Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте

Нургазина Элизат Жоламановна

Учитель начальных классов

№38 школа-лицей, г. Семей

Өзектілігі: есімдері Семей қаласының көшелеріне берілген адамдардың кім екенін бірі білсе, бірі білмейді. Көшелерге ат беру, қоғамның әр саласын дамытуға сүбелі үлес қосқан, елін-жерін жаудан қорғауда еңбегі сіңген бабалар мен отаншыл, елжанды азаматтарды ел есінде мәңгі сақтау мақсатын көздейді. Сондықтан жас ұрпақтың олар туралы біліп өсуі парыз.

Жаңашылдығы: бастауыш сынып оқушыларының өз туған өлкесінің атақты тұлғалары туралы оқып біліп, тануға негізделеді. Бұдан оқушылардың өз өлкемді танысам, сырын білсем деген құштарлығы артады. Семей қаласының көшелерін жақсы білетін болады. Сонымен қатар, өз топырағымыздан нәр алған тарихи тұлғалардың өмірін олардың ел арасына тараған мұраларын жинақтауға, зерттеуге мүмкіндік туады.

Мақсаты: оқушыларға Семей қаласының көшелеріне есімдері берілген танымал тұлғалар туралы мағлұмат беру, оларды таныту. Оқушы зердесін және рухани дамуын арттыру.  Өз ой-өрісін ғылыми тұрғыда дамытып, тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру.  Деректер жинақтау арқылы ғылыми іскерлігін арттыру. Ізденгіштікке, зерттеушілікке, шығармашылыққа баулу. Атақты адамдардың игі істерінен өнеге алуға, еңбек пен ізденіске, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • өз өлкесінен шыққан танымал тұлғаларды таныту;
  • атақты адамдар туралы түрлі ақпарат көздерінен мағлұмат жинап, өзіндік ізденіс, зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі: жылына 34 сағат, аптасына 1 сағат, сабақ

ұзақтығы 40 мин

Дамытушылық сипаттағы сабақтың ұйымдастыру формасы: Баланың мүмкіндігін дамыту үшін оқу үрдісін әртүрлі жаңа технологияларды пайдаланып қызықты етіп ұйымдастыру қажет. Оқушы бұнда зерттеуші, белсенді мүше, шығармашыл болуы тиіс. Сондай-ақ, сабақтар өзіндік жұмыс ретінде жекелей, топпен орындауға құрылған.

Зерттеу әдіс-тәсілдері:

  • мұрағаттық жұмыстар жүргізу;
  • тақырып тұрғысынан, түрлі ақпарат көздерінен деректер жинау арқылы іздену, зерделеу, саралау, жүйелеу;
  • кездесу;
  • сұхбат;
  • реферат жазу;
  • альбом жасау;
  • Семей қаласындағы ескерткіштерге саяхат;
  • Семей көшелерінің планын сызу;
  • бірлескен жұмыс нәтижесі.

Күтілетін нәтижелер:

  • оқушылар өз өлкесінің атақты адамдары туралы: ақын-жазушылары, спортшылары, әнші-сазгерлері т.б. жайлы білетін болады;
  • оқушы рухани дамиды, ой-өрісі кеңейеді, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері жетіледі;
  • туған өлкесіне деген мақтаныш сезімі оянады, сүйіспеншілігі артады;
  • Ұлы тұлғалардың өнегелі істерінен тәрбие алады.

Түсінік хат

Өзіндік тарихы жоқ өлке болмайды. Адамзат алдында тұрған міндет – өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. «Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір ірі бұтағы, қомақты тармағы – халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық, елжандылық рухқа елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру» – деп айқын жол көрсеткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.  Осы мақсатта туған елінің, жерінің қадір-қасиетін ұғындырып, ерекшеліктерін дәріптеп, туған жер тұлғаларына деген құрметтерін арттыру үшін «Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» бағдарламасының орны ерекше. Бастауыш сыныптан бастап олардың санасына «Туған жер» деген ұғымды тереңірек сіңірсе, келешекте олардың арасынан ел жанды тұлғалар қалыптасыуна уақтылы үлес қосқанымыз. Өз өлкесінің танымал адамдарының өмірі жайлы білуі оқушының ой өрісін кеңейтеді.

Шығыстың қасиетті топырағы  Семей өңірі – қазақ халқының біртуар перзенті ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абайды дүниеге әкелген жер.  Атақты сөз зергерлері Шәкәрім мен Мұхтардың кіндік кескен жері. Жалпы Семей өңірі, қарт Ертістің бойы, Алтай мен Шыңғыстау сілемі талай батагөй билер мен ел қорғаған Қабанбай, Қ.Қайсенов, Т.Тоқтаров сынды батырларды, С.Аманжоловтай сұңғыла ғалымдар мен жезтаңдай шешендерді өмірге әкелген құтты мекен.

