Бөдене жұмыртқасының емдік қасиеті

Сансызбаева Жанар Абылгазыкызы

Учитель биологии

Город Семей №4 СОШ

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030» атты жолдауында «Халқымыздың өсіп өркендеуі қауіпсіздігімен әл-ауқатының артуына , ең бірінші заманға сай білім оқытудың әдіс-тәсілдері қолданудың тиімділігін  арттырудың қажеттілігін айта келе, озық технологияларды игеруге мүмкіндіктер беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасау, табысты, білім алған еліміздің кез-келген азаматы, әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын  маман болатындай  деңгейге көтерілу болып табылады.»– деп атап көрсеткендей болашақ ұрпақ мектеп жасынан ғылымға жақын болу керек. [3]

Еліміз өркениетті мемлекет болу үшін халық денсаулығына ерекше назар аударумыз қажет. Ол үшін дұрыс тамақтану мен дұрыс демалу қажет екені баршамызға белгілі.  2012 жылғы  2 тоқсанда алдыңғы жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда тамақ өнімдерінің негiзгi топтары бойынша тұтыну процесінің өсуі байқалады: ет және ет өнімдері 27,8%-ға өскен.

КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды.КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды.  Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Осы суреттің  біздің жобамызға қандай қатысы бар деп ойлайсыздар?

Біздің халқымызға келтірілген орны толмас залалды әлі күнге дейін сезінудеміз. Мемлекет тарапынан жыл сайын осындай проблемаларға миллиардтаған қаржы бөлінеді. [2]

Ал біз бүгінгі зерттеу жұмысымызда осындай үлкен мәселенің қарапайым шешімін сіздерге ұсынғалы отырмыз.  Біз білетін шынашақтай ған құс -бөдененің еті мен жұ­мырт­­қалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Бөдененің жұмыртқасы экологиясы нашар аймақтарда тұратын адамдар үшін өте пайдалы екенін білдік.Мәселен, Жапониядағы Хиросима мен Нагасаки қалаларындағы жарылыстардан кейін ғалымдар бөдененің жұмыртқасы адам ағзасы үшін таптырмас ем деп тапқан. Ол адам денсаулығын қалыпқа келтіреді, ағзадағы улы заттарды шығарады екен. Жұмыртқа құрамында адам бойына керек дәрумендердің барлығы кездеседі. [1]

Ғылыми жобаның мақсаты:
Бөдене еті мен жұмыртқасының емдік қасиетін ашу, оның қандай ауруларға ем екендігінайта отырып, бөдене құсын өсіруге көңіл аударту.

Жұмыстың міндеттері:
1. Бөдене құсының тарихына зер салу.
2. Бөдене еті мен жұмыртқасының емдік қасиетін білу.
3. Адам ағзасына бөдене жұмыртқасының тигізер пайдасын түсіну.
4. Бөдене жұмыртқасы мен тауық жұмыртқасының айырмашылығы.

Зерттеу жұмысымыздың өзектілігі:
Бөдене жұмыртқасы адамның иммунитетін қалпына келтіруге көмектесіп, әртүрлі ауруларды емдеп қана қоймай, адам өмірін ұзартуғa тигізер пайдасы зор. Сондықтан да мен осы тақырыпты таңдадық.

Зерттеу нысаны:
Ғылыми жұмысымның зерттеу нысаны – бөдене жұмыртқасы.
Зерттеу әдістемесі:
Бөдене еті мен  жұмыртқасының адам өміріндегі пайдасын білу.
Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
Бөдене жұмыртқасының пайдасы мен емдік қасиетін адам ағзасына пайдалы екендігін айта отырып, ем ретінде қолдану.

І. Зерттеу мәселелерін теориялық талдау

І.1 Бөдене құсы туралы жалпы мағлұмат.

Тауықтәрізділер (лат. Galliformes) – құстардың бір отряды.

