«Толағай» отбасылық сайысы

Қостанай облысы Рудный қаласы №13 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Бақытбек Іңкәр Бақытбекқызы

«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Осыған орай  Рудный қаласы” №13 орта мектебінің 3 “ә” сынып оқушылар” арасында “Толағай” отбасылық  сайысы өтті. Республикамызда  отбасы апталығы  6-14 қыркүйек аралығында аталып өтуіне,  сонымен қоса біздің Республикамызда аталмыш акция “Назар аудар – балақай” жолда жүру қауіпсіздік ережесіне байланысты спорттық сайыс өткіздім.

 Мақсатым: балалардың денсаулығын жетілдіру, спорттық ойынға деген қызығушылығын ояту. Ойлау қабілетін дамыту, үш тілде сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Отбасымен сынып арасындағы қарым-қатынасты нығайту болды .Мен мақсатыма толықтай жеттім себебі отбасылық сайыс өте қызықты өтті. Ата-аналар шапшаң қимылдап, әр топ орын алуға тырысты.

Сайысымның әділ  қазылары:

  1. Дарынды балалармен жұмыс атқару жөніндегі  директордын меңгерушісі  Айдарова Дарига Лепесбаевна.
  2. Педагог – психолог – Каримбаева Гульбану Кушербаевна.
  3. Бастауыш сынып мұгалімі -Утешова Нурсулу Аскаровна болды .

Сайыс 6 кезеңнен тұрады:

  1. «Белгілі жол» сайысы
  2. «Кім жүйрік» сайысы.
  3. «Менің үйім» сайысы
  4. «Кім жүйрік» сайысы.

5. “Зебра”  сайысы.

  1. «Пингвин» сайысы

Сайысқа қатысушы  үш топ «Алғырлар», «Білгірлер», «Қырандар»

«Белгілі жол» сайысында әр команда рульды қолға алып, кедергілер арқылы өтіп келесі адамға рульды береді. Бұл сайыста бейімдеу ретінде берілді . Әр топ белсенді ат салысып ойынды қызықты өткізді

 «Кім жүйрік» сайысы. Шарты: Секіртпемен секіріп барып, математикалық есептің жауабын  шешіп, қайтып жүгіріп келеді. Сайыста тек спорттық ойынға көңіл бөлмей ,білімін де тексердім . Балаларға сайыстардан ұнағаны да осы бөлімі болды. Әр топ жарыса отыра бір-бірінің есебін тексерді .

“Менің үйім” сайысы Шарты:  допты жүгізіп  барып белгіленген  қағазға үйдің суретін салу болды . Сайысым тек дене шынықтыру сабағы мен ғана емес ,бейнелеу сабағамен де аралас болды. Сайыста топтардың ұйымшылдығын тексердім .Сайыста «Алғыр тобы » жеңіспен оралды .

«Кім тапқыр» сайысы .Шарты: Бұл сайыста жұмбақтар жасырылып, оның жауабын үш тілде айту керек. Балаладың сауаттылығы мен қоса,  орыс және ағалшын тіліндегі білімін тексеріп жұмбақ арқылы ойлау қабілетін дамыттым.

Зебра» сайысы.Шарты: әр топқа екі ақ қағаздан берілді. Берілген қағаздан зебра құрастырдық. Қағаздың үстімен ғана жүруге болады. Команда зебра құрып болған соң барлығы зебра арқылы өтіп, кегляны айналып кері қайтты .Ата –аналар белсене атсалысты .

«Пингвин» сайысы Шарты:  Допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп мәре сызығына дейін барады,  келерде допты қолға алып  жүгіріп келді.

Қорытындылай келе оқушыларым өз жылдамдығымен де , білімі мен де  көрерменді тәнті етті. Сайыста 1 орынға ие болған “Алғырлар” тобын марапаттап сыйлығымызды бердік.

Тәрбиешінің нағыз данышпандығы – әкенің, шешенің, педагогтың – балаға бақыт беруі. Балалық шақтың бақыты – жылылық пен қорек беретін отбасының тыныштығы. Отбасымыз аман , бауырымыз бүтін болсын. Балаларға саналы білім мен қоса , жақсы тәрбие көрсетейік.