Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру

Карамбаева Айдана Нурлановна

Музыкальный руководитель

Павлодар қаласы МҚКҚ № 121 сәбилер бақшасы

Музыкалық тәрбие үғымы қоғамдық қүбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасы дегеніміз ол музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірибені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі үрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ал түрлі деңгейде музыкалық тәрбие беру мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекетті білдіретін ол тар мағына болып саналады. Музыка өнері жеке түлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады.

Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орын, эсер – ықпалын, қоғам мэдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан элеуметтік, музыкалық – педагогикалық тэжірибені ой елегінен өткізіп, даму кезеңдерін қалыптастыруға тікелей байланысты [1].

Жан-жақты дамыған азамат тэрбиелеуде эстетикалық тэрбиенің басты саласының бірі – музыка мен эн. Музыка адамның жан дүниесін тебіренте отырып, оның өмірге деген көзқарасын, эдет, мінез-қүлқын қоғам мүддесіне сэйкес қалыптастыруға, эдемілік заңымен өмір сүруге тэрбиелейді. Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тэрбие – талғамдық, эстетикалық тэрбие беру ісінің негізгі саласы болып табылады. Эстетикалық тэрбиелеу мэселелерін мектепке дейінгі жастағы балаларға Құлжанова H., Меңжанова K., Меңдаяқова Қ.М., Левченко Т.А., Жұмабекова Ф.Н. жэне т.б. зерттеген. Мектепке дейінгі балалар білім берудің барлық деңгейлерінде жалпы өмірде табысты болып келетіндіктен, білімді тез қабылдап, мектепке дейінгі ұйымдағы оқыту мен тэрбиелеу үдерісі оларды алғашқы біліммен қаруландырып, қоғам талабына сай тұлғаны қалыптастырудағы алғашқы негіз болады. Сонымен басты мақсат – біртіндеп түрлі музыкалық іс-шараларды меңгерту арқылы баланың бойындағы түрлі табиғи талабын дамыту.

Өнер түрлерінің эрқайсысы адамға эсер етудің спецификалық құралдарына ие. Бала өмірінің ең басында эсер ету мүмкіндігіне ие музыка болып саналады. Ең бір бай эрі эсерлі эстетикалық тэрбие құралы, оның аса үлкен эмоциялық эсері бар, адамның сезімін тэрбиелейді, талғамын қалыптастыратын ол музыка

Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер музыкалық қабілеттерінің дамуы, музыка мэдениеті негізінің қалыптасуы екенін айтады – содықтан, музыкалық тэрбиені мектепке дейінгі жастан бастау керек. Балалық шақта музыкалық эсердің тақыр- таза болуының кейін орнын толтыру өте киын [2].

Музыка табиғи ырғақты сөзбен пара-пар. Сондықтан сөйлеу үшін сөздік орта қажеттілігі сияқты, музыканы жақсы көруі үшін балада түрлі дэуірлер мен стильдердегі музыкалық шығармаларды қабылдай білу тәжірибесі болуы тиіс, оның ырғағына үйренуі, яғни көңіл күйін тани білуі тиіс. Әлеуметтік оқшауланушылыққа ұшырған баланың ақыл-ой дамуында кедергі болады, ол өзін тәрбиелегендердің тілі мен дағдыларын меңгереді, солармен ғана қарым-қатынас жасайды. Және ол балалық кезінде қандай дыбыстық ақпаратты бойына сіңірсе, оның болашақ саналы сөйлеу және музыкалық ырғақтылығында тірек етер музыкалық тілі және ақындық та осы болады. Сондықтан да жасынан бесік жырын тындап өскен, ертегі тыңдап, ойын-күлкі арасында өскен бала көпшілік бақылауға қарағанда, санамақ айтып, неғұрылым шығармашылықты, музыкалық дамыған болатындығы осыдан кейін түсінікті болады. Музыкалық даму жалпы дамуға ештеңемен алмастыра алмайтындай әсерін тигізеді: адамның эмоциялық аймағы қалыптасады, ойлауы жетіледі, өнердегі және өмірдегі сұлулыққа сергектігі тәрбиеленеді.

Музыка мектепалды баласының өмірінде педагог әрекетінің белсенді ұйымдастырушылығы арқасында қолданыс табуы тиіс. Көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы жұмысының түйісуіне байланысты болады. Музыкалық жетекші тәрбиешілер мен бірігіп әрекеттестігінде балалардың музыкалық дамуы бойынша жұмысты бірлескен жоспарлау олардың ұғымдары мен әрекеттерінің жалпы мағынасын қалыптастыруларын салыстыруға бағытталған инициатива алмасу қажет.

Балабақша өмірінің барлық жағына белсене қатыса жүріп, музыка жетекшісі ата-аналар арасында музыкалық – эстетикалық білімді белсене насихаттау тиіс. Erep ата-аналар музыкалық тәрбиенің маңыздылығын түсінетін болса, олар балаларын отбасында, музыка үйірмелерінде, балалармен бірге концерттерге, музыкалық спектакілдерге барады, жан- жақты музыкалық әсерлермен байиды, олардың музыкалық тәжірибесі кеңейді.