Қазба қалдықтары төменгі эоцен қабатынан белгілі. Жер шарында кең тараған, Антарктика мен кейбір Мұхит аралдарынан басқа жерлердің барлығында кездеседі. Қазіргі кезде 280-нен астам түрі бар, олар морфологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай 2 отряд тармағына: тауықтар (Gallі) және гоациндерге (Opіsthocomі) бөлінеді. Тауықтардың 6 тұқымдасы бар (қоқыс тауықтар/тауықтары, кракстар, құрлар, цесарлар, қырғауылдар және күркетауық). Қазақстанда тауықтәрізділердің 13 түрі мекендейді. Тауықтәрізділердің тұрқы 12 см-ден (ергежейлі бөдене) 235 см-ге дейін (айдарлы аргус), салмағы 45 г-нан (ергежейлі бөдене) 11,5 кг-ға (жабайы күркетауық, асыранды күркетауық – 22,5 кг) дейін жетеді. Қораздары мекиеніне қарағанда ірі. Кейбіреулерінде етті сырға, қасы, айдары болады. Тұмсығы қысқа, дөңес. Үстіңгі тұмсығының ұшы имек. Аяқтары күшті, кішкентай артқы саусағы бар, қораздарында тепкі (басқы) жақсы жетілген, топырақ қопсытуға бейім. Қанаттары қысқа, жалпақ, әдетте жерден тез көтерілуге ғана жарайды, ұзақ ұша алмайды. Қауырсыны тығыз, мамығы аз, көпшілік түрі отырықшы құс-тар. Полигамиялы, жылына 1 рет көбейеді, жерге ұялайды, (гоацин мен гокко ағашында), 3 – 26 жұмыртқа салады, мекиені 14 – 30 күн жұмыртқа басып, балапанына қамқорлық жасайды. Балапандары жұмыртқадан шыға сала мекиеніне еріп кетеді. тауықтәрізділердің қорегі – өсімдіктердің вегетативті бөлімдері, жемістері мен тұқымдары, кейде жәндіктер, құрттар. Көпшілік түрінің кәсіптік маңызы бар, әуесқойлық мақсатта ауланады. Банкив әтеші, цесарлар, күркетауықтар ертеден қолға үйретілген, көптеген түрі үй құстарының арғы тегі болып саналады. Тауыс және қырғауыл кейде қолда өсіріледі. Тауықтәрізділердің 26 түрі мен 11 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына”, алтай ұлары  , далалық  ергежейлі бөдене,Қазақстанның “Қызыл кітабына”енгізілген. [4]

Бөдене – тауықтәрізділер отряды, қырғауыл тұқымдастарына жататын құс. Қазақстанда шөл дала мен биіктігі үш мың метрден асатын биік таулардан басқа жерлердің бәрінде ұялайды. Бірқатары республикамыздың қиыр солтүстігінде қыстап та қалады. Дене тұрқы 20см-дей, салмағы 80-150 грамм шамасында. Ақшыл жолақты кішкене сұр құс. Мекиенінің тамағы ақ, жемсауы мен көкірегі теңбіл болады. Бөдене жыл құсы, соның ішінде түнде қоныс аударатын жалғыз бір түрі. Бөдене ұялайтын жеріне көктемде ұшып келеді де, қыстау үшін Оңтүстік Азия мен Африкаға ұшып кетеді. Далада, шабындықта, егістікте жерді шұңқырлап, құрғақ шөп төсейді де, жетіден жиырмаға дейін шұбар жұмыртқа салады, оны мекиені он бестен он жеті күнге дейін басады. Бөдене өсімдік тұқымымен және өркенімен кейде жәндіктермен қоректенеді.Әуесқой аңшылық мақсатта көп ауланады, сондай-ақ үйде де ұстайды. [2]

Әр жыл сайын аң- құс аулау маусымы тамыздың аяғы, қыркүйектің басында ашылады. Туған жердің төсі қасапханаға айналатын осы кезеңде, осы бір қаралы маусымда аңшы мылтығының қарауылына ілінетін құс — бөдене. Ең бірінші бөдене атуға рұқсат беріледі. Қырсаң бөденені қыр, өлтірсең бөденені өлтір. Себебі, ол құстың бәрінен бұрын есейеді, бәрінен бұрын жылы жаққа қайтады. Басқа айып- күнәсі жоқ. «Оларды күзде жылы жаққа қайтады дегеннен гөрі қатерлі жол, қауіпті сапарға аттанады деген жөн. Қауіп төндіретін адам. Бұл маусымда Жерорта теңізі жағасын һәм құрттай құжынаған аралдарды мекендеген елдің бәрі бөдене аулауға шығады. Тор құрады, тұзақ тастайды, желім жағады, тіпті болмаса таяқпен ұрып өлтіреді. Ғайыптан тайып аман- есен ұшып шыққандары қала берді жолай ұшы- қиыры жоқ ұлан судың үстімен ұшқанда қанаты талып толқынға құлайтынын ойласаң, осы күнге дейін бұл құстың тұқымы қалай құрып кетпегеніне таңқаласың»- деп жазады атақ ты Альфред Брэм өзінің «Хайуанаттар өмірі» кітабында. Және бір мәтел «бөдененің үйі жоқ- қайда барса бытпылдық» дейді. Олай емес. Бөдене ұясы, ұшар, қонар мекені бар бауырмал құс. 20-30 жұмыртқаны топырлатып бір- ақ туатын мекиені болашақ  ұрпағының қамымен басын қатерге тігіп, ұясынам не қауіп төнсе де алысқа ұзамайды, күн- түн демей жұмыртқасын шауқаумен болады. Сол тынымсыздығының,  бейнеткештілігінің арқасында 15-16 күнде жұмыртқа жарып, балапан шығарады. Бір жылда қолда бағылған әр мекиен 300- 320 жұмыртқа табады екен. Бұдан өсімтал тағы қандай құсты білесіз?

