Қысқа мерзімді сабақ жоспары Медеу Сәрсеке «Жетінші толқын» (9 сынып)

Юсупова Кунсулу Утемуратовна

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Жалпы орта білім беретін №17 мектеп-гимназия

Сабақ: №

(ІII тоқсан)

Мектеп:
Күні: …. Мұғалімнің аты-жөні: Юсупова К.У.
Сынып: 9 Т2 Катысқандар: Қатыспағандар:
Бөлім: 2-бөлім Болашақ энергия көздері
Сабақ тақырыбы: Медеу Сәрсеке «Жетінші толқын»
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 9.2.1.1 берілген тақырыпқа сай  сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрау;
Сабақ мақсаттары: берілген тақырыпқа сай  сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрау;
Бағалау критерийлері: берілген тақырыпқа сай  сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрайды;
Тілдік мақсаттар толқын, электр қуаты, жарық, сәуле т.б.
Пәнаралық байланыстар Оқушылар сабақ барысында физика пәнінен алған білімдерін пайдаланады
Құндылықтарды дарыту НЗМ құндылығы:

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

Ынтымақтастық;

Жауапты азаматтық позиция;

Өмір бойы білім алу;

Құндылықтарға құрмет

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жұптаса,  топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу  дағдылары негізінде  жүзеге асады.

Дифференциация Барлық оқушылар: берілген тақырыпқа сай  сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрайды;

Оқушылардың көпшілігі: берілген тақырыпқа сай  сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрайды және мысал келтіреді

Кейбір оқушылар: берілген тақырыпқа сай  сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрайды, мысал келтіреді және өз пікірін білдіреді

Дереккөздер:  
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекет  

Дереккөздер

 

Сабақтың басы

5 мин

І. Сәлемдесу.

ІІ. Оқушыларды түгелдеу.

ІІІ. Психологиялық ахуал орнату.

«Менің алтын балығым»

Мұғалім оқушыларға «егер алтын балықтарың болса, не тілер едіңдер?» деген сұрақ қояды. Мұғалім өз тілегін де айта алады.

Оқушылар алтын балықты ұстап тұрып, өздерінің ең қымбат бір арман-тілегін айтады.

 

Үй жұмысын сұрау.

Сабақтың ортасы

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

Айтылым алды тапсырма:

Бейнебаянды тыңдап болғаннан соң төменде берілген сұрақтарға жауап береді.

 

•      Шығарма не туралы?

•      Автордың негізгі мақсаты неде?

•      Шығарманың негізгі идеясы

•      Қазақ әдебиетінде фантастика жанры қаншалықты дамыған деп ойлайсыз?

•      Фантастика жанрына қалам тербеу неліктен қиынға түседі?

 

ЖЖ. Айтылым тапсырмасы:

Тапсырма: оқушылар жұпқа бөлінеді, алынған тақырып бойынша айтылымға дайындалады.

А) тақырыпты таңдайды;

В) мақсатты аудитория таңдайды;

Тақырыптар:

Ғылым мен техниканың дамуы – адамзаттың дамуы

Озық технология ұшқыр ойлауға жетелейді, әлде керісіншеме?

Ғылыми-техникалық революцияның пайдасы мен зияны

Аудитория (студенттер, мектеп оқушылары, ата-аналар жиналысы,  мектеп ұжымы, ата-әжелер …)

 

Бағалау критерийі Дескриптор
Берілген тақырыпқа сай  сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрайды Мақсатты аудиторияға ауызша мәтін құра алады
Тақырыпты аша алады
Өз ойын сенімді жеткізе алады

Айтылымнан кейінгі тапсырма:

 

«Мен ғалым болсам, қандай жаңалық ашар едім?…»

 

ПОПС формуласы арқылы өз пікірін білдіру:

Қалыптастырушы бағалау

Стикер арқылы бағаланады

(Бейнебаян 08:05-11:22 мин аралығында көрсетіледі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Қызық

Құнды

Қиын

Үйге тапсырма беру.

 

 

Материалдарды толық жүктеу