Музыкалық тәрбие бойынша жүмыс істейтін педагогтер жұмысының басты жетістігі барлығын бірыңғай шығармашылық командаға біріктірігіп, жұмыс жасау білігін жүзеге асыру болып табылады.

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың музыкаға қызығушылығын арттыру үшін тәрбиеші өзінің алдына белгілі мақсат қоюы тиіс. Ал осы музыка сабағындағы қойылған нақты мақсат белгілібір музыкалық тәрбиенің міндеттерін жүзеге асыруды көздейді [3].

Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының музыкаға қызыгушылығын дамытудағы ең бірінші міндет ол музыкалық іс-әрекеттер арқылы баланың сезімін (эмоциясын) ояту. Өйткені балалардың сабақ үстіндегі іс-әрекетінде эмоция өзіндік бағыттаушы және реттеуші рөл атқарады. Ол:

  1. музыкалық шығармалардың мазмұнын балалармен бірге талдау;

ә) музыкалық-дидактикалық ойындар ұйымдастыру;

  1. тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай білу;
  2. балалардың жас ерекшеліктері мен музыкалық даму ерекшелігін ескеру. Екінші міндет – белгілі бір шығарманы саналы түсініп қабылдауға баулу.

Ол үшін мынадай жұмыстар атқарылуы тиіс:

  1. музыканың көркемдік құралдарының (екпін, ырғақ, әуен, дыбыс бояуы, дыбыс биіктігі т.б.) музыкалық шығарма мазмүнын жасаудағы ерекшеліктерін түсіндіру;

ә) әр – түрлі көрнекі құралдарды пайдалану;

  1. ырғақтық қимылдар жасау (нота биіктігін көрсету, ырғақты колмен шапалақтап көрсету, ойнауға жеңіл қарапайым ұлттық аспаптарды қолдану арқылы меңгертіледі).

Үшінші міндет — музыкалық шығарманы өз шама – шарқынша орындауға үйрету барысында орындаушылық дағдыларды меңгерту.

Бүл:

  1. шығарманы тыңдай отырып оны талдай білу дағдысын қалыптастыру;

ә) күйлерден шағын үзінділерге ұлттық аспаптарды қосып ойнауға үйрету;

  1. домбыра үйретуді нотасыз және сандық жүйе бойынша меңгерту.

Мектепке дейінгі балаларының жас ерекшелігі – олардың дамуымен, жаңа әлеуметтік жағдайлардың, құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым- қатынасының пайда болуымен, «балалар қоғамының» құрылуымен, басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы, өз «менін» және өз қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс- әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарына ерекше қызығуымен сипатталады.

Қазіргі музыка сабағы – мектепке дейінгі ұйымдағы музыкалық тәрбие жүмысын ұйымдастырудың негізгі формасы, музыка сабағында балалар педагогика ғылымының оған қойылатын соңғы талаптары бойынша мынадай іс- әрекеттермен айналысады: хормен ән айту, музыка тыңдау, музыкалық ырғақтық қимылдар, балалар аспабында ойнау, музыка сауаты, балалар шығармашылығы т.б.

Музыка – эстетикалық тәрбие беру қүралдарының бірі болып саналады. Өнердің басқа түрлері сияқты ол да өмірдегі әсемдікті, табиғат сүлулығын бағалауға және адамдар арасындағы қарым-қатынастарды түсініп, білуге үйретеді. Баланы жастайынан өнерге баулып, музыка әлемімен таныстыру, оны сезіндіріп ән айтқызып, күй тартқызудың мақсаты -халқымыздың асыл қазынасын, дәстүрлі ән-күйлерін бойларына сіңіре білу, олардың эстетикалық талғамын жан-жақты байытып, дамыту – бүгінгі таңда өте маңызды мәселеге айналып отыр.

Қазіргі оқу – тәрбие жұмысын жан – жақты дамыту мақсатындағы басты міндеттердің бірі бала тәрбиесіне қазақ халқының ғасырлар бойы үрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан әдет – ғұрпына, ұлттық дәстүріне байланысты әдебиет пен мәдениетке, түрмыс – салтына, өнерге үйрете отырып, баулу. Белгілі бір өнер иесіне арналған әсерлі әдеби – музыкалық кештер өткізу де бала санасында із қалдырады. Әдемілікке, жақсыға, үлкеннің маңызды да пайдалы ісін қайталауға, үқсап бағуға талпындырады. Әр сазгердің немесе әншінің шығармашылығындағы, репертуарындағы әндерді, шығармаларды тереңірек талдау арқылы бала тағы да музыканың эмоциялық әсерін, бейнелеу күшін түсініп, жақсы мен жаманды ажырата алуға үйренеді.