«Бөдененің үйі жоқ»  деген сөз,  оның  ұясын көлденең көзге көрінбейтін қуыс- қалтарысқа жасырып салатын тапқырлығына , жем іздейтін өрісінің кеңдігіне қарай айтылса керек. Ол өзі — өте мейірімді құс. Сырдың төменгі сағасындағы шаруашылықтардың қай- қайсысы да күрішті ауыспалы егіс айналымына салудың бір жолы ретінде және мал азығы ретінде жоңышқа ешеді. Түркістан маңының қазақтары жоңышқаны беде дейді. Осы елде бөдене деген атаудың өзі  осы бедеде жүретін құс деген жорамал бар. Бәлкім, рас болар. Беде- түркі сөзі. Жоңышқа деген атау парсы тілінен енген.

Жаз ортасында әр танапта он- он бестен, кейде жиырмадан балапан ерткен мекиендер шұбырып жүреді екен. Бірде сондай ана бөдененің бірі шөп шабатын трактордың шалғысына түсіп мерт болғанын ауыл адамдары көреді. Қылпылдаған өткір орақ қақ бөліп тастаған байғұс мекиен тым- тырақай қашып бара жатқан балапандарына қарай ұмтылады. Ең болмаса қанаттанбай жетім қалған сарыауыз балапандардың халі аянышты- ақ еді. Ит- құсқа жем болатынын ойласаң жүрегің ауырады.

Адамдар сол шөжелерді екі- үш күннен кейін  тағы көреді. Көрші атызда балапан өргізген ана бөдене бейшараларды қанатының астына алыпты, қаннен- қаперсіз жүр. Кіп- кішкентай құстың осындай мейірімділігіне таң қаласың. [5]

І.2 Бөдененің сайрауы.

Біздің қазақ бытпылдық  дейтін осы әнді тыңдау — Шығыс халықтарының көбі үшін зор ғанибет. Әдетте, бір үйде екі бөдене ұстайды. Асқабақтың мойнын кесіп, бетіне шәйі орамал жабады.

Қолға түскен күндері бөдене өте ұрыншақ болады. Кейбір тәжірибесіз аңшылар таза ауамен демалып, еркін тыныстап тұрсын деп беті ашық жәшікке немесе себетке салып қояды. Бұл- дұрыс емес. Тордан босанамын деп далаға ұмтылған бөденен жарға соғылып, қанатын сындырады, мертігеді, құлап, қансырап өліп қалуы мүмкін. Асқа баққа қамап, бетін матамен бүркеп, қараңғыда ұстайтын себебі сол. Қабақтың қапталынан кішкене тесік тесіп, аузына су толы құмыраша іліп қояды. Шәйі орамалдың астындағы қабақтың біреуінде қораз, екіншісінде мекиен. Аралары алшақ. Таң ата қоразы сайрай бастағанда мекиені еркелей мойнын созады. Осылай таңғы романс басталады. Мұндайда деміңді ішіңе тартып, тыныш қана отырып тыңдаған — рахат. Бұл екі құстың неге «Фархад пен Шырын» деп атайтынын үнсіз ұғасың. Қосыла алмаған қос ғашықтың зары осындай болар.
Бөденені кәдімгі тоты құс ұстайтын клеткаларда асырауға да болады. Оған бөдененің 4 мекиені мен 1 қоразы сиып кетеді. Тек жұмыртқа ғана керек болса, қораздың орнына мекиенін қоюға болады. Сонда күніне 5 жұмыртқа сөреңізде тұрады. Ал үйді өзгеше бір иіс баспас үшін, тор клеткасының еденіне ағаш үгіндісін төсеп, оны аптасына бір рет ауыстырып тұру керек. Бөдененің мекиендері қандай жарыққа да төзімді. Бөдененің жапондық (жұмыртқа басуға бейімделген), фараондар (ет бағытындағы) және маньчжуриялық алтын түсті бірнеше түрі болады. Мұның ішінде күтіп ұстауға маньчжуриялық алтын түстісі ыңғайлы. Бұл кең тараған жапондық түрінен ірірек болып келеді және де жұмыртқа басуы жөнінде де одан қалыспайды. Бір жылда 300, тіпті одан да көп жұмыртқа басып шығарады. [4]

І.3 Бөдененің ерекшеліктері

Бөдене денесінің 40 градустық температурасы құс ағзасында ауру тудыратын микробтардың көзін жойып жіберуге септігін тигізеді, содан да олар сальманеллезбен де ауырмайды.

Бөдене жұмыртқасы өте бағалы диеталық өнім. Күніне 4-5 жұмыртқа жеп отырсаңыз бұлшық ет жүйесі мен сүйектер қатаяды, қан қысымы төмендейді, жүрек, бүйрек, өкпе, асқазан ауруларын емдеуге көмектеседі, ағзадағы тұздарды шығарады. Ол көптеген ауруларға ем. Бөдене жұмыртқасына, етіне сұраныс көп.

