара қазақ халқының тарихына, руханиятына қызығушылық танытатын жандарды бір арнаға тоғыстырды.

Кездесу барысында Зейнеп Ахметова қазақ халқының батырлық жолы, Бауыржан Момышұлының өшпес мұрасы, ұлттық рух пен елдік мәселелері жөнінде құнды ойларымен бөлісті. Ол Бауыржан Момышұлының тек жауынгер ғана емес, сонымен қатар көреген тұлға, шешен әрі болашақ ұрпаққа өшпес мұра қалдырған дарабоз екенін ерекше атап өтті.

Шараға қатысушылар тарихи жадыны сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және рухани сабақтастық мәселелерін кеңінен талқылады. Бұл кездесу жастарға өткеннен тағылым алып, елдік пен бірлікті нығайтудың маңыздылығын түсіндірді.

Сонымен қатар, іс-шара халықаралық тұрақты даму мақсаттарының 16‑шы мақсаты – бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар қағидатына сай жүзеге асырылды. Бұл мақсат аясында, әділетті қоғам құру, халықтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері де маңызды орын алды.

Іс-шараны әл‑Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің, дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Байтенова Н.Ж., ф.ғ.к., профессор Борбасова К.М. және «Дінтану» мамандығының 1‑курс докторанты Алимханова А.А. ұйымдастырды.

Бұл тағылымды жиын – қазақ халқының өткеніне құрмет пен ел болашағына деген жауапкершілікті ұғынуға бастайтын маңызды қадам болды. Бауыржан Момышұлының ерлігі мен даналығы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ұлттық руханиятымыздың темірқазығы болып қала бермек.

https://farabi.university

Байтенова Н.Ж.

Борбасова К.М.

Алимханова А.А.

*Партнёрский материал