Сиқырлы алаңға саяхат
Азанбаева Камшат Ангамовна
Преподаватель английского языка
КГКП ясли-детский сад «Еркетай», Карагандинская область, город Каркаралинск
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Ағылшын тілі
Мақсаты: ағылышын тіліне қызығушылықтарын арттыру, жаңа сөздерді жаттап, бекіту, өткен тақырыптарды қайталау, бекіту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын, саяхатқа бару.
Қостілдік компонент: саяхат-путешествие-сәлеметсіз бе-здравствуйте-good morning , сау болыныз-до свидания- good bye.
Жаңа сөздер: magician, magic glade, mushroom, magic carpet.
Көрнекіліктер: бейне слайдтар.
Сабақ барысы:
Сәлематсындар ма, балалар! Сәлематсыздар ма, қонақтар! Балалар, бұгін бізге апайларымыз қонаққа келді, апайларымызбен ағылшын тілінде амандасайық:
– Good morning, good morning, good morning to you, good morning,good morning I’m glad to see you!!!
Қандай мағынаны білдіреді? – Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз!!!
– Балалар, ағылшын тілінде жақсы сөйлеу үшін ауызымызға не жасаймыз? – Жаттығу. –Дұрыс, жаттығу жасаймыз. Қазір мен таспаны қосамын, сендер сол таспадағы апайдан кейін қайталайсйындар? ОК?-
Таспа қосылады, диктор фонетиқалық жаттығу оқиды.- Жақсы, балалар, жаттығуды жақсы жасадыңдар.- Естеріңде ме, балалар, біз өткен сабақта біреуге хат жаздық қой, кімге? – Сиқыршыға.
Сиқыршы ағылшын тілінде қалай аталады?-мәджишн. Ал хатымызда не сұрадық сиқыршыдан?- Ғажайып аланға барғымыз келетіндігін білдірдік. –Ия, балалар, сол мәджишн ,яғни сиқыршы бізге жауап беріпті, өзі келеалмағандықтан бізге ұнтаспасын жіберіпті, мұқият тыңдайық: ғажайып өлен қойылады, сиқыршының дауысы: -Амансыңдар ма, балалар, мен сендердің хаттарыңды оқып, сендер ағылшын тілін үйреніп жұргендеріңе қуаныштымын, жарайсындар! Сендердің өтініштеріңді орындаймын, бірақ сендер алдымен менің сендерге жіберген суреттерді ағылшын тілінде атауларың керек.
Слайд : Жануарлар.
Сиқыршы: – Сиқырлы аланға барғанда менің тағы дайындаған тапсырмаларымды орындайсыңдар, жарайма? –Ия. Тапсырмаларымды сол жерден табасыңдар. Ал енді ұшуға дайынсыңдар ма? Сиқырлы кілемге тұрыңдар; ағылшынша санаңдар: one, two, three…. Close your eyes-Open your eyes!!!
-Very good, children , we are on magic glade-біз сиқырлы алаңдамыз!!! Енді сиқыршы тығып қойған тапсырмаларды тауып, орындайық!
Мұғалім конвертты алып оқиды:-Балалар жануарлардың суреттерін алып, менде қоян бар…:
– my name is… I have a rubbit…
Әр бала суретін атап, өз атын айтады.
Сергіту сәті:
Stand up, sit down
Stand up, hands up, hands down
Clap up, clap down, clap left, clap right
Look up, look down, look left, look right
Jump, jump, top,top,
Swim, swim,
Fly, fly
Sit down. Very good!!! Жарайсыңдар, балалар! Сендер біздің сиқыршыға ұнап отырсыңдар!!!
Сергіту сәті: Head and shoulders
Балалар, біздің сиқырлы алаңымызда әр-түрлі жапырақтар,саңырауқұлақтар бар. Қазір екі топқа бөлініп, біреуіміз саңырауқұлақтарды, біреуіміз жапырақтарды себеттерге жинаймыз!
Әуен ойнайды, балалар жинауға кіріседі.
Жинадық па? – Ия.
-Енді түр-түстерін атайық: what colors is it? – It is red…..
Енді балалар санайық кім қанша жинады: ағылшын тілінде: one, two, three…..
-Dear madgician do you like our lesson? – Сиқыршы , сізге біздің берген тапсырмаларды балалар дұрыс орындады ма? Сізге ұнады ма?
Сиқыршының дауысы:
– Ия, very good!!! Өте жақсы. Келесі жолы мен сендерді ҰлыБританияға сиқырлы кілеммен апарамын.Ол мемлекетте адамдар ағылшын тілінде сөйлеседі.
Ал енді мен сендерді бақшаларыңа апарайын, сиқырлы кілемге отырыңдар!!! Close your eyes!!! One, two, three… Сиқырлы әуен қойылады.
Қорытынды: Балалар, біз қайда бардық? – Балалардың жауабы.
– Ұнады ма сендерге? Немен бардық? Не қордік? Қандай тапсырмалар орындадық? Ағылшын тілінде қалай аталады?
Сендерге ұнады ма? Келесі жолы бізді сиқыршы қандай мемлекетке сиқырлы кілеммен апарамын деді? – Балалар, қараңдаршы сиқыршы бізге силық беріп жіберіпті.
Балалар, ағылшын тілі сабағы аяқталды. Рахмет, келесі кездескенше, апайлармен ағылшын тілінде сау бол дейік: – Bye, bye!!!
№1 тапсырма- Слайдтар.
№ 2 тапсырма- бір суретті алып, ағылшын тілінде менде бар –деп айту керек.
№ 3 тапсырма-Сергіту сәті- интерактивті тақтадағы балалардан қайталап, ән айтып, билеу. Слайд.
№4 тапсырма- Екі топқа бөлініп, саңырауқұлақтармен жапырақтарды себетке жинау керек. Қай топ тез жинайды екен?
№5 тасырма- олардың тұр-түстерін ағылшын тілінде атау керек.
№6 тапсырма- санамақ.