Құстардың жоғары өнім беретін түрлерін өсіру, ауыл шаруашылығы ғылыми бағдарламасының бір арнасы құс өнімдерін денсаулықты нығайтуға қарай бағыттау. Соның бірі- бөдене құсын өсіру және оның емдік қасиетіне бай жұмыртқасын өндіруді молайту болып отыр.
Бөдене-киелі құс. Ол өзін асырап-баққан адамның шаңырағына бақыт, байлық, ырыс-береке және денсаулық әкеледі деген ұғым бар. Олар аса шікәмшіл құс. Себебі оларға жиі көз тиеді. Өзбек ағайындар тордағы бөдененің бетін бүркеп ұстайтыны да сондықтан. Бөдене көптеген үй құстары сияқты құнды диеталық ет пен жұмыртқаның қайнар көзі болып табылады.Қазақстанда кең тараған Жапон сұр бөденесін ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап АҚШ-та лабораториялық жануар ретінде пайдалана бастады және «Аполлон» бағдарламасы бойынша, космостық зерттеу жүргізуге қатыстырылды.Қарап отырсақ, бөдене өсірудің түк қиындығы жоқ көрінеді. Бөдене жұмыртқасынан 37,8 градус жылылықта 17 күн ішінде балапан өріп шығады. Бұл балапандар 45 күннен кейін әр 16 сағат сайын жұмыртқалайды. Бір жұмыртқаның қара базардағы құны 25-30 теңгеден. Айтпақшы, бұдан бөлек етін де іске асырасыз. Бір жылдан кейін жұмыртқалауы сирейтіндіктен, сойып, етін кәдеге жаратқан жөн. Етінің дәмділігі мен емдік қасиетінің ерекшеліктері қарапайым  халық біле бермейді. [1]

І.4 Бөдене жұмыртқасы

Бөдене жұмыртқасының адам ағзасына тигізер пайдасы зор. Ол кішкентай болғанымен дәруменге өте бай болып келеді. Жұғымды, бойында амин қышқылы мен микроэлементтер көп. Асқазан мен ішектің жұмысын жақсартатын қасиеттері бар. Жүректің жұмысын қалыптастырады. Адам ағзасындағы артық темір мен радионикулеттерді шығарып, иммунитетті күшейтеді.
Биологиялық құндылығы жөнінен бөдене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқаларын басып озады. Тауық жұмыртқасының салмағы 1,700 гр болса, бөдененің жұмыртқасының салмағы 0,485грамм. Бөдененің 5 жұмыртқасы тауықтың 1 жұмыртқасының салмағымен тең болса, оның құрамындағы калий мен фосфор тауық жұмыртқасынан 5 есе көп, ал темір 4,5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп. Бөдене жұмыртқасының ұзындығы 3см 4мм, ал ені 2см. Олардың құрамындағы кальций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан әлдеқайда жоғары. Құрамы осындай азықпен жүйелі қоректенген адамның әртүрлі ауру-сырқауға қарсы тұрар дәрмені артып, жүрек қан тамырлар жүйесі мен ас қорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады.
Бөдене жұмыртқасы медицина саласында — демікпе, созылмалы өкпе ауруын, туберкулезді, созылмалы гастрит, асқазан ауруын, өт іріктелетін қалта ауруы мен өт жолдарын, жүрек-қан тамырларының жетіспеушілігін, бронхит, қан аздық, сәуле ауруларын емдеуде қолданылады. Табиғатта ешқашан бөдене жұмыртқалары бұзылмайды, себебі оларда микрофлораның дамуына кедергі болатын аса құнды амин қышқылы – лизоцим бар. Тағы бір дәлелденгені, бөдене жұмыртқасы тауық жұмыртқасына қарағанда микробтардан таза келеді. Бұл бөдене жұмыртқасы мареке ауруына қарсы тауықтарға арналған вакцинаның 230-250 мөлшерін алады. Бұл құстардың эмбриондарын қызылша, паратиф-қылау, тұмау ауруларына вакцина дайындау үшін пайдаланады. Бөдене құсының басқа құстардың дене температурасына қарағанда 2 градус жоғары. Сондықтан да, үй бөденесі күйзеліске, токсикалық заттардың әсеріне және жұқпалы ауруға төзімді. Бөдене жұмыртқалары витаминдерге өте бай. [3]

Бөдене жұмыртқасын жүйелі пайдалану ағзаның әртүрлі ауруларға, оның ішінде туберкулезге қарсы күресуін жоғарлатады. Оларды шикі күйінде пайдалану Чернобыль апатынан сәулелі ауруға ұшыраған балаларға көмектескен. Олар өздерін жақсы сезіне бастаған, мұрындарының қанауы, бас айналулары тоқтап, қандағы гемоглабиндері көбейген.

