Мәтінмен жұмыс түрлері
Бисеналиева Гульзада Шаймардановна
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, Рудный қаласы №13 мектеп
Жас маманға көмек
Оқу түрлеріне байланысты мәтінмен жұмыс істеудің кезеңдеріне арналған жаттығулар.
Бірінші кезеңде, яғни мәтінді оқымас бұрын орындалатын жаттығуларды барлық оқу түрлеріне (таныса оқу, зерттей оқу, қарап шығу, іздестіре оқу) үйретуде қолдануға болады.
- Мәтіннің тақырыбына немесе берілген суретке , иллюстрацияға, схема сүйеніп, онда (мәтінде) кім немесе не туралы әңгіме баяндалатынын болжап біліңіздер.
- Берілген тақырыптан немесе суретпен берілген мәтіннен жаңа не күтетіңдеріңізді, не қызықтыра түсетінін жазыңыздар.
- Мәтіннің тақырыбын оқып шығып, оны оймен байланыстырыңыздар. (2топ) 1-ші топтың оқушыларды тақырыпты сурет арқылы оймен байланыстырып көрсетіңіздер, ал 2-ші топ мүшелері тақырыпты сөздер, сөз тіркестері, айтылымдар арқылы оймен байланыстырып көрсетіңіздер.
- Мәтіннің тақырыбын оқып шығып, онда кім немесе не туралы мәселе қозғалатынын болжап біліңіздер. Қозғалатын мәселені өз ана тілдерінде және бірінші шетел тілін оқуда ақпараттпен салыстырыңыздар.
- Мәтіндегі таныс сөздердің, сонымен бірге мағынасын оңай түсінуге болатын сөздердің астын сызыңыздар және оларға сүйене отырып, мәтін мазмұнын болжап біліңіздер.
- Мәтіннің алғашқы сөйлемін оқып шығып, онда кім немесе не туралы әңгіме қозғалатының болжап біліңіздер.
- Мәтіннің әр абзацының (бастапқы, ортаңғы, соңғы) алғашқы сөйлемдерін оқып шығып, онда не туралы әңгіме болатынын болжап біліңіздер.
- Мәтінді оқымас бұрын, сол ел туралы білетіндеріңізді еске түсіріп, кішігірім қабырға газетін жасаңыздар.
Мәтінмен жұмыс істеудің екінші кезеңіне арналған жаттығулар:
- Жеке детальдерге көңіл аудармай, мәтінді оқып шығып, берілген сөйлемдердің ішінен оның мазмұнына сәйкес келетіндерін белгілеңіздер.
- Келесі сөйлемдердің қайсысы негізгі ақпарат болып есептеледі?
- Мәтіннің тақырыбын оқып шығып,ондағы негізгі қағидаларды, таяныш фактілерді табыңыздар.
- Мәтіндегі оқиғаның дамуына сәйкес келесі сөйлемдерді реттеңіздер және т.б.
Таныса оқып үйретуге арналған мәтінмен жұмыстың үшінші кезеңіне арналған жаттығулар:
- Оқылған мәтіндердің мазмұнын бір-біріне (жұптық жұмыс) кестесі немесе сызбаны пайдаланып әңгімелеп беріңіздер.
- Берілген айтылымдардың қайсысымен келісесіз.
- Мәтінге деген өз ойыңызды дәлелдеңіз.
- Осы мәселеге қатысты өзге қағидаларыңызды көрсетіңіз.
- Мәтіннің тақырыбын оқып шығып,қандай әсер алғандарыңызды айтып,өз ойларымен бөлісіп рефлексия жасаңыз.