Жалпы спорт

Мадияров М.К.

оқытушы, ҚарМТУ, Қарағанды қ.

Уралова К.А.

студент, ҚарМТУ, Қарағанды қ.

Спорт (фр. desport — бекершілік (leisure)) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.

Cпорт сөзінің арғы төркіні Көне Француз тілінен басталады, desport – көңіл ашу дегенді білдіреді екен. Ағылшын тіліне бұл сөз 1300 жылдары еніпті,кейін басқа тілдерге таралып, 19ғ. соңына таман қазақ тілінде қолданысқа ене бастапты.

Оның басқа мағынасы ұтысу, аулау, ойын, көңіл ашу, шынығу деген мағыналарды береді.Рогеттің анықтамасы бойынша, зат есім күйіндегі спорт сөзі “босау мен көңіл ашу үшін жасалатын әрекет” дегенді білдіреді.

Крокет

Спорт тарихы

Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады.

Баскетбол

Бүгінгі күнге белгілі үңгірөнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық  ритуалдық көріністері бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді түрде қазіргі мағынадағы спортқа жатқызуға болмағаны мен сол кездің өзінде спортқа жақын әрекеттердің орыналғаны хақында байлам жасауға болады. Франция, Африка, және Аустралияда орналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000 жыл бұрын жасалғанын айта кеткен жөн.

Қытай жерінде біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құралыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты-мыс. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әртүрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды.

Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері — күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т.б. жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталған Олимпиада ойындары өтіп тұрған.

Осы күндері адамзаттың даму деңгейіне сәйкес, әсіресе БАҚ пен жаhандық байланыс жүйелерінің пайда болуымен спортпен шұғылдануға көпшіліктің мүмкіндігі өсуде. Спорт кәсіпқой спортқа айналып одан әрі адамзатты қызықтыруда.

Спорт түрлері 2түрге бөлінеді.Олар:жазғы және қысқы.

Жазғы спорт түрлері:   Академиялық есу, бадминтон, баскетбол, бокс, күрес велоспорт, су добы, волейбол, қолдобы, спорттық гимнастика, көркем гимнастика,гимнастика Дзюдо, ат спорты, жеңіл атлетика, үстел үсті теннисі, желкенді спорт, жүзу, суға секіру, синхронды жүзу, нысана көздеу, садақтан ату, стендтік ату, теннис, триатлон, тхэквондо, ауыр, атлетика, семсерлесу, футбол, көгалдағы хоккей  және т.б.

Қысқы спорт түрлері: биатлон, трамплиннен секіру, бобслей, скелетон, конькимен  жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, допты хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, таушаңғысы, фристайл, шорт-трек  және  т.б.

Қазіргі  таңда  спортпен  ауру жандар(мүгедек) да айналысады. Олар көбінде шашки, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі  және  т.б.

Спорттың көптеген түрлері бар.Қазіргі таңда көп ойындар көп  ойналмайды,олар: асық, арқантарыс, алтыбақан, қызқуу, көкпаржәнет  т.б.

Ауылды жерлерде кеңнен етек жайған ойын  түрлері: көкпар және  асық ату.

Қазігі таңда кеңінен тараған спорт түрі футболдан көптеген командалар бар. Солардың бірі енді ғана  бой көтеріп келе жатқан «Б.Нұрлыбеков» командасы. Осы команданың капитанынан кішігірім сұқпат:
Мен Ермахан Назерке 2002 жылғымын. Түркістан облысы, Ордабасыауданы, Шұбарсу ауылы, «Б.Нұрлыбеков» оқушысымын. Мен қызығатын спорт түрі бұл-футбол. Мен футболды кішкентайымнан көшеде балдармен ойнап, кейіннен өсе келе 9-сынып оқып жүргенімде мектепте қыздар футбол командасы ашылды. Алғашында мектепте ағайлардың, оқушылардың көзіне жақсы ойыныммен танылдым. Кейіннен біз жақсы ойнайтын қыздарды жинап команда құрдық. Біздің жаттықтырушымыз Амирханов Бекзат ағай болатын. Ол бізді өте қатты дайындады, бізге сенді, біздің болашақта мықты футболиска қыз болатынымызға сенді. Мен 14 жасымда командамыздың капитаны болып сайдандым. Біздің командамыздың аты “Б.Нұрлыбеков” қыздар командасы. Біздің былай қойған себебіміз біз жетістіктерге осы мектептің атынан жеткендіктен осы мақсатта мектептің атын қойдық. Біздің алғашқы жарысымыз өзіміздің мектепте 9 команданың қатысуымен өтті. Біз бұл жарыста бірінші орын алдық. Бізге бірінші орын алу оңайға  соқпады. Қарсыластарымыз өте мықты дайындалған. Бірінші ойынымызды Шұбар командасымен ойнадық  және ол ойында 2-0 есебімен ұттық. Алғашқы голды командаласым Нарбаева Қазына салып, артынша екінші голды өзім салдым. Сол екі голдан кейін қорғанысты мықтап ұстап, сенімді түрде жеңіске жеттік. Бұл ойында ең қауіпті қарсылас «Ынтымақ» командасы болды. Алайда сонша дайындықтың арқасында « Ынтымақ» командасын жеңіп, бірінші орын алып алғашқы жеңісімізге қолымыз жетті. Қуанышымызда шек болмады. Жан-жақты ұстаздар, оқушылар құттықтап жатты. Кейіннен аудандық жарысымыз Қажымұқан стадионында 12 команданың қатысуымен өтті. Бұл ойында да топ жарып бірінші орынды иелендік. Келесі облыстық ойынды Түлкібас жерінде «Б.Момышұлы» мектебінде өткіздік. Ол ойында екінші орын алдық. Әрине бірінші орын болмаса да 2-орын біз үшін қуаныш еді. 18 команданың ішінен 2-орын алу бұл оңай іс емес еді. Және бұл біздің алғашқы жеңілісіміз еді. Бізге мықты қарсылас бұл Сайрам командасы болды.

Менің қазір бұл спортты ойнап жүргеніме 2 жыл болды. Осы уақыт аралығында 12 медальім бар. Мен оңжақшабуылдаойнаймын. Біздің команда да 15 қыз бар. Осы жылы жазда біз облысты ұтып Респубоикалық жарысқа өттік. Және ол жарыс Семей қаласында өтті. Ол жарысқа 12 қыз қатысты. Семейде шамамен 15 күнжүрдік. Семей өте әдемі қала екен, ауа-райы тамаша. Самал жел… Бұл жарысқа Қазақстанның түпкір-түпкірінен көптеген командалар келді. Ойын әділетті өтті. Біріншіорынды Тараз алас, екінші орынды Түркістан, үшінші орынды Алматы алды. Өткен ойында жаңа достапсақ, бір жағынан екінші орын алғанымызға қуандық. Сол жерде марапаттау сәтіде келіп жетті. Біз әлі алда талай жетістікке жетеміз деп ойлаймын.