І.6 Бөдене жұмыртқасының тауық жұмыртқасынан айырмашылықтары

Бөденелердің жұмыртқасында басқа құстарға қарағанда белок көп. Егер тауық жұмыртқасында белок орташа 5,6 пайыз болса, бөденелерде 6 пайыз. Сарыуыздың үлесі тауық жұмыртқасының сарыуызы сияқты 32 пайызға жуық. Бөденеде қауыз жұмыртқа салмағының 7 пайызын құрайды, тауықтарда 10 пайыздан асады. Бөдене қауызы жұқа болғанымен оның өте тығыз қауыз асты қабықшасы бар.
Қазіргі кезде халықтың көбі аллергиямен ауырады, ол балаларда 80 пайызды құрайды. Өздерін денсаулығы мықты, қуатты болғысы келген адамдар бөдене жұмыртқасын үнемі пайдалану керек. Бөдене жұмыртқасы

Бұл кішкентай қоңыр дақтары бар ақ түсті кішкентай түйіршіктер. Жұмыртқа орташа салмағы 13 грамм. Раковиналар өте жұқа, сығымдаудың ең төменгі жағында. [5]

Ақуыз

Бөдене жұмыртқаларын қарастырғанда: олардың ақуызы маңызды амин қышқылдары мен ақуыздың төмен калориялы көзі болып табылады. Сонымен қатар, интерферонның жоғары құрамымен ерекшеленеді. Бұл зат қабыну процестерін болдырмайды, сондай-ақ жараларды жылдам емдеуге көмектеседі.

Жолақ

Онда витаминдер көп, олардың арасында А, В 1, В 2. Сонымен қатар, орталық бөлігінде ашық қызғылт түсті көлеңке беретін каротин көп. Бұл мидың жұмысына оң әсер етеді. Бір жұмыртқада басқа өнімдермен салыстырылмайтын концентрацияда көптеген пайдалы заттар бар.

Бос асқазанда бөдене жұмыртқалары: қолданыңыз

Кішкентай мөлшеріне қарамастан, бөдененің жұмыртқасы тауыққа қарағанда өте бағалы өнім болып табылады. Оларды пайдалану жиі жете бағаланбайды.

Бөдене жұмыртқасы  белок құрамында тауықтан асып кетеді. Олар бірнеше рет минералдар мен витаминдерден тұрады. Бұл өнім сонымен қатар амин қышқылымен өте қаныққан. Егер бос асқазанға бөдене жұмыртқаларын қолдануға болатындығымыз туралы айтатын болсақ, жоғарыда аталған барлық заттар ағзаға шамамен 100% жұтып қойғанын атап өту керек.

Тауық жұмыртқасына тән пайдалы қасиеттер мен қасиеттер бөдене жатқызылуы мүмкін, бірақ соңғы кезде бұл сипаттамалар бірнеше есе күшейеді. Төменде біз нені нақты айтатын болсақ пайдалы қасиеттері  олар бөдене жұмыртқаларын, оларды қалай қабылдауға және қандай аурулардан тұрады.

Бұл өнім адамның дене күшіне ие болғаннан кейін тамақтануы керек, өйткені ол адамның күш-қуатын қалпына келтіру үшін үлкен энергия құнына ие.

Балаларға арналған бөдене жұмыртқасы

Егер емізетін аналар осы өнімді диетада қолданса, бұл сүттің көлемін арттыруға әкеледі.

Жұмыртқа екі жасынан бастап нәрестелерге берілуі мүмкін, себебі олар аллергиялық реакцияларды туындата алмайды. Өнімді пайдаланудың арқасында иммунитетті арттырады, сондай-ақ қалыпты дене және ақыл-ой дамуына кепілдік беріледі.

Ашық асқазанға шикі бөпенің жұмыртқасын тамақтандыратын балалар белсенділікке ие болады, оларда бәрі үшін жеткілікті қуат бар: спортпен шұғылдануға және оқуға бару. Сонымен қатар, каротиннің жоғары құрамдылығы көрнекілік сезімін жақсартады. Сонымен қатар, егер бала күніне кем дегенде екі жұмыртқа жесе, тыныс жолдарының жұқпалы ауруы инфекциясының қаупі 5 есе дерлік төмендейді. [5]

І.7. Бөдененің жұмыртқасының зақымдануы

Бұзылған өнімдерді, сондай-ақ, өткен сақтау мерзімін пайдаланғанда зиян келтіруі мүмкін. Көлік кезінде зақым пайда болуы мүмкін. Сондықтан сатып алудан бұрын сақтау мерзімін бағалау қажет. Сонымен қатар, буманы ашып, бөдене жұмыртқасын тексеріңіз. Оларды қалай қабылдауға болады, төменде үйренеміз. Енді олар қандай болуы керек екенін айтайық. Шкафтарда кемшіліктер мен сызаттар болмауы керек. Қолыңыздағы жұмыртқаны алыңыз. Егер ол тым жеңіл болса, онда ол ескірген.

Калория мазмұны

Бұл өте қоректік өнім. Осылайша, 100 грамм 12% май, 13,1% белок және 168 ккал құрайды. Салыстырмалы түрде жоғары калориялы мазмұнмен, олар әртүрлі диеталармен өте танымал, өйткені бірнеше жұмыртқа жеп, калорияларды анықтау мүмкін емес, бірақ сіз витаминдер мен қоректік заттарды алуға болады.

Олар:

—  бас ауруларын, мигреньді емдеу үшін;

—  хирургиялық операциядан кейін денені қалпына келтіру кезінде, созылмалы ауру, әлсіз иммунитеті бар;

— ішек пен асқазан ауруларын емдеу үшін;

— тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларын емдеу үшін, бронхит, пневмония;

— ауыр қан жоғалтудан кейін, анемиямен;

— ұйқы безі, қант диабеті ауруларын емдеу үшін;

— бронх демікпесі мен туберкулезді емдеу үшін;

— дистрофиямен;

— жыныстық функцияларды бұза отырып;

— катарактарды, глаукоманы емдеуге арналған.