Сол сияқты баламен жеке жүмыс жасауда әр баланың бойындағы қабілетін тауып, дамытуға жол ашады. Ал, музыканы түсіне шығарма кейіпкерімен бірге жетіле, әсемдік пен әдемілікті сезіне өскен бала қоғамға тек пайдасын тигізетін, үлттық қазынаны бағалай білетін, саналы да білімді, отансүйгіш, тәрбиелі, адал азамат болып өсері сөзсіз.

Балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада музыканы тыңдау, оны есте сақтау, түсіну, ажырата білу, ән салу, би билеу, сазгерлерді, аспаптарды тану қабілеттері бірте – бірте қалыптасады. Ал, балабақшаға қамтылған баланың бойына қысқа мерзім ішінде аталған білім дағдыларын қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған аумақты да, жауапты ісі.

Музыка өнері жеке түлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Музыкалық тәрбие жүмысын үйымдастырудың түрлері ол ән сабағы, музыкалық шулы аспаптарда ойнау, баланың жеке музыкамен шүғылдануы, баланың күнделікті өмірдегі музыканың орны, мерекелік ертеңгіліктер [4].

Сондықтан музыкаға қалыпты қызығушылығын, әр түрлі музыкаға эмоциялық сезгіштігін дамыту керек. Би билеу және ән салу дағдыларына үйрету, музыкалық қабылдауын, таныс шығармаларды әуенінен тану және есте сақтауын дамыту, балалардың музыкалық танымын кеңейту, Сол себепті, музыканың қүдіретті күшін бала бойына дарыту, сіңіру мақсатында музыка, сазды әуен баланың күнделікті өмірінде орын алуы қажет. Музыкалық оқу іс – әрекетінің музыка тыңдау бөлімі бойынша ән, күй, халық әуендерін, басқа үлттық шығармаларды қолдана отырып, музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, ажырата білумен қатар, оның мазмүнын, көркемдік қасиетін түсіндіру қажет. Әнді музыкамен, музыкасыз жеке, көппен қосылып, орындау кезінде дауысын дамытуға, өлең сөзін дүрыс, анық айтуға, ырғақты қимылмен музыка үндестігін сезіне, денесін дүрыс үстап, әдемі қозғала білуіне ерекше мән беріледі. Музыканы басқа пәндермен байланыстыруда (тіл дамыту, сахналау, дене шынықтыру, бейнелеу т. б) баланың көңіл хошы, өз күші мен ептілігіне қызығушылығы арта түседі. Яғни, ән баламен ойын – сауықтарда, ертеңгіліктерде, ойындарда, билерде бірге жүреді. Бала ойнай жүріп, әнге деген қүштарлығы арта түседі. Музыкалық – дидактикалық ойындарды ойнау, балалардың музыкаға қызығушылығын арттырады және музыкалық іс – әрекет түрлерін тез, әрі дүрыс үйренуге көмектеседі.

Музыкалық оқу іс – әрекеттерінде музыкалық – дидактикалық ойындарды жүйелі түрде пайдалану – музыканы сипатына, көңіл – күйіне, динамикалық реңкіне қарай ажыратуды үйретеді. Балаларды әр түрлі музыкалық шараларға тек жеке өзін қатыстырмай, үлкендермен, ата – аналармен бірге қатыстырудың мәні зор. Бүл баланың өзіне – өзінің сенімін үштап, шығармашылығын шыңдайды. Музыкалық – ырғақты қимылдарды орындауда, би билеуде музыкалық аспаптарды қолдану музыканың ырғағын, динамикалық үнін, екпінін ажыратуға үйретіп, орындаушылық шеберліктерін шыңдайды.

Мерекелік ертеңгіліктердің, ойын – сауықтардың, сахналық қойылымдардың кезінде бала образдық бейнелерді дәл бере білуге, сахна мәдениетіне жауапкершілікке, көпшілікпен жұмыс істеуге үйренеді.

Сонымен музыка – адамның жан дүниесін тебіренте отырып, оның өмірге деген көзқарасын, әдет, мінез – қүлқын қоғам мүддесіне сәйкес қалыптатсыруға тәрбиелейді.

«Дені саудың – жаны сау» дегендей, тәні де, жаны да cay, рухани бай эстетикалық жағынан сезімтал азаматты тәрбиеленіп өсіру – ата-ана парызы, қоғамдық мекемелердің міндеті. Осы міндетті іске асыру балабақша мен мектепалды даярлық тобынан басталмақ. Музыка ең бір бай әрі әсерлі эстетикалық тәрбие қүрылы, оның аса үлкен эмоциялық әсері бар, адамның сезімін тәрбиелейді, талғамын қалыптастырады.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген. www. Govemmentkz.
  2. Э.Б. Абдулин. Е.В. Николаева Музыкалық білім берудің теориясы мен тәжірибесі – M., 2004,- 245 б.
  3. Р.К. Дүйсембинова Музыкалық білім беру педагогикасы. Талдыкорган. – 2006. – 213 б..
  4. Г.А. Праслова Мектепке дейінгі балаларға музыкалық білім берудің теориясы мен әдістемесі. Детство-пресс, 2005. – 129 б.