Қысқа мерзімді сабақ жоспары «Өнерлі бала сүйкімді» (5 сынып)

Доштиярова Набат Қонақбайқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Жалпы орта білім беретін №17 мектеп-гимназия

6-бөлім: Өнерпаз болсаң, арқалан Мектеп: 17. Ақтөбе қ.
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Доштиярова Н.Қ.
Сынып: 5 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Өнерлі бала сүйкімді.
Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 5.1.1.1 тыңдаған материал бойынша  негізгі тұстарын түртіп алу және солардың негізінде қорытынды жасау

5.2.1.2 мәтінді іштей көз жүгіртіп/шолып/ түртіп алып/ сұрақтар қоя отырып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып оқу/ талдау жасап оқу/ сын тұрғысынан бағалап оқу

5.3.7.1 стилистикалық қателерді мұғалімінің қолдауымен анықтап түзету; өз бетінше пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес жазба жұмысын редакциялау

Сабақ мақсаттары Тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарды түртіп алу,өз ойын білдіру, қорытынды жасау

Мәтінді іштей көз жүгіртіп/шолып/ түртіп алып/ сұрақтар қоя отырып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып оқу/ талдау жасап оқу/ сын тұрғысынан бағалап оқу

Стилистикалық қателерді мұғалімінің қолдауымен анықтап түзету; өз бетінше пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес жазба жұмысын редакциялау

Бағалау критерийі Мәтіннің негізгі тұстарын түртіп алып, қорытынды жасайды

Мәтінді іштей көз жүгіртіп/шолып/ түртіп алып/ сұрақтар қоя отырып/ қажетті ақпаратты табады

Стилистикалық қателерді мұғалімінің қолдауымен анықтап түзетеді; өз бетінше пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес жазба жұмысын редакциялайды

Құндылықтарды дарыту Өмір бойы білім алу
Пәнаралық байланыс дүниетану,музыка
АКТ қолдану дағдылары Презентация,аудио
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дерек

көздер

Сабақтың басы

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

10  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

(Ұ) Әуен тыңдату

– -Балалар,тыңдаған әуен жайлы не айта аласыңдар?

/ /Балалардың жауаптарын тыңдау/

-Олай болса,Абай атамыз туралы не білеміз ?

-Сынып қабырғаларында Абай Құнанбаев туралы сұрақтарға жауап береміз.

1. Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келді?

2. Абайдың туып-өскен жері?

3. Абайдың шың  есімі кім?

4. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

5. Абай кімнің тәрбиесінде болды?

6. Қанша қара сөзі бар?

7.Абайдың ата-анасы туралы не айта аласыңдар?

 

-Ендеше,біз бүгін сабақта кім туралы сөйлесеміз?

/Балалардың жауаптарын тыңдау/

-Абай Құнанбайұлы туралы әңгімелесеміз,оның шығырмашылығы туралы айтамыз, ойымызбен бөлісеміз.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Бағалау критерийлерін құру.

 

Т/А Мақсаты: тыңдаған материал бойынша  негізгі тұстарын түртіп алу және солардың негізінде қорытынды жасау

-Балалар,қазір мен өлеңді оқимын,сендер мұқият тыңдайсыңдар.Содан кейін дәптерлеріне өлеңнен адам бойындағы қасиеттерді жазасыңдар

(Ұ) Өлеңді тыңдау./Мұғалім оқиды/

 

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де – бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз
Біте қалса қазаққа,
Алдың – жалын, артың – мұз,
Барар едің қай жаққа?
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйге алма
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.

Бағалау критерийі: Өлеңді тыңдайды.Өлеңнен адам бойындағы қасиеттерді дәптерлеріне  жазып алады.

Дескриптор:

1.Өлеңді тыңдайды.

2.Адам бойындағы қасиеттерді дәптерлеріне  жазады

 

(Ж)Жұппен бір-біріне жазған сөздерді оқиды.Тақтадан дұрыс нұсқасымен тексереді.Қателер болса,түзетеді.

Топта осы қасиеттер туралы әңгімелесіп, талқылау жүргізуді ұсыну.

Талқылауға енетін сұрақтар:

-Әсемпаз дегенді қалай түсінесіздер?

-Өнерпаз дегенді қалай түсінесіздер?

/Топтар бір-бірін тыңдап,толықтырады/

 

Оқылым.