Бауырдың емдеуі өте таралған. 20 күн ішінде күніне 5 шикі жұмыртқаны ішу керек. Содан кейін сіз 15 күн үзіліс жасап, курсты қайталаңыз. Бауыр цисттарының бұл емдеуі керемет тиімді деп саналады. [3]

Сондай-ақ асқазан үшін бос асқазанға бөдене жұмыртқаларын пайдаланыңыз. Дуаденальды жара мен асқазан ішу кезінде әрбір таңертең бос асқазанға үш асқазан ішу керек. 2 аптадан кейін әл-ауқаттылықтың жақсаруы байқалады, бірақ асқазанның емделуін табысты ету үшін 4 айлық курсты сақтау керек.

Ерлер мен әйелдерге арналған артықшылықтар.Олар көбінесе дәстүрлі емдеу әдістерін ауыстырады. Дәрігерлер көптеген аурулар үшін пайдалы екенін мойындайды. Бұл өнім иммуностимуляциялау әсері бар, тіпті радиациялық ауру кезінде тиімді. Ақуыздар, фолий қышқылы және олардағы майлар әйелдің денсаулығына, әсіресе жүктілік кезінде оң әсер етуі мүмкін. Жұмыртқалар баланы тасымалдау процесін жеңілдетеді, жүктілік қаупін азайтады, токсикозды жұмсартады. Сонымен қатар, бос асқазанға бөдене жұмыртқасын қолдансаңыз, ол салмақ жоғалуына ықпал етеді, сондықтан оның фигурасы үшін оның пайдасын атап өту керек. Егер бөртпе жұмыртқалары тұрақты болса, онда тырнақтардың, тері мен шаштың күйі жақсарады. Бұдан басқа, әртүрлі косметикалық масканы дайындау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Бос асқазандағы баяу жұмыртқасы да ерлердің денсаулығына жағымды әсер етеді. Бастапқыда олар жыныстық функцияны ынталандырады және күшейтеді. Және олардың тұрақты пайдалануы төменгі холестеринді білдіреді. Бұл зат ауырсыну, тамырлық және жүрек ауруларының төмендеуі сияқты көптеген аурулардың кінәлі деп саналады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, көптеген жастар әлсіз құрылыс мәселесінде кездеседі. Пенис атеросклерозы кінәлі деп саналады — бұл холестерин мөлшерінің артуы, сондай-ақ қан тамырларының бітелуі. Жұмыртқалар бұл мәселені сәтті шешіп, қуатты арттырады. Сонымен қатар, осы өнімнің диетадағы болуы эякуляцияның ұлғаюын қамтамасыз етеді.

Жұмыртқалардың артықшылығын сезіну үшін, оларды шикі ішуге болады — күніне 2-3, тамақтану алдында. Қыздырудың аз болуы мүмкін, бірақ жоғары температура кезінде барлық витаминдер жойылғандығын есте сақтау қажет.

Қант диабеті үшін бос асқазанда бөдене жұмыртқалары

Бұл шын мәнінде бірегей өнім. Көптеген аминоқышқылдар, витаминдер және басқа заттардың арқасында бұл өте пайдалы. Бүгінгі таңда қант диабетіндегі олардың тиімділігін, сондай-ақ оның асқынуын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.

Бөдене жұмыртқасымен емделуді әлем мойындады. Көптеген ауруларға ем немесе аурудың ауыр кезеңін жайлап жүргізеді. Әсіресе бөдене жұмыртқасы мына ауруларды емдейді: созылмалы холецистит, бронхиялды астма, жүрек ауруы, жүйке ауруын. Бөдене жұмыртқасы аллергия бермейді, керісінше оны емдейді. Бөдене жұмыртқасында холестерин жоқ, сондықтан онымен қанды тазалайды, қан қысымын ретке келтіреді, гемоглавинді көтереді. Бөдене жұмыртқасы жүрекке және операциядан кейін ағзаны қалпына келтіреді.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, бөдене еті мен жұмыртқасы стресті қалпына келтіреді. Олар ағзадағы тұзды шығарады, май басудан сақтайды, ұмытшақтықтан қорғайды. [4]

Бөдене жұмыртқасы әсіресе балаларға өте пайдалы. Бала күніне 2 жұмыртқа жеп отырса есте сақтау қабілеті дамиды, жүйке-жүйесі мықты болады, көз көру қабілеті жақсарады, жақсы өсіп, аз ауырады. Баланың денесін шынықтырып қана қоймай ақыл есінің дамуына әсер етеді. Бөдене жұмыртқасы тауық жұмыртқасына қарағанда тез піседі және піскен жұмыртқасы шыр айналып кетеді.Жапония мен Қытайда бірнеше ғасырдан бері бөдене еті мен жұмыртқасы халық медицинасында керемет бағаланады. Тіпті Жапонияда мектеп оқушыларының таңертеңгі ас мәзіріне екі жұмыртқа міндетті түрде енгізіледі екен. Жапондық оқушылардың сабақтың алдында 2 жұмыртқадан жейтіні бекер емес қой. Бөдене жұмыртқасы сонымен қатар бауыр, бүйректі, сары ауруды емдейді. Бөдене жұмыртқасындағы амин қышқылының әсерінен бүйректегі тасты, бауырды, сары ауруды емдейді.