Бұл бағдарламада Семей көшелеріне есімдері берілген ақын-жазушылар, Ұлы Отан соғысының батырлары, халыққа пайдасы тиген адамдар туралы мағлұматтар беру, оларды оқушыларға таныту көзделеді. Олардың өмірбаяндары, атқарған игі істері жайлы айтылады. Әр тақырыпты өткенде атақты тұлғалар туралы  айтып қана қоймай, оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беруді, әр тұлға жайлы деректер жинап, өз бетінше ізденіп, зерттеушілік жұмыстар жасап жинақ кітапшасына салуды, реферат жазып, альбомдар жасауды ұсынамын.

«Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» бағдарламасы мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Семей өлкесінің ақын-жазушылары
  2. Ер есімі – ел есінде
  3. Қоғам және мемлекет қайраткерлері
  4. Ғылым, білімнің дамуына үлес қосқан тұлғалар
  5. Спорт шеберлері
  6. Әнші, сазгерлер
  7. Ізгілікті өмір

«Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» атты таңдау курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспары:

Р/с Тақырыбы Сағат саны Мерзімі
Семей өлкесінің ақын-жазушылары    
1 Халқымыздың Ұлы ақын-жазушылары 1  
2 Шөже Қаржаубайұлы 1  
3 Найманбаев Қалдарбек 1  
4 Өтепбаев Тоба 1  
  Ер есімі – ел есінде    
5 Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ батырлары 1  
6 Қаһарман – Қайрат Рысқұлбеков 1  
7 Кеңес Одағының батыры –Ибраев Айткеш 1  
8 Қазақтың қаһарман қызы – Байғожина Баян 1  
9 Ұлы Отан соғысының батыры – Зәкария Белібаев 1  
  Қоғам және мемлекет қайраткерлері    
10 Отаныңа пайдаң тисін 1  
11 Шәйжүнісов Жақия 1  
12 Жангелдин Әліби 1  
13 Тоқтабаев Кәрім 1  
14 Қабылбаев Шырақбек 1  
  Ғылым, білімнің дамуына үлес қосқан тұлғалар    
15 Зиялы қауым өкілдері 1  
16 Мұхамедханов Қайым 1  
17 Аманов Төлеубай 1  
18 Қозбағаров Алаш 1  
  Спорт шеберлері    
19 Семей өңірінен шыққан спортшылар 1  
20 Қосанов Ғұсман 1  
21 Құтжанов Марат 1  
22 Дәулет Тұрлыханов 1  
23 Сабуров Дәлелхан 1  
24 Беспаев Қабен 1  
  Әнші, сазгерлер    
25 Қазақтың әнші, сазгерлері 1  
26 Кәрменов Жәнібек 1  
27 Әміре Қашаубаев 1  
28 Дәстенов Жолан 1  
29 Болат Сыбанов 1  
30 Жамақаев Бекен 1  
  Ізгілікті өмір    
31 Әр түрлі маман иелері 1  
32 Беспаев Қабен 1  
33 Сабуров Дәлелхан 1  
34 Қайталау 1  
  34 сағат  

Қорытынды

Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы, әрі тиімді оқыту қажет. «Өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, өз өлкеміздегі Ұлы тұлғалар мен атақты адамдар жайлы білу біздің міндетіміз болу керек.

Ел өмірінің тікелей жалғастырушысы, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы осы жас ұрпақтар. Сондықтан оларға тарихи тұлғаларды танытсақ, өз көшелеріне берген есім қандай адам туралы екенін білдіртсек олардың ой-өрістері кеңейе түседі. Халықшылдық идея, елжандылық сезім жастардың жүрегінен терең орын алып, оларды белсенді іс-әрекетке тәрбиелейді. Туған елінің, жерінің қадір-қасиетін ұғынады, туған жер тұлғаларына деген құрметтері, мақтаныш сезімдері арта түседі. Тарихи тұлғалар жайлы деректер, мәліметтер іздеу арқылы оқушылар өздігінен жұмыс істей білуге, ойлауға, қосымша материалдарды іздестіріп, оларды орынды пайдалануға тәрбиеленеді.  Туған жерді, өлкені зерттеу, талдау, зерделеу мен өлкетану материалдарын пайдаланудың құндылығы зор. Өз туған жерінің тарихымен кітап арқылы ғана емес, тарихи ескерткіштерді өз көздерімен көріп, таныс болып, аты аңызға айналған адамдармен таныс болады.

Мұны дамытушылық сипаттағы сабақ бағдарламасы  – таным көкжиегін кеңейтер игі бастама. Жаңа инновациялық технологиямен қаруланған мұндай еңбектердің бастауыш сыныптарда кеңінен қолданысқа түсуі сабақтың тиімділігін арттырары анық.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. К. Нұрпейісов. Тарихи тұлғалар. – Алматы, 2007.
  2. М. Тілеужанов. Ел әдебиеті. – Алматы, 2001.
  3. «Семей таңы» газеті, 20017.-№4,№5,№6.
  4. Летопись Семипалатинских улиц Виктор Кашляк. 2000.
  5. Қазақ қысқаша энциклопедиясы. – Алматы, 1988. 2,3,4 -том