Мақсаты:өлеңді түсініп оқу,негізгі ақпаратты түртіп алу,сұрақтар қою.

(Ұ,Т) Өлеңмен  жұмыс.

-Балалар,өлеңнің мазмұнын түсініп оқисыңдар,қарамен берілген сөздерге назар аударасыңдар.

-Қажетті ақпаратты түртіп аласыңдар

-Осы өлеңнің мағынасын қаншалықты түсінгендеріңді не арқылы анықтауға болады?

/жауаптарын тыңдау/

 

Сөздік жұмыс.

Шапқат (шапағат) – мейірім, жәрдем, көмек.

Ез (езбе) – мезі етуші, мыжыма.

 

/Сұрақтардың түрлерін қайталап өту/

(Т)  Оқушылар бір-біріне өлеңінің мазмұнын қаншалықты түсінгендерін сұрақтар арқылы көрсетеді

1топ-қарапайым және нақтылау сұрақтары

2топ- тәжірибелік,интерпретациялық (түсініктеме) сұрақтары

3топ-шығармашылық сұрақтар

4топ-бағалаушы сұрақтар

 

Дескриптор:

1топ-қарапайым және нақтылау сұрақтарын құрастырады

2топ- тәжірибелік, (түсініктеме) сұрақтарын құрастырады

3топ-шығармашылық сұрақтарын құрастырады

4топ-бағалаушы сұрақтарын құрастырады

 

Жазылым алды жұмыс (Т)

Мақсаты: стилистикалық қателерді мұғалімінің қолдауымен анықтап түзету; өз бетінше пунктуациялық, орфографиялық қателерді түзету

-Балалар,алдарындағы мәтінде өлеңнің мазмұны берілген әр топ өз тапсырмасын орындайды

1 топ – Қажетті тұстарға тыныс белгілерін қойыңдар

2 топ- Мәтіндегі жұлдызшаның орнына қажетті тірек сөздерді қолданыңдар,мәтіннің мазмұнын оқыңдар

3топ – Берілген жазба жұмысты өлеңнің мазмұнымен салыстырыңдар, қателері болса түзету енгізіңдер

4 топ –Нүктелердің  орнына тиісті сөздерді қойыңдар

Бұл өлеңінде ****өнерге, білімге, биік адамгершілік ******  баулиды. Адам баласына *****пен ****, әділет пен мейірім қатар керек қасиеттер екенін жырына арқау етеді. Әділет пен *****болмаса, адам баласы алды -****, арты – ****болып қайда барарын білмейді. **** іздеп, мақтанға салынбау керектігін, өзімде бар деп біреуден артық  болудан, ******* қасиеттен аулақ жүру туралы ой айтады.

Бұл өлеңінде ақын өнерге, білімге, биік адамгершілік қасиеттерге  баулиды. Адам баласына қайрат пен ақыл, әділет пен мейірім қатар керек қасиеттер екенін жырына арқау етеді. Әділет пен мейірім болмаса, адам баласы алды-жалын, арты – мұз болып қайда барарын білмейді. Пайда іздеп, мақтанға салынбау керектігін, өзімде бар деп біреуден артық  болудан, қызғаншақтық қасиеттен аулақ жүру туралы ой айтады.

Дескриптор:

1 топ – Қажетті тұстарға тыныс белгілерін қояды

2 топ- Мәтіндегі жұлдызшаның орнына қажетті тірек сөздерді қолданады,мәтіннің мазмұнын оқиды

3топ – Берілген жазба жұмысты өлеңнің мазмұнымен салыстырады, қателері болса түзету енгізеді

4 топ –Нүктелердің  орнына тиісті сөздерді қояды

 

-Сонымен,балалар адам  бойында қандай құндылықтар болу керек?

-Адамға өнер қалай келеді екен?

-Сендердің бойларында қандай өнерлерін бар?Өмірде де кімді мысалға келтірер едіңдер?

Өнерлі адам болудың маршрутын сызып көріңдер. Баспалдақтар санын көбейтуге болады.

Кері байланыс

 

Қағаз,

қалам

 

 

 

презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма. 1. Өлеңді жаттау  
Сабақтың соңы

5 минут

 

 

 

 

Рефлексия

«Әдепті бала қандай болу керек деп ойлайсың?» деген тақырып боцынша балалар өз ойларын 3-4 сөйлеммен жеткізеді.

 

слайд
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?  Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?