Бөдене жұмыртқасын тек ем ретінде ғана пайдаланып қоймай, оны косметикада да қолданады. Әр түрлі маскалар жасау үшін, тырнаққа арналған лактерге, кремдерге, көз қабағына жағатын тендерге қолданады. Оның жұмыртқасының құрамына кіретін тирозин амин қышқылы косметика саласында ең қажет өнім болып саналады. Оның адам бетінің түсін жақсартуда зор пайдасы бар. 250 бөденеден күніне 250 жұмыртқа алады екен.1бөдене күніне 30 грамм жем жейді. Сонда 1 күнде 250 бөдене 7,500 кг жем жесе, онда 1 айға 5 қапшыққа жақын жем желінеді екен. Қазіргі кездегі бөдене жұмыртқасының бағасы 22 теңге екен. Күніне 250 жұмыртқа, айына 7500 жұмыртқаны тапсырысқа берсе, онда 1айда 165000 теңге түсіреді. Одан 1 қапшығы 1500 теңгеден 5 қапшық жемге кеткен 7500 теңгені шигеріп тастасақ, 157500 теңге пайда көруге болатынын анықтадық.        

І.8. Емдік рецептер.

 А) Бөдене жұмыртқасы өте құнды азық болып есептеледі. Балалар мен ересектерге диеталық тағам ретінде ұсынылады.
Бөдене сальмонелез ауруымен, құс аруымен ауырмайды, сондықтан оны шикілей ішуге болады.

Ә)Күнделікті балалар мен ересектерге қанша жұмыртқа ішу керек. Таңертеңгі астан 30 минут бұрын сумен немее шырынмен ішу керек.
Емді үзіліссіз күнде 3-4 ай қабылдау керек. 2 аптадан кейін нәтижесі біліне бастайды. Егерде шикілей іше алмаса, оны шикілей ботқаға, картоп езбесіне, сорпаға құйып ішуге болады.

Б) Жоғары температураны емдеу үшін 100 мл. суға 5 шикі жұмыртқаны қосып, оған 1 ас қасық қант араластырып ішу керек. Таңертең температура қалыпты болады.
В) Буын, тұз жиналу, ревматизм, құлап қалғанда 4-5 шикі жұмыртқаны стаканға салып, үстіне сірке эссенциесін құйып екі күнге қойып қояды. Содан кейін 100 грамм тұзсыз сары май қосып маз жасайды. Ауырған жерді осы мазбен сылайды.
Г) Балалардағы диатез ауруы кезінде лимонды жуып кесіп, дәнінен ажыратады. Жұмыртқаның қабығын кептіреді, парошокке айналдырады. Осы парошокты лимонға қосып, күніне бірнеше рет баланы тамақтандыру керек.
Д) Шаштың жылтырағанын қалпына келтіру үшін, 5-6 бөдене жұмыртқасын 1 кесе зығыр майға қосып, 1 шай қасық бал қосады. Пайда болған қоймалжыңмен шашты майлайды, тарақтың көмегімен бірдей етіп жағады. 3 сағаттан кейін шаш жұмсақ және жылтырап тұрады. [2]

Экологиясы нашар аймақтың тұрғындары үшін бөдененің жұмыртқасы өте пайдалы екен. Бөдене туралы еліміздегі алғашқы ғылыми зерттеу жұмысының авторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің PhD докторанты Мұхтар Байбатшановтың айтуынша, Чернобыль апатынан кейін ғалымдар апат аймағында радиациядан жапа шеккен балаларды бір орталыққа жинап, тәжірибе жүргізеді. Бір топтың балаларына бір ай бойына бөдененің жұмыртқасын шикілей ішкізсе, екінші топтағы балаларға жұмыртқа бермейді. Бір айдан соң жұмыртқа ішкен балалардың ағзасын тексергенде ғалымдар бөдене жұмыртқасы радиацияны ыдырататынын анықтаған. Мұрындарының қанауы, бас айналулары тоқтап, қандағы гемоглабиндері көбейген. Осыдан кейін көпшілік бөдене жұмыртқасын жаппай тұтына бастады. [1]

Ғалым: «Біздер бөдене жұмыртқасына тәжірибе жүргіз­генімізде, оның дәрумендік құрамы тауық жұмыртқасына қарағанда 3-4 есе жоғары екеніне көз жеткіздік», – деп сенімді түрде айтып отыр. Ал мұны жапондар біліп қана қоймай, ұлт денсаулығын жақсартуға қолданғанын айтады. Тіпті, мектеп жасындағы балаларға күніне екі бөдене жұмыртқасы тегін  таратылып беріледі.

«Кезінде АҚШ Жапонияға атом бомбасын тастап, үлкен экологиялық апатқа ұшыратқаннан кейін, жапондықтар бөдененің адам бойындағы радиацияны ыдырататынын біліп, міндетті тамақ рационына енгізген. Сол кезде әрбір жапон баласы таңертең міндетті түрде бөдене жұмыртқасын шикідей ішетін болған. Осының арқасында жапон халқы денсаулығын түзеп, ойлау қабілетін дамытты. Бүгінде жоғары деңгейде дамыған мемлекеттердің көшін бас­тап келеді. Бөдене жапон халқын құтқа­рып қалды десек те болады», – дейді Мұхтар Байбатшанов ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында. [5]

 

ІІ Экспериментальді ( практикалық бөлім) зерттеу

ІІ.1 Зерттеу жүргізілген жер

Семей — Шығыс Қазақстан облысының батыс өңіріндегі екінші орындағы ірі қала болып табылады. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы метр. Өңір климаты ерекше географиялық орналасуымен ерекшеленеді, құрылықта, мұхиттардан барынша алыс орналасқан. Аумақ арктикалық бассейнге ашылған, бірақ Азияның ең биік тау шыңдары оны Үнді мұхитының әсерінен оқшау қалдырған. Климатының шұғыл континентальдылығы жылдық және тәуліктік температуралардың жоғары амплитудасы салдарынан болып отыр. Қыста -45 – қа, жазда +45 –қа дейін жетеді. Құстардың 349 түрі кездеседі. Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының Красный кардон елді мекенінде бөдене өсірумен айналысатын Семей салют орталығы

ІІ.2. Адамдар арасында сауалнама

  1. Бөдене құсы туралы білесіз бе?
  2. Жұмыртқасын пайдаланасыз ба?
  3. Қаншалықты жиі пайдаланасыз?
  4. Бөдененің еті мен жұмыртқасының пайдасы туралы не білесіз?
  5. Егер кәсіпкер болсаңыз бөдене шаруашылығымен айналысар ма едіңіз?

Сауалнамаға 10 адам қатысты

Сұрақтар иә жоқ Жауап бермеймін
1 Бөдене құсы туралы білесіз бе?

 

5 4 1
2 Жұмыртқасын пайдаланасыз ба?

 

7 3  
3 Қаншалықты жиі пайдаланасыз?

 

2 жиі

5 көпшілік орындарда

3  
4 Бөдененің еті мен жұмыртқасының пайдасы туралы білесіз бе? 8 2  
5 Егер кәсіпкер болсаңыз бөдене шаруашылығымен айналысар ма едіңіз? 3 6 1

Қорытынды.

Бөдене жұмыртқасы мен еті адам ағзасына берер пайдасы мол екені бұрыннан-ақ белгілі. Оны пайдалану Ежелгі Үнді жерінде бастау алған деген дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін бөдене жұмыртқаларын пайдаланған. Ал, ер азаматтар жорыққа немесе шайқасқа шықпас бұрын, жұмыртқамен тамақтанған. Сонымен қатар өз жарақаттарын жұмыртқа басу арқылы жазған екен.[2]

Кейбір елдерде жаңа туған сәбилерге бөднен жұмыртқасын ішкізеді. Жапониядағы 1945 жылғы Нагасаки, Хиросима трагедияларынан кейін бұл мемлекет бөдененің жұмыртқасын балаларға ішкізуді міндеттеген 12 заң қабылдапты. Негізі оны емге шикілей ішеді. Оның жұмыртқаларын балалар бақшасына, мектеп асханасына, балалар үйіне, қарттар үйіне қажет-ақ. Оның етін де емге пайдаланатындар қазіргі кезде көптеп кездеседі. Сондықтан бұл құстың етіне де, жұмыртқасына да сұраныс жоғары.

Ал Қазақстанда бөдене шаруашылығы қарқынды дамыса қазақстанның болашағы  келешек денсаулығы мықты,  өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің қолында деп есептейміз.

Жалпы, мен бұл ғылыми жұмыста бөдене жұмыртқасының адам ағзасына тигізер пайдасын және емдік қасиеттерінің мол екенін білдім. Көптеген емдік және ас мәзіріне арналған рецептерді жинақтадық.

Ұсыныс.
1. Балалардың күнделікті ас мәзіріне 1-2 бөдене жұмыртқасын қосу.

2. Бөдене жұмыртқасының емдік қасиеттері (рецептері) кітапша болып басылса.

3. Отандық кәсіпкерлерге бөдене өсіру ісімен айналысу үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе

4. Жерлестеріме бөденені үй жағдайында асырауды ұсынамын.

Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Нысанбаев Ә. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. Алматы «Қазақ энциклопедиясы» 1998

2. Пигарева М.Д. «Разведение перепелов», 1979

3. Снегов А «Все о перепелах. Лучшие породы». Изд.АСТ, 2014
4. Серебряков А.А. «Перепела: содержание, кормление, разведение». 2012
5. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 — 1028 б. ISBN 9965-